Қаржы кафедрасы жорабаева Ж. К. Кукиев А. Ж. "САҚтандыру ұйымдары" ПӘні бойынша алматы, 2016 ж. МазмұНЫ


Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар



бет7/35
Дата08.12.2022
өлшемі0,59 Mb.
#55862
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   35
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:



  1. Тәуекел және сақтандыру арасындағы байланыс немен анықталады?

  2. Тәуекелдің негізгі факторларын атаңыз?

  3. Тәуекелді бағалауда қандай әдістер қолданылады?

  4. Тәуекелдер қандай критерийлер бойынша жіктеледі?

  5. Тәуекелдердің негізгі түрлерін сипаттаңыз?

  6. Қаржылық тәуекелдерге нелер жатады?

7. Инновациялық тәуекел дегеніміз не?
8. Экономикалық тәуекелдер нені сипаттайды?


3-тақырып. САҚТАНДЫРУ ҚЫЗМЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ


3.1 Сақтандыру қызметін ұйымдастыру
Қазақстан Республикасының «Сақтандырудың қызметі туралы» заңына сәйкес, сақтандыру қызметін мемлекеттік реттеу және лицензиялауды ұйым-дастыру және жүзеге асыру үшін сақтандыру салаларға, топтарға, және түр-лерге бөлінеді. Сақтандыру ұйымының қызметі «өмірді сақтандыру» және «жалпы сақтандыру» салалары бойынша жүзеге асырылады. «Өмірді сақтан-дыру» саласы сақтандырудың ерікті формасында келесі топтарды қамтиды.

  1. өмірді сақтандыру;

  2. аннуитетті сақтандыру.

Жалпы сақтандыру саласы сақтандырудың ерікті формасында келесі топтарды қамтиды.

  1. қайғылы оқиғалардан және аурулардан сақтау;

  2. медициналық сақтандыру;

  3. автомобиль көлігін сақтандыру;

  4. темір жол көлігін сақтандыру;

  5. әуе көлігін сақтандыру;

  6. су көлігін сақтандыру;

  7. жүктерді сақтандыру;

  8. мүлікті сақтандыру, (осы бөлімнің 3.7. – пунктерін қоспағанда);

  9. кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру;

  10. автомобиль көлігі иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;

  11. теміржол көлігі иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;

  12. әуе көлігі иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;

  13. су көлігі иелерінің сақтандыру;

  14. тасымалдаушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтан-дыру;

  15. азаматтық-құқықтық жауапкершілікті келісім бойынша сақтандыру;

  16. зиян келтіргені үшін азаматтық құқықтық жауапкершілікті сақтан-дыру (осы бөлімдегі 10), 14) пунктерінде көрсетілген топтарды қоспағанда).

Өмірді сақтандыру – сақтандырылған адамның қайтыс болу, немесе оның сақтандыру мерзімінің соңына дейін өмір сүруі, немесе белгілі келісім бойынша оның жасын сақтандыру жағдайларында сақтандыру төлемдерін төлеуді қарастыратын жеке сақтандырудың түрлерінің жиынтығы.
Аннуитеттік сақтандыру – сақтанушының белгілі жасқа жету, еңбекке қабілеттілігінен айырылу (жасы бойынша, мүгедектік бойынша, ауруы бойынша), асыраушысының қайтыс болуы, жұмыссыздық немесе сақтанушы-ның жеке табыс көздерін жоғалтуына, немесе әлеуметтік басқа да жағдай-ларда кезеңдік сақтандыру төлемдерін зейнетақы, немесе рента түрінде төлеуді қарастыратын жеке сақтандыру түрлерінің жиынтығы.
Қайғылы оқиғалардан және аурулардан сақтандыру – бұл қайтыс болу, (толық немесе жартылай) еңбекке қабілеттілігінен (жалпы немесе кәсіптік) айырылу немесе қайғылы оқиға, әлде аурудың нәтижесінде сақтанушының деңсаулығына зиян келетін жағдайлардағы сақтанушының қосымша шығындарын толығымен немесе бөліктеп өтеудің тұрақты бекітілген сомада жүзеге асырылатын жеке сақтандырудың түрлерінің жиынтығы.
Медициналық сақтандыру – сақтандыру бағдарламасында қамтылған, сақтанушының медициналық мекемелерге медициналық қызмет үшін жұмсаған шығындары толық немесе бөліктеп өтелетін сақтандыру төлемдерін жүзеге асыратын жеке сақтандырудың түрлерінің жиынтығы.
Көлік құралдарын сақтандыру – бұл көлік құралдарын жүргізу, билік жүргізу және бұйрық етуімен етумен оның салдарынан олардың зақымдауы немесе жойылуы, сондай-ақ жоғалып кетуі немесе ұрлануының орын алуы-мен байланысты тұлғаның мүліктік мүддесіне зиян келтіретін шығынды толығымен немесе бөліктеп өтеуін жүзеге асыратын сақтандыру түрлерінің жиынтығы.
Жүктерді сақтандыру – жүктерді пайдалану, билік жүргізу және бұйрық етумен, оның салдарынан олардың зақымдану және жойылуы, жоғалуының орын алуымен байлансты мүддесіне зиян келтіретін шығынды толығымен немесе бөліктеп өтеуді жүзеге асыратын сақтандыру түрлерінің жиынтығы.
Мүлікті сақтандыру – мүлікке иелік ету, пайдалану және билік жүргізу-мен, осының салдарынан оның зақымдалуы немесе жойылынуының орын алуымен байланысты тұлғаның мүліктік мүддесіне зиян келтіретін шығын-дарды толығымен және бөліктеп өтеуді жүзеге асыратын сақтандыру түрлерінің жиынтығы.
Кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру – Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 810 бабында қарастырылған жағдайлары бойынша сақтандыру төлемдерінің төлеуді жүзеге асыратын сақтандыру түрлерінің жиынтығы.
Көлік құралдары иелерінің азаматтық құқықтық жауапкершілігін сақтандыру - көлік құралдарының пайдалануымен, үшінші тұлғалардың шеккен шығындарын өтеу міндетімен байланысты, тұлғаның мүліктік мүддесімен зиян келтіретін шығынды толық немесе жартылай өтеуді жүзеге асыратын сақтандыру түрлерінің жиынтығы.
Тасымалдаушының азаматтық құқықтық жауапкершілігін сақтандыру – тасымалдаушы ретінде көлік құралдарын пайдаланумен, үшінші тұлғаның шеккен шығындарын өтеу міндетімен байланысты, тұлғаның мүліктік мүддесіне зиян келтіретін шығынды толығымен немесе бөліктеп өтеуді жузеге асыратын сақтандыру түрлерінің жиынтығы.
Келісім бойынша азаматтық құқықтық жауапкершілікті сақтандыру –Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 812 бабында қарастырылған жағдайлары бойынша сақтандыру төлемдерінің төлеуді жүзеге асыратын сақтандыру түрлерінің жиынтығы.
Зиян келтірілген үшін азаматтық құқықтық жаупкершілікті сақтандыру – Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін 811 бабында көрсетілген жағдайлары бойынша сақтандыру төлемдерін төлеуді қарастыратын сақтандыру түрлерінің жиынтығы.
Сонымен, сақтандырудың ерікті формасында әрбір топтың мазмұны және оны жүргізу шарттары бойынша қосымша талаптар өкілетті органның нормативтік құқықтық актілермен белгіленеді.
Сақтандыру түрі – бұл сақтандыру келісімін бекіту арқылы бір немесе бірнеше сақтандыру топтарының шегінде сақтандыру ұйымы сақтанушыға жасалатын және жеткізілетін сақтандыру өнімі. Сақтандыру ұйымы сақтанушыға тек қана өкілетті органның бекіткен формасында сақтандыру полисін беруімен және сақтандыру ережесімен келісілгеннен кейін ғана, сақтандыру келісімін бекіту бойынша, іс-әрекетін жүзеге асыруға құқылы.
Міндетті сақтандырудың әрбір түрі сақтандырудың жекелеген топтары болып табылады. Сақтандырудың міндетті формасында әрбір топтың мазмұны және оны жүргізу шарттары бойынша қосымша талаптар, осы сақтандырудың сыныптарын реттейтін заңнамалық актілермен белгіленді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет