Қаржы кафедрасы жорабаева Ж. К. Кукиев А. Ж. "САҚтандыру ұйымдары" ПӘні бойынша алматы, 2016 ж. МазмұНЫ



бет6/35
Дата08.12.2022
өлшемі0,59 Mb.
#55862
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35
Коммерциялық тәуекел – кәсіпкер сатып алған немесе өндірген тауарлар мен қызметтерді өткізу процесінде пайда болатын тәуекел. Коммерциялық тәуекелдің негізгі себептері:

  • Фирмамен өткізілетін тауарға сұраныс немесе қажеттіліктің төмен-деуі, оның бәсекелес тауарларымен ығыстырылуы, сатуға шектеулердің енгізілуі.

  • Кәсіпкерлік жобаны жүзеге асыру процесінде тауардың сатып алу бағасының көтерілуі.

  • Бүкіл операция масштабын кішірейтетін және өткізілетін тауар бірлігі көлемінде шығындарды өсіретін (шартты – тұрақты шығындар есебінде) сатып алу көлемінің белгіленген сатып алу көлемімен салыстырғанда төмендуі.

  • Тауар ысырабы.

  • Тауар бағысының төмендеуіне әкелетін айналыс аясындағы (тасымалдау, сақтау кезінде ) тауар сапасының ысырабы.

  • Фирма пайдасының төмендеуіне әкелетін айыппұл төлеу, болжамбаған баждар және аударымдар нәтижесінде белгіленген мөлшерімен салыстыр-ғанда айналыс шығындарының өсуі.

Коммерциялық тәуекелге келесілер мен байланысты тәуекелдер кіреді:

  • тауарларды (қызметтерді) рынокта өткізумен;

  • тауарларды тасымалдаумен (транспорттық);

  • сатып алушы тауарды (қызметті) қабылдаумен;

  • сатып алушы төлем қабілетімен;

  • форс-мажорлық жағдайлармен.

Қаржылық кәсіпкерлікті немесе қаржылық мәмілелерді (қаржылық кәсіпкерлікті тауар ретінде валюта, бағалы қағаздар, ақшалай қаражаттар танылады) жүзеге асыру кезінде пайда болатын тәуекелдік қаржылық деп танылады.
Қаржылық тәуекелге мыналар жатады:
- валюталық тәуекел;

  • несиелік тәуекел;

  • инвестициялық тәуекел.

Валюталық тәуекел – өзара шарт жасасу мен ол бойынша есептеулер жасау кезеңі арасында болуы мүмкін валюта бағамының өзгерістер нәтижесінде қаржылық залал ықтималдығы. Валютаның сатып алу қабілетін есепке ала отырып белгіленетін валюталық бағам, біршама өзгермелі болады. Халықаралық экономикалық қатынастарға қатысушылар валюталық тәуекелдің бір бөлігі болып табылатын коммерциялық тәуекелдермен байланыстар. Валюталық тәуекел-шетел валютасын әртүрлі бағам бойынша сатып алу-сату кезіндегі залал тәуекел. Валюта бағамдарының бір-біріне қатынастырының өзгеруі көптеген факторларға байланысты, сонымен қатар валюта ішкі құнының өзгеруіне, бір елден екінші елге ақша аударымдарының тұрақты құйылымы, алып сатарлық және т.б.
Кез келген валютаны сипаттайтын негізгі фактор резидент және резидент еместердің валютаға сенімділік дәрежесі. Валютаға сенімділік келесі көрсеткіштерден тұрады, ол көп факторлы критерий:

  • берілген елдегі саяси режиміне сенімділік;

  • оның экономикасының ашықтық деңгейі;

  • экономиканың ырықтандырылуы және айырбас бағамының режимі;

  • базалық макроэкономикалық көрсеткіштер және елдің болашақтағы даму тұрақтылығына инвесторлардың сенімділігі;

Несиелік тәуекел – өзінің қызметін қаржыландыру үшін сыртқы қарызды пайдалану нәтижесінде фирманың инвестор алдындағы қаржылық жауапкершіліктерін орындамау мүмкіндігі. Несиелік тәуекел кәсіпорынның өзінің несие берушілерімен іскерлік, әріптестік процесінде пайда болады:

Несиелік операциялардың әртүрлілігі несиелік тәуекелдің ерекшеліктері және пайда болу себептерін анықтайды:

  • несие алған қарызгердің адал ниеті;

  • коммерциялық немесе банктік несие алған нақты фирма бәсекелік орнының нашарлауы;

  • экономикалық коньюнктураның қолайсыздығы;

  • фирма басшылығының біліксіздігі және т.б.

Инвестициялық тәуекел фирманың әртүрлі жобалары ақшалай қаражаттар жұмсау ерекшеліктерімен байланысты. Отандық экономикалық әдебиеттерде көбінесе инвестициялық тәуекел ретінде қаражаттарды бағалы қағаздарға жұмсаумен байланысты тәуекелдер танылады.
Инновациялық тәуекел – рынокта күтілетін сұранысқа ие болмауы мүмкін, жаңа тауарлар және қызметтер өндіруді фирманың қаражат жұмсау кезінде пайда болатын залал ықтималдығы.
Инновациялық тәуекел келесі жағдайларда пайда болады:
- Тауарлар немесе қызметтерді өндіру әдісінің қолданылып отырғанымен салыстырғанда өндірудің арзандау әдісін енгізгенде. Берілген технологияның жалғыз иесі болғанға дейін, мұндай инвестициялар фирмаға уақытша үстеме пайда әкеледі. Бұл жағдайда фирма тәуекелдің тек бір түріне кез болады – ол өндірілетін тауарға сұранысты бағалау қателігінің мүмкіндігі.
- Жаңа тауарлар немесе қызметтерді ескі жабдықтармен жасау кезінде.
Берілген жағдайда инновациялық тәуекелге мыналар кіреді:

  • жаңа тауар немесе қызметтің сатып алушыны таба алмау мүмкіндігінің тәуекелі;

  • жаңа тауар немесе қызмет өндірулер қажетті талаптардың жаңа жабдықтар және технологияларға сәйкес болмауының тәуекелі;

  • құрылған жабдықты сату мүмкінсіздігінің тәуекелі, өйткені ол басқа өнімді өндіруге жарамайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет