Қаржы кафедрасы жорабаева Ж. К. Кукиев А. Ж. "САҚтандыру ұйымдары" ПӘні бойынша алматы, 2016 ж. МазмұНЫ


Сақтандыру ұйымдарына қолданылатын санкциялар мен ықпал ету шаралары



бет29/35
Дата08.12.2022
өлшемі0,59 Mb.
#55862
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   35
Байланысты:
annotation68524

10.2 Сақтандыру ұйымдарына қолданылатын санкциялар мен ықпал ету шаралары

Сақтандыру ұйымының төлем қабілеттілігі мен қаржылық тұрақтылығын бақылау және қадағалау Уәкілетті орган белгілеген пруденциалдық нормативтерінің және сақталуға тиісті өзге де нормалар мен лимиттердің сақталуын бақылау мен қадағалау арқылы жүргізеді.


Сақтандыру ұйымына арналған пруденциалдық нормативтер:
1. Жарғылық капиталдың ең төменгі мөлшері
2. Төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілігі
3. Өтімділігі жоғары активтердің жеткіліктілігі
4. Активтерді әртараптандыру
Уәкілетті орган белгілеген пруденциалдық нормативтерінің және сақталуға тиісті өзге де нормалар мен лимиттерді бұзғаны үшін сақтандыру ұйымының лауазымды тұлғаларын жауапкершілікке тарту жөнінде шаралар қолданады.
Төлем қабілеттілігі маржаларының жеткіліктілік нормасын бұзған жағдайда Уәкілетті Органға қайта капиталдандыру жоспарын жіберу тиіс.
Бұзушылықтарды жою жөнінде іс-шаралар толық сипаттамасы мен мерзімдері бар жоспарын Төлем қабілеттілігі маржаларының жеткіліктілік нормативін бұзған күннен бастап 1 ай ішінде берілуі тиіс.
Сақтандыру ұйымына мынадай іс-әрекет етуге тыйым салынады:

    • Акциялардын басқа, бағалы қағаздың өзге түрлерін шығаруға;

    • Банктерден меншікті капиталдың мөлшерінен асатын көлемде қарыз алуға;

    • Өтеусіз негізде қаржылық көмек көрсетуге;

    • Кез-келген тәсілдермен қарыз беруге;

    • Туынды бағалы қағаздармен жасалатын операцияларға;

    • Коммерциялық емес ұйымдарды құруға және олардың қызметіне қатысуға;

Сақтандырушының заңды мүдделерін қорғау, қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету, олардың қаржылық жағдайының нашарлауын және сақтандыру қызметіне байланысты тәуекелдерді болдырмау мақсатында уәкілетті орган алдын ала ертерек ден қою шараларын қолданады.
Сақтандыру ұйымының қаржылық жағдайының нашарлауына әсер ететін факторларды анықтау үшін талдау жұмыстарын жүргізеді.
Сақтандыру ұйымы және олардың акционерлері 5 жұмыс күнінен аспайтын мерзім де, ертерек ден қою шараларының әрбір тармағы бойынша атқаратын мерзімдері мен жауапты лауазымды көрсете отырып, іс-шаралар жоспарын әзірлеуге және уәкілетті органға табыс етуге міндетті.
Сақтандыру ұйымдарының ден қою шаралары:

  • Сақтандыру ұйымының ұйымдық құрылымының штат санын өзгерту;

  • Дивидендтерді есептеуді немесе төлеуді тоқтату;

  • Басшы қызметін лауазымынан шектету;

  • Төлем қабілеттілігі маржасын тиісті деңгейіне жеткізу;

  • Әкімшілік шығыстарды, сақтандыру делдалдарына комиссияларының сыйақыларын төмендету;

  • Сақтандыру және қайта сақтандыру шарты бойынша міндеттер қабылдауды шектеу;

Уәкілетті орган сақтандыру ұйымының пруденциалды нормативтерді және нормалар мен лимиттерді бұзған, ҚР-ның заңнамасының бұзылғанын анықтаған СҰ-ның лауазымды тұлғалары мен қызметкерлерінің заңсыз іс-әрекеттерін анықтаған, сондай-ақ заңда көзделген өзге де талаптарын орындамаған жағдайда Уәкілетті орган сақтандыру ұйымына мынадай ықпал ету шараларын қолдануға құқылы:

  1. Міндеттеме-хат;

  2. Жазбаша нұсқама;

  3. Жазбаша ескерту;

  4. Жазбаша келісім;

Міндеттем-хат орын алған жағдайда ҚР-ның заңнамасын бұзғанын мойындау фактісін, сондай-ақ, сақтандыру ұйымы басшылығының анықтал-ған ҚР заңнамасының бұдан әрі жол бермеу жөніндегі кепілдігін қамтуға тиіс.
Жазбаша нұсқама сақтандыру ұйымының анықталған ҚР заңнамасының бұзылуын, сондай-ақ шарттық міндеттемелерді, бұзушылықтарды қатаң белгіленген мерзімді жоюға бағытталған орындауға міндетті түзету, шара-ларын қолдану туралы және ҚР заңнамасының бұзылуын одан әрі болғыз-бау туралы нұсқауы.
Сақтандыру ұйымы жазбаша міндеттемеге сәйкес өзіне қабылдаған міндеттемелерді қатарынан 6 ай бұзған жағдайда жазбаша нұсқама шығара алады, СҰ жазбаша нұсқаманы алған, күннен бастап күнтізбелік 7 күн ішінде Уәкілетті органға жазбаша нұсқамада көрсетілген мерзім шеңберінде қаржылық сауықтыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын беруге міндетті.
Жоспарланған іс-шараларды орындау кезінде Сақтандыру ұйымының Уәкілетті органға іс-шаралар жоспарында айқындалған іс-шаралардың орындалуы туралы есеп береді.
Жазбаша ескерту сақтандыру ұйымына орын алған бұзушылықтар Уәкілетті орган белгіленген мерзімде жойылмаса, сондай-ақ, қабылдаған міндеттемелерді орындалған жағдайда санкцияларды қолдану мүмкіндігі туралы Уәкілетті органның хабарламасы болып табылады.
Жазбаша келісім – Уәкілетті орган мен сақтандыру ұйымы арасында айқындалған бұзушылықтарды және кемшіліктерді жою қажеттігі туралы және осы кемшіліктерді жою жөнінде 1-ші кезектегі шараларды бекіту туралы келісімі.
Уәкілетті орган сақтандыру ұйымына кез келген шектеулі ықпал ету шараларын қолдануға құқылы. Уәкілетті орган сақтандыру ұйымына мынадай санкцияларды қолдануға құқылы:

  1. Әкімшілік айыппұл салу;

  2. Лицензияның қолданылуын тоқтап тұру;

  3. Лицензиядан айыру;

  4. Сақтандыру ұйымының акцияларын оның акционерлерінен мәжбүрлеп сатып алу және жаңа инвесторға сату;

  5. Сақтандыру ұйымының басшы қызметкерлерінің лауазымына тағайын-далуға берілген келісімді кері қайтарып алу және қызметтік міндеттерін орындаудан шеттету.

Сақтандыру ұйымының лицензиясының қолданылуын мынадай негіздер бойынша 6 айға дейінгі мерзімге тоқтата тұруға құқығы бар:

  1. Ықпал ету шараларының талаптарын орындамаған жағдайда;

  2. Пруденциалдық нормативтердің және өзге де сақталуға міндетті нормалар мен лимиттерді сақтамағанда;

  3. Сақтандыру ұйымы белгіленген мерзім ішінде Уәкілетті Органға есептілікті табыс етпегенде;

  4. Сақтандыру ұйымын тексеруге байланысты Уәкілетті Органның талап еткен құжаттары мен ақпараттарын беруден бас тарту, басшы қызметкерлерін келісуге байланысты талаптарды бұзғанда;

  5. Лицензия беруге негіз болған құжаттарда жалған ақпарат беру фактісі анықталған жағдайда



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет