1. «Сақтандыру тарифі» және «актуарлы есептеу» түсініктерінің мәнін ашыңыз?
2. Актуарлы есептердің мақсаттары мен ерекшеліктерін атаңыз?
3. Актуарлы есептеулер теорияларының негізін кім қалады?
4. Сақтандыру тарифтерінің қандай түрлерін білесіңдер?
5. Қызметті жүргізу шығындарын жіктеңіз?
6. Тарифктік саясаттың қағидаларын атаңыз?
7. Тарифтерді есептеу кезеңдерін сипаттаңыз?
8. Сақтандыру жарнасының мәнін ашыңыз?
8. САҚТАНДЫРУ ҚЫЗМЕТІНДЕГІ ҚАЙТА САҚТАНДЫРУДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ
8.1 Қайта сақтандырудың түсінігі және экономикалық мәні Қайта сақтандыру – бұл сақтандыру келісімінің мүмкіндігінше балансталған портфелін құру, сақтандыру операцияларының қаржылық тұрақтылығы мен рентабельдігін қамтамасыз ету мақсатында сақтандырушы өзінің қаржылық мүмкіндігіне қарай сақтандыру тәуекелдерінің бір бөлігін, жауапкершілікті қабылдай отырып, басқа сақтандырушыға келісілген жағдайлармен сақтандыруды тапсыруда туындайтын экономикалық қатынастар жүйесі, яғни тәуекелдерді қайта бөлу. Қазіргі уақытта кез-келген сақтандыру компаниясы сақтандыру сомаларының тұрақты өсуі есесінен, қатаң қайта сақтандырумен қамтамасыз ету тәуекелін ала алады. Қайта сақтандыру бірнеше компаниялар арасындағы мүмкіндігінше ірі төлемдерді қайта бөлуге және сақтандыру портфелін қорғауға көмектеседі.
Қайта сақтандырушы немесе цедент – бұл сақтандыру тәуекелік мойнына алатын және оны толығымен немесе бөліктеп қайта сақтандыруға басқа сақтандырушыға беретін сақтандырушы. Қайта сақтандыру тәуекелін мойнына алған сақтандырушы, қайта сақтандырушы деп аталады. Қайта сақтандыруда тәуекелді жеткізумен көбінесе қайта сақтандыру брокері айналысады. Қайта сақтандыру тәуекелін ала отырып, қайта сақтандырушы оны бөліктеп, үшінші сақтандырушыға бере алады. Мұндай операция ретроцессия деп аталады, ал ретроцессияға тәуекелді беруші қайта сақтандырушы – ретроцессионер деп атайды.
Қайта сақтандыру туралы мәселені қарастырғанда, әрбір сақтандыру компаниясы оның мақсатқа жету жолында экономикалық тиімділікті, сондай-ақ қайта сақтандыру бағасын ескеретіндей болу керектігін ұмытпауы керек. Қайта сақтандыру бағасы – бұл қайта сақтандырушының есептелген үлесі ғана емес, сонымен қатар, қайта сақтандыру тәуекелін жеткізумен байланысты жұмыстарды жүргізудегі компания шығындары да болып табылады. Мұндай шығындарға қайта сақтандыру келісімдерін рәсімдеу, клиенттердің карточкаларын жасау, есеп және т.б. жатады.
Қайта сақтандырудың көлемін дұрыс анықтау әрбір сақтандыру компаниясы үшін зор. Цеденттің жеке ұстап қалуы - сақтандыру компания-сының сақтандырылатын тәуекелдің белгілі үлесін аз жауапкершілігінде қалдыратын экономикалық негізделген сома деңгейі. Мұнда қайта сақтандыру келісімінің неғұрлым кең тараған, танымал формасы, яғни эксцедентік формасы туралы айтылуда. Жеке ұстап қалудың анықтауға әсер ететін бірқатар факторларын қарастырайық:
сақтандырудың түрлері мен сақтандырылатын тәуекел бойынша орташа шығындылық, яғни бұл жерде жеке ұстап қалу шегі анықталады;
сыйақы көлемі – тәуекелдердің жалпы көлемінен минималды ауытқыда сыйақының көлемі неғурлым жоғары болса, соғурлым жеке ұстап қалу шегі жоғары болады;
- сәйкес сақтандыру түрі бойынша операциялардың орташа табыс-тылығы - операциялар неғұрлым табысты болса, жеке ұстап қалудың шегі соғұрлым жоғары денгейде бекітіледі;
сақтандырылған объектілердің территориялық бөлінуі – сақтанды-рылған объектілер бір зонада неғұрлым көп жинақталған болса, жеке ұстап қалу шегі соншалықты төмен болады;
жұмыс жүргізу бойынша шығындар көлемі – сақтандырудың белгілі бір түрі бойынша жұмыстар жүргізу шығындары өте жоғары болса, онда сақтандыру компаниясы жеке ұстап қалу шегін осы шығындар қайта сақтандырушыға аударылған жағдайда және комиссиондық сыйақы есебінен жабылып кеткен жағдайдағы деңгейге қоюға тырысады.