10.3 Сақтандыру қызметін концервациялау (сауықтыру)
Сақтандыру ұйымын концервациялау. Уәкілетті органның шешімі бойын-ша сақтандыру ұйымына қатысты оның қаржылық жағдайын сауықтыру және жұмыс сапасын жақсарту мақсатында әкімшілік, заң, қаржылық жүргізуді білдіреді.
Сақтандыру ұйымына мынадай жағдайда концервациялауға ұшырауы мүмкін:
Төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілігі нормасын орындамаған жағдайда;
Лицензияның қолданылуын 6 айға тоқтата тұруға негіз болған кез-келген фактілер.
Уәкілетті орган Сақтандыру ұйымына консервация жүргізу туралы шешімінде мынадай мәліметтер көрсетіледі:
Сақтандыру ұйымының атауы, орналасқан жері, консервациялау туралы шешімінің негіздемесі;
Сақтандыру ұйымының консервациялау әрекетінің басталу мерзімі;
Уақытша әкімшіліктің дербес құрамы;
Сақтандыру ұйымының қызметіне қойылатын шектеулер тізбесі.
Уақытша әкімшіліктің өкілеттіктері:
Сақтандыру ұйымының органның өкілеттіктерін тоқтату;
Сақтандыру ұйымының акционерлерінің акцияларды пайдалану жөніндегі құқықтары уақытша әкімшіліктеріне көшеді;
Сақтандыру ұйымының қызметінің барлық мәселелері бойынша өздігінен шешім қабылдайды;
Сақтандыру шарты бойынша сақтандыру ұйымының міндеттемелерін толық және ішінара тоқтата тұру;
Сақтандыру ұйымының атынан және оның мүддесіне орай талап қоюға;
Сақтандыру портфелінің 1 бөлігін инвесторға сатуға.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
1. Сақтандыру саласындағы мемлекеттік реттеудің ерекшеліктері.
2. Сақтандыру ұйымына консервация жүргізу туралы шешімінде қандай мәліметтер көрсетіледі.
3. Сақтандыру қызметін концервациялау дегеніміз не?
4. Сақтандыру ұйымдарына қолданылатын санкциялар мен ықпал ету ша-ралары қандай?
ЕСЕПТЕР
№1 есеп.
Сауда-саттық кәсіпорны сақтандыру компаниясымен 35 мың теңгеге мүлікті сақтандыру туралы келісім-шартқа отырды. Мүліктің баланстық құны 60 мың тг. Табиғи апаттың салдарынан кәсіпорынның мүлкіне 33 мың теңгеге зиян келтірілді. 19 мың теңгеге мемлекет кәсіпорынға су тасқынының салдарын жоюға көмектесті. Кәсіпорынның төлеуге тиісті сақтандыру өтемақысын анықтаңыз.
№2 есеп.
Сақтандыру компаниясы ұжымдық ауылшаруашылық кәсіпорынның бидай алқабын сақтандыру туралы келісім-шартқа отырды. Ол бойынша шығынды өтеп беруге міндетті, егер кәсіпорын егіннің 70% алмайтын болса. 5 жылғы орташа астық - 20ц/га. Бидайды егу ауданы 205 га. Нақты астық 18ц/га құрайды. 1 ц бидайдың сатып алу құны = 65 теңге. Шығынның көлемін және сақтандыру өтемақысын есептеңіз.
№3 есеп.
Шаруа қожалығы ауданы 300га дәнді дақылдар алқабын сақтандырды. Соңғы 5 жылда аудандағы дәнді дақылдардың астығы 35,38,32,36,34 ц/га құрады. Бағасы 1ц/га=45 тг (сақтанушымен келісілген). Сақтандыру тарифі 8%. Астықтың бағасын, сақтандыру сомасын, сақтандыру төлемақысын анықтаңыз.
№4 есеп.
Қарапайым өндірістік кешен табысының орташа жоғалу мөлшерін және нетто мөлшерін анықтаңыз. Есептеу үшін берілген: кәсіпорынның берілгенін бақылау мерзімі 6 жыл (күн). Тоқталған саны - 3. Жалпы тоқтау уақыты 4 ай(120 күн). Өнімнің бір бірлігінен пайда 100 тг, күніне тауар шығарылымы 20 дана.
№5 Есеп
Бірінші тәуекел жүйесі арқылы сақтандыру өтемақысын анықтаңыз. Есептеу үшін: автокөлік бірінші сақтандыру жүйесі арқылы 120 мың теңгеге сақтандырылған. Автокөлік құны 270 мың тг. Сақтандыру жағдайы кезінде автокөліктің бұзылуына байланысты сақтаушының шығыны 150 мың тг.
№6 есеп.
Қайта қалпына келтіру құны жүйесі бойынша сақтандыру өтемақысын анықтаңыз. Есептеу үшін берілген: сақтандыру жағдайы кезіндегі сақтандыру объектісінің нақты сақтандыру сомасы 350 мың тг. Объект 240 мың теңгеге сақтандырылған. Мүлік сақтандыру жағдайы нәтижесінде толықтай жойылды.
№7 есеп.
Шекті жауапкершілік жүйесі бойынша сақтандыру өтемі сомасы мен сақтандырушының залалын анықтаңыз. Есептеуге мәліметтер. Қарабидайдың өнімі шекті жауапкершілік жүйесі бойынша, 1 га-на 15 ц шығымдылықпен орташа 5 жылды қарай отырып, өнімнің шықпай қалуынан келетін залалдың 70% көлемінде сақтандырылған. Өнім егілген аудан - 1000 га. Қарабидайдың нақты өнім шығымдылығы - 1 га-дан 24 центнерді құрады. 1 центнерге қарабидайдың сатып алу құны 170 теңгені құрады.
№8 есеп.
Сақтандыру өтемі сомасын анықтаңыз.
Есептеуге мәліметтер: Сақтандыру келісім-шарты бойынша шартсыз «бастапқы 5 пайыздан еркін» франшизасы қарастырылған. Сақтандыру объектісінің нақты құны 200 мың теңгені құрайды. Объект 200 мың теңгеге сақтандырылған. Сақтандыру жағдайы нәтижесінде залал 51 мың теңгені құрады.
№9 есеп.
Сақтандыру жарнасы көлемі мен сақтандыру өтемі көлемін анықтаңыз.
Есептеуге мәліметтер. Ұйым өзінің мүлкін 1 жылға бұзып кірумен ұрлыққа жауапкершілікпен 300 мың теңге сомасына сақтандырды. Сақтандыру сомасынан 0,5% көлемінде сақтандыру тарифі қойылымы белгіленген.Сақтандыру келісім-шарты бойынша 3 мың теңгеге шартсыз франшиза қарастырылған, ол бойынша тарифке 5% жеңілдік беріледі. Сақтандыру жағдайы нәтижесінде залал 10 мың теңгені құраған.
№10 есеп.
Үйлесімді жауапкершілік жүйесі бойынша сақтанндыру өтемінің сомасын есептеңіз. Сақтандыру объектісінің құндық бағасы – 4,75 млн теңге, сақтандыру сомасы – 2,8 млн теңге, объекттің зақымдануы нәтижесінде сақтандырушының залалы – 3 млн теңгені құрады.
№11 есеп.
Алғашқы тәуекел жүйесі бойынша сақтандыру өтемі сомасын есептеңіз. Автокөлік 195 мың теңгеге алғашқы тәуекел жүйесі бойынша сақтандырылған. Автокөлік құны – 210 мың теңге. Сақтандырушының автокөліктің авариясымен байланысты залалы 112 мың теңгені құрады. Үйлесімді жауапкершілік жүйесі мен алғашқы тәуекелді сақтандыру жүйесі арасында қандай ұқсастықтар мен айырмашылықтар бар?
№12 есеп.
Жол-көлік оқиғасының нәтижесінде автокөлікке зақым келді. Автокөлік құны – 120 мың теңге. Сақтандыру келісім-шартын жасау уақытында тозу – 20%. Аман қалған бөлшектердің құны 15 мың теңгені құраған. Оларды қалыпқа келтіруге 1,2 мың теңге кетті. Сақтандырушының залалын және сақтандыру өтемін есептеңіз, егер автокөлік толық құнына сақтандырылған болса.
№ 13 есеп.
Бидай егіні шекті жауапкершілік жүйесі бойынша, соңғы 5 жылдың 18 ц/га орташа егін шығымдылығына қарап, егіннің шықпай қалуынан келетін зиянның 70% көлеміде сақтандыру өтемін төлу шартында сақтандырылған. Егін ауданы 600 га. Нақты егіннің шығымдылығы 16,5 ц/га құрады. Бидайдың сатып алу бағасы – 1 центнеріне 84 мың теңге болды. Сақтандырушының залалын және сақтандыру өтемін шекті жауапкершілік жүйесі бойынша есептеңіз.
№ 14 есеп.
Шаруашылық жүргізуші субъект өзінің мүлкін 1 жыл мерзімге бұзып кірумен ұрлыққа жауапкершілікпен 200 млн теңге сомаға сақтандырды. Сақтандыру тарифінің қойылымы – сақтандыру сомасынан 0,3%. Сақтандыру келісім-шарты бойынша шартты «4% бастап еркін» франшизасы қарас-тырылған. Тарифке жеңілдік – 2 %. Сақтандырушының нақты залалы 13,5 млн теңге. Сақтандыру жарнасы мен сақтандыру өтемінің көлемін есептеңіз.
№15 есеп.
Шаруашылық жүргізуші субъект өзінің мүлкін 2 жыл мерзімге бұзып кірумен ұрлыққа жауапкершілікпен 500 млн теңге сомаға сақтандырды. Сақтандыру тарифінің қойылымы – сақтандыру сомасынан 0,3%. Сақтандыру келісім-шарты бойынша 0,5 млн теңгеге шартсыз франшиза қарастырылған, ол бойынша тарифке жеңілдік беріледі - 4 %. Сақтандырушының нақты залалы 13,7 млн теңге. Сақтандыру жарнасы мен сақтандыру өтемінің көлемін есептеңіз.
№16 есеп.
Жол-көлік оқиғасы нәтижесінде автокөлік жойылды. Оның шын мәніндегі бастапқы сомасы – 200 мың теңге, сақтандыру келісім-шартын жасау кезінде тозу 10%-ды құрады. Сақтандыру жағдайынан кейін жарамды бөлшектердің құны 15 мың теңде болды (тозуды есептесек – 13,5 мың теңге). Аталған бөлшектерді қалпына келтіруге 2,5 мың теңге жұмсалды. Сақтадыру келісім-шартында 2 мың теңгеге шартсыз франшиза қарастырылған. Сақтандырушының залалын және сақтандыру өтемі көлемін есептеп шығарыңыз, егер автокөлік шын мәніндегі құнынан 70%-ға сақтандырылса.
№17 есеп.
Сақтандыру сомасының 100 теңгесіне нетто-ставканы анықтаңыз. Есеп-теуге мәліметтер: Өрттен сақтандырылған үйлердің 1000-нан зардап шегетіні 80. Бір сақтандыру келісім-шартына сақтандыру өтемінің орташа сомасы 20 мың теңге. Орташа сақтандыру сомасы бір сақтандыру келісім-шартына 120 мың теңге.
№18 есеп.
Брутто-ставканы анықтаңыз. Есептеуге мәліметтер: Нетто тариф – 100 теңге сақтандыру сомасынан 40 тиын. Амортизация сомасы 100 теңгеге 20 тиын, аренда төлемі сомасы – 100 теңгеге 15 тиын. Еңбекақы төлемдері және басқа да айналым табыстары брутто тарифке 20%. Пайда брутто табысқа 15% көлемінде жоспарланып отыр.
№19 есеп.
Мүліктің нақты құны жүйесі бойынша сақтандыру өтемінің сомасын анықтаңыз. Есептеуге мәліметтер: Сақтандыру объектісінің нақты құны 165 мың теңгені құрайды. Сақтандыру жағдайының нәтижесінде мүлік толығымен жойылып, осы мүлікті құтқару бойынша сақтандырушының қажетті шығындары сәтсіз болып, 12 мың теңгені құраған.
№20 есеп.
Шекті жауапкершілік жүйесі бойынша сақтандыру өтемі сомасын және сақтандырушының залалын есептеңіз. Есептеуге мәліметтер: қырыққабат өнімі шекті жауапкершілік жүйесі бойынша, 1 га-дан 5 мың теңгі өнімнің нормативтік құнынан, өнімнің шықпай қалу кесірінен келтірілген залалдың 70% көлемінде сақтандыру төлемі шартында сақтандырылған. Өнім егілген аудан – 300 га. Өніңнің нақты құны 1 га-дан 4 мың теңгені құраған.
Достарыңызбен бөлісу: |