Қаржы кафедрасы жорабаева Ж. К. Кукиев А. Ж. "САҚтандыру ұйымдары" ПӘні бойынша алматы, 2016 ж. МазмұНЫ


-тақырып. САҚТАНДЫРУДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ ЖІКТЕЛУІ



бет2/35
Дата08.12.2022
өлшемі0,59 Mb.
#55862
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35
Байланысты:
annotation68524

1-тақырып. САҚТАНДЫРУДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ ЖІКТЕЛУІ


1.1 Сақтандырудың түсінігі және онын әлеуметтік экономикалық мәні
Қоғамдық ұдайы өндіріс процесі – табиғи және әлеуметтік-экономикалық сипаттағы әртүрлі күштердің қарсыласуы мен өзара әрекет етуі болып табылады. Адам мен табиғат арасындағы қарама-қайшылық (су тасқыны, құрғақшылық, дауылдар жер сілкінісі және т.б. табиғи кездейсоқ апаттар), бір жағынан, қоғамдық қарама-қайшылықтар (экономиканық, саяси, діни, ұлтаралық дағдарыстар, әртүрлі сипаттағы соғыстар және т.б.), екінші жағынан, бұлар жинақтала келе, кездейсоқ сипаттағы жағымсыз салдарлардың пайда болуына жағдай жасайды, қоғамдық-ұдайы өндірістің әртүрлі кезеңдеріне және кез-келген әлеуметтік-экономикалық қатынастарға тән белгілі бір тәуекел пайда болады. Осындай жағдайлар бүкіл әлемдегі сақтандыру іс-әрекетінің пайда болуына және дамуына әкеледі.
Сақтандыру экономиканың маңызды, бірақ азырақ зерттелген саласы болып табылады. Сақтандыру өте ертеректе пайда болған категориялардың бірі және ол кездейсоқ қауіптерден сақтық қорғаудағы адамның әртүрлі қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталды. Сақтандыруда өндіріс, айналым, материалдық игіліктерді айырбастау және тұтыну процестерде адамдар арасында қалыптасатын белгілі экономикалық қатынастар іске асады. Ол барлық шаруашылық жүргізуші субъектілер мен қоғам мүшелеріне шығындарын өтеуде кепілдік береді, яғни көптеген тұлғалар арасында бөлу арқылы заңды немесе жеке тұлғаның мойнына алған шығындарын өтеу әдісі ретінде көрініс береді. Осылайша, шығындарды өтеу (немесе орнын толтыру) сақтандыру ұйымдарының басшылығындағы сақтандыру қорларының қаражаттарымен жүзеге асырылады.
Экономикалық категория ретінде сақтандыру бұл әртүрлі тәуекелдер кезіндегі сондай-ақ азаматтарға олардың өмірінде белгілі бір жағдайларда көмек көрсету кезіндегі шығындарын өтеу үшін ақша қаражаттарының мақсатты қорларын құру және пайдалану әдістері мен формаларының жиынтығын қамтитын экономикалық қатынастар жүйесі болып табылады.
Сақтандыру, бір жағынан, адамдардың бизнесі мен әл-ауқатын қорғау құралы, ал екінші жағынан, табыс әкелетін іс-әрекет түрі ретінде көрініс табады. Сақтандыру ұйымдарының табыс көздері келесідей:

  • сақтандыру іс-әрекетінен түсетін табыстар;

  • мемлекеттік бағалы қағаздар бойынша табыстар;

  • басқа кәсіпорындардың акциялары бойынша табыстар;

  • банктік депозиттер бойынша табыстар;

Экономикалық категория ретіндегі сақтандырудың қажеттілігі келісідей белгілерімен анықталады:

  • табиғи апаттардың немесе басқа да қиратушы күштерінің кездейсоқ сипаты;

  • залалдың (зиянның, шығынның) натуралды немесе ақшалай формада-ғы көрінісі;

  • шығындарды өтеудің объетивтік қажеттігі;

  • нақты оқиғалардың салдарларын алдын алу және өзгерту бойынша шараларды іске асыру.

Сақтандыру экономикалық категория ретінде қаржының құрамдас бөлігі болып табылады, бірақ оның бірқатар ерекшеліктері бар:
- қаржыға әрқашан ақшалай қатынастары және ақша қаражат қорларын құру тән болса, сақтандыру натуралдық-заттық сипатты болуы мүмкін;

  • сақтандыру әрқашан сақтандыру жағдайының болу мүмкіндігіне ие, яғни сақтандыру қатынастары кездейсоқ мінездемелі; сақтандыру қорының қаражаттарын пайдалану, сақтандыру оқиғаларының болуымен және салдарларымен байланысты;

  • егер мемлекеттік бюджет табыстары заңды және жеке тұлғалардың міндетті төлемдері есебінен құрылатын болса, мұнда, бұл қаражатты пайдалану осы төлемдерді төлейтін төлеушілер шегінен шығып кетеді де белгілі бір уақыт ішінде және аумақтық бірліктер арасында қайта бөлу жүреді, ал сақтандыру – сақтандыру жарналары есебінен құралатын арнайы ақшалай сақтандыру қорының көлемінде шығындардың тұнықталған қайта бөлінуін қарастырады;

  • құнның ақшалай формасының қозғалысы сақтандыруда сақтандыру оқиғасының нәтижесінде әкелінетін шығын ықтималдығының дәрежесіне бағынады.

Сондай-ақ, сақтандырудың «қаржы» және «несие» категорияларымен ұқсас белгілері бар:
"қаржымен" – сақтандыру кезінде арнайы сақтандыру қорын қалыптас-тыру және пайдалану бойынша қайта бөлгіштік қатынастары пайда болады;
"несиемен" – сақтандыру қорының қаражаттары қайтарымды болады (өмірді сақтандыруға қатысты); мүліктік сақтандыру кезінде, қайғылы оқиғалардан сақтандыру және тағы басқа сақтандырудың түрлері бойынша, төлемдер сақтандыру оқиғасы пайда болғанда және сәйкес қаражаттар негізінде төленеді. Бірақ, бұл төлемдердің экономикалық мазмұны сақтандыру төлемдерін қайтарудан айрықша.
«Сақтандыру» – «қаржы» және «несие» категорияларымен байланысты-рушы белгілерге байланысты, экономикалық категория ретінде тек өзіне тән функцияларды атқарады. Сақтандырудың функцияларын жалпы және арнайы деп ажыратуға болады. Жалпы функциялары ретінде келесілерді көрсетуге болады:
Ақша қаражатының арнайы сақтандыру қорын құру: ол міндетті және ерікті түрде құрылады. Бұл функция арқылы келесі жағдайлар іске асырылады:

  • банктік және басқа да комерциялық құрылымдардың қызметіне уақытша бос қаражаттарды инвестициялау;

  • жылжымайтын мүлікке ақша қаражаттарын салу;

  • бағалы қағаздарға ие болу т.б.

Заңды және жеке тұлғалардың материалдық қамсыздандырылуы және залалдардың орынын толтыру. Сақтандыру қорын құруға қатысушылар болып табылатын, заңды және жеке тұлғалар ғана шығындардың орынын толтыруға құқылы. Осы функция арқылы олар сақтық қорғануда өздерінің экономикалық қажеттілігін іске асырады.
Сақтандыру оқиғасын алдын ала ескерту және шығынды (зиянды) төмендету. Бұл функция табиғи апаттар, қайғылы оқиғалардың жағымсыз салдарын азайту немесе болдырмауға байланысты іс-шараларды қаржыландыруды қамтитын шаралар кешенін қарастырады. Осы функцияны іске асыру мақсатында сақтандырушы алдын-ала ескерту іс-шараларының жүргізуде ерекше ақшалай қорын құрады. Қорды құрудың көзі болып сақтандыру сомасы бойынша сақтандыру төлемдері табылады.
«Қаржы» категориясы өзінің мәнін бөлгіштік функциясы арқылы бейне-лейді, бұл функция сақтандырудың арнайы қызметтерінде көрініс табады:

  • тәуекелдік;

  • ескерту;

  • жинақтық;

  • бақылау.

Ескерту функциясы – сақтандыру тәуекелінің салдарымен дәрежесін төмендетуге және сақтандыру қоры қаражатының бөлігін пайдаланумен байланысты.
Жинақтау функциясы – отбасының жетістіктерін сақтық қорғауды қажетсінуімен байланысты өмір сүруінің соңына дейін сақтандыру көмегімен ақша сомаларын жинақтау.
Бақылау функциясы – сақтандыру қорын міндетті құру және оның қаражаттарын мақсатты пайдалану ретіндегі, сақтандыру категориясының қасиетін сипаттайды. Бұл функция сақтандырудың жоғарыда көрсетілген функцияларынан шығады, және солармен бір уақытта нақты сақтандыру қатынасында, сақтандыру жағдайларында көрініс табады. Бақылау функциясының талаптарына сәйкес, сақтандыру операциясын дұрыс жүргізу бойынша қаржылық – сақтандыру бақылауы жүзеге асырылады.
Сонымен, сақтандыру – сақтандыру ұйымының активтері есебінен, сақтандыру төлемдері арқылы, сақтандыру келісімінде белгіленген сақтандыру оқиғаларының пайда болуы кезіде жеке немесе заңды тұлғалардың, яғни олардың заңды мүдделерін, мүліктерін қорғауға байланысты кешенді қатынастардың жиынтығы болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет