Қайта сақтанушы (цедент) – өзі қабылдаған сақтандыру тәуекелдерін қайта сақтандыруға беруді жүзеге асыратын сақтандыру немесе қайта сақтандыру ұйымы;
Мүлiктi сақтандыру мүлiктi иеленуге, пайдалануға, оған билiк етуге байланысты тұлғаның мүлiктiк мүдделерiне осы Заңның 6-бабы 3-тармағының 3)-7) тармақшаларында тізбеленген мүлiктi қоспағанда, оның зақымдануы немесе жойылуы, ұрлануы салдарынан келтiрiлген залалды iшiнара немесе толық өтемі мөлшерiнде сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыру көзделетiн сақтандыру түрлерiнің жиынтығы болып табылады.
Сақтандыру агенті – сақтандыру агенттерінің тізіліміне енген және тапсырыс шарты негізінде бір немесе бірнеше сақтандыру ұйымдарының атынан және олардың тапсыруымен сақтандыру шарттарын жасасу жөніндегі делдалдық қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
Сақтандыру брокері – сақтанушының тапсыруы бойынша сақтанды-рушымен сақтандыру шарттарын жасасуға және орындауға байланысты қатынастарда сақтанушының атынан өкілдік ететін немесе өз атынан сақтандыру немесе қайта сақтандыру шарттарын жасасуға байланысты қызмет көрсету жөніндегі делдалдық қызметті, сондай-ақ сақтандыру және қайта сақтандыру мәселелері бойынша консультациялық қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;
Сақтандыру нарығына кәсіби қатысушылар – өз қызметін уәкілетті органның тиісті лицензиялары негізінде жүзеге асыратын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру брокері, актуарий;
Сақтандыру омбудсманы – сақтандыру нарығына қатысушылар арасындағы өзара қатынастарды реттеуді жүзеге асыратын, өз қызметінде тәуелсіз жеке тұлға;
Пайдаланылған әдебиеттер:
Сақтандыру қызметі туралы Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 18 желтоқсандағы № 126-II Заңы
Найманбаев, С.М. Сақтандыру құқығы: жалпы және ерекше бөлімдері: оқу құралы. – Алматы: Жетіжарғы, 2009.
Джемпеисова, Г.И. Сақтандыру. Оқу құралы. – Алматы: Экономика, 2010.
Өсербайұлы С. Сақтандыру пәні бойынша оқу құралы: жоғары оқу орындарының студенттеріне, магистранттары мен оқытушыларына арналған. / С.Өсербайұлы, М.Ж.Арзаева, Д.М. Мухияева; әл-Фарабиатын. ҚазМҰУ, Экономика және бизнес жоғары мектебі, "Қаржы" кафедрасы. – Алматы: Қазақ Университеті, 2011.
Маянлаева, Г.И. Сақтандыру ісінің теориясы және тәжірибесі: оқу құралы /Гүлмира Исмаилқызы Маянлаева; Т. Рысқұловатын. ҚазЭУ. – Алматы: Экономика, 2011.
Нигметова, Г.Ж.. Перспективы развития социального страхования в Республике Казахстан. – Алматы, 2010.
Бельгибаев, А.К.. Теория и практика страхования. – Алматы, 2010.
Галаганов, В.П.. Основы страхования и страхового дела. – М., 2010.
Абрамова В. Ю. "Страхование: теория и практика" учебное пособие. – М., 2011.
Кабанцева Н.Г. "Страховое дело" учебное пособие. – М., 2010.
Страхование. Под редакцией Ермасов С.В М.: Юрайт, 2012.
Шахов В.В. Страхование: Учебник для вузов. Переработанное издание – М.: ЮНИТИ, 2010.
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі www.afn.kz
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі www.nationalbank.kz
Агентство Республики Казахстан по статистике www.stat.kz