Қаржы кафедрасы жорабаева Ж. К. Кукиев А. Ж. "САҚтандыру ұйымдары" ПӘні бойынша алматы, 2016 ж. МазмұНЫ



бет3/35
Дата08.12.2022
өлшемі0,59 Mb.
#55862
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35
1.2 Сақтандырудың жіктелуі

Сақтандырудың жіктелуі сақтандырудың қызмет ету салалары, сала асты, түрлері мен бөлімдері бойынша бөлініуінің ғылыми жүйесі болып табылады.


Сақтандырудың ұйымдастыру формасы бойынша, келесідей түрге бөлінеді:

  • мемлекеттік;

  • акционерлік;

  • бірін бірі - өзара;

  • кооперативтік;

  • медициналық;

Мемлекеттік сақтандыру – бұл ұйымға арнайы өкілеттенген мемлекет-тің сақтандырушы ретінде қатысатын ұйымдық формасы. Мемлекет мүдесінің шеңберіне сақтандырудың кез-келген немесе жекеленген түрлерін жүргізуде оның монополиясы кіреді.
Акционерлік сақтандыру – бұл салыстырмалы шектеулі қаражаттар сақтандыру компанияның тиімді жұмысын тез дамытуға мүмкіндік береді. Заңды және жеке тұлғаларға тиісті акция (облигация) және басқа да бағалы қағаздардан құралатын акционерлік қоғам, жарғылық қор түріндегі жеке ка-питал – сақтандырушы ретінде қатысатын мемлекеттік емес ұйымдық форма.
Бірін бірі - өзара (взаимное) сақтандыру – жеке, заңды тұлғалар топтары-ның арасында бір-біріне белгілі бір үлесті қабылданған шарттарға сәйкес болашақтағы мүмкін шығындарды өтеу туралы келісімді сипаттайды.
Комерциялық емес типтегі сақтандыру ұйымы болып табылатын өзара сақтандыру қоғамы құрылған сақтандыру кәсіпорнынан пайда алу мақсатын көздемейді. Бұл сақтандыру – жүргізудің ірі ұйымдық формасы, дара сақтандыру қоғамы заңды және жеке тұлғалардың мүліктік мүдделерін қорғау үшін олардың арасындағы ерікті келісім негізінде құрылған ұйым ретінде бейнеленеді. Өзара сақтандыру қоғамы заңды тұлға болып табылады және өзінің міндеттемелері бойынша өзінің барлық мүліктеріне жауап береді, әрбір сақтандырушы өзара сақтандыру қоғамының пайлық үлесі бар мүшесі болып табылады. Пайлық үлесі бар мүшелердің минималды саны қоғам жарғысымен анықталады.
Қазіргі уақытта өзара сақтандыру қоғамының қызмет етуі үшін құқықтық база жоқ. Өзара сақтандыру ұйымдары шетелде аймақтық, ұлттық және халықаралық сақтандыру рыноктарының ірі шаруашылық жүргізуші субъектілері болып табылады.
Кооперативтік сақтандыру – мемлекеттік емес ұйымдық формасы. Ол сақтандыру операцияларын кооперативтер жүргізілуімен түсіндіріледі.
Сақтандыру қызметінің ерекше ұйымдық формасы – медициналық сақтандыру болып табылады. Ол халықтық денсаулығын сақтаудағы әлеуметтік мүддесін қорғау формасы ретінде сипатталады. Оның мақсаттары:

  • сақтандыру оқиғасы пайда болған жағдайда азаматтарға жинақталған қаражаттар есебінен медициналық көмек алуға кепілдік беру (сондай-ақ, деңсаулық сақтаудың мемлекеттік және муниципалды жүйесі);

  • профилактикалық іс-шараларды қаржыландыру (диспансерлерді, вак-цинацияны жүргізу және тағы басқаларды);

Медициналық сақтандырудың субъектілері:

  • азамат;

  • сақтанушы;

  • медициналық сақтандыру ұйымы (сақтандырушы);

  • медициналық мекеме (емхана, амбулатория, аурухана және тағы басқалары);

Мемлекеттік сақтандыру монополиясы кезінде КСРО-да келесідей екі не-гізгі сала ерекшеленген: мүліктік және жеке. Нарықтық экономикада сақтан-дыру объектілерін экономикалық сипаты бойынша келесідей айыруға болады:

  • жеке сақтандыру;

  • мүліктік сақтандыру;

  • жауапкершілік сақтандыруы;

  • экономикалық тәуекелдіктерді сақтандыру.

Мұндай сыныптау сақтандыруға жататын объектілермен тәуекелдер тізімімен анықталады.
Жеке сақтандыру – бұл сақтандырудың бір саласы, объектісі болып – адам өмірі, денсаулығы және еңбекке қабілеттілігі табылады. Жеке сақтан-дыру келесілерге бөлінеді:

  • өмірді сақтандыру;

  • қайғылы оқиғалардан сақтандыру.

Жеке сақтандыру да тәуекелдік және жинақтық функциялары көрініс табады.
Мүліктік сақтандыру – бұл, сақтық-құқықтық қатынастардың объектісі әртүрлі мүліктер болып табылатын сақтандырудың саласы. Сақтандыру жағдайы есебінен табылған шығындардың орнын толтыру – мүліктік сақтандырудың негізгі қызметі. Сақтанушылардың меншігі ретіндегі, сондай-ақ оның иелігіндегі, қолданудағы, бұйрық етуіндегі мүлік сақтандырылған бола алады. Сақтанушылар ретінде тек мүлік иелері ғана емес, сондай-ақ мүліктің сақталуына, қорғалуына жауапкершілікті көтере алатын басқа да заңды және жеке тұлғалар бола алады.
Жауапкершілікті сақтандыру – бұл сақтанушының қандай да бір әрекетінің (немесе әрекетсіздігінің) салдарынан зиян шегетін үшінші тұлға (заңды және жеке) алдындағы жауапкершілік – объект болып табылатын сақтандырудың саласы. Жауапкершілікті сақтандыру арқылы мүмкін болатын зиян келтірушілердің экономикалық мүддесін қорғау жүзеге асырылады. Бұл мүдделер әрбір сақтандыру оқиғасында нақты ақшалай сипатқа ие. Жауапкершілікті сақтандыру келесі сала астыларына (подотрасли) бөлінеді: қарызды сақтандыру және зиянды өтеу жағдайын сақтандыру, немесе ол азаматтық жауапкершілікті сақтандыру деп аталады.
Экономикалық тәуекелдерді сақтандыру (кәсіпкерлік тәуекел) мынандай 2 сала астына бөлінеді:

  • тікелей шығындар тәуекелін сақтандыру;

  • жанама шығындар тәуекелін сақтандыру.

Тікелей шығындарға – пайданы толығымен алмау шығындары, шикізат-тардың толық жеткізілмегендігінің салдарынан құрал-жабдықтардың тоқтап қалуының шығындары, ереуілдер және басқада объективтік себептер шығын-дары жатады.
Жанама шығындарға – айырылып қалған табыстар және тағы басқалары жатады.
Жүргізу формасына қарай, сақтандыру: міндетті және ерікті болып бөлінеді.
Міндетті сақтандырудың бастамашысы, заңды және жеке тұлғаларды қоғамдық мүдделерді қамтамасыз ету үшін қаражаттар қосуға заң негізінде міндеттеуші, мемлекет болып табылады. Міндетті сақтандыру мынандай жағдайларды қарастыратын заңнамалық актілер негізінде жүргізіледі:

  • сақтандыруға қажетті, объектілерінің тізімі;

  • сақтандыру жауапкершілігінің көлемі;

  • сақтандырумен қамсыздандыру деңгейі (нормасы);

  • сақтандыруға қатысушы тараптардың негізгі міндеттері мен құқықтары;

  • тарифтік қойылымдарды сақтандыру төлемдерін және басқа да кейбір мәселелерді белгілеу тәртібі.

Заң, міндетті сақтандыруды жүргізу тапсырылған сақтандыру ұйымын анықтайды. Міндетті сақтандыру кезінде сақтандыру объектілерінің толық-тығына қол жеткізеді. Бір жағынан, сақтандырудың міндетті формасы ерікті формаға тән сақтандырудың жекелеген объектілердің таңдамалылығын жоққа шығарады. Сақтандыру объектілерін максималды қамту есебінде, оны жүргізудің міндетті формасында минималды тарифтік қойылымдарды қолдану, сақтандыру операцияларының жоғары қаржылық тұрақтылығына қол жеткізу мүмкіндігі туындайды.
Ерікті сақтандыру міндетті сақтандыруға қарағанда, сақтанушымен сақтандырушы арасында тек ерікті түрде жасалған келісім кезінде ғана пайда болады. Мұндай келісім жасауда көбінесе тараптар арасында сақтандыру брокері немесе сақтандыру агенті сияқты делдалдар қатысады. Сақтандыру келісімі сақтандыру полисімен куәландырады.
Сақтандыру нарығының қатысушылары:

  • сақтандыру брокері;

  • сақтандыру агенті;

  • сақтандыру ұйымы;

  • актуарий;

  • сақтанушы;

  • тәуелсіз бағалаушы;

  • андеррайтер;

  • аджастер және т.б.

Сақтандыру брокері – сақтанушының тапсыруы бойынша сақтандыру-шымен сақтандыру шарттарын жасасуға және орындауға байланысты қаты-настарда сақтанушының атынан өкілдік ететін немесе өз атынан сақтандыру немесе қайта сақтандыру шарттарын жасасуға байланысты қызмет көрсету жөніндегі делдалдық қызметті, сондай-ақ сақтандыру және қайта сақтандыру мәселелері бойынша консультациялық қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;
Сақтандыру агенті – сақтандыру агенттерінің тізіліміне енген және тапсырыс шарты негізінде бір немесе бірнеше сақтандыру ұйымдарының атынан және олардың тапсыруымен сақтандыру шарттарын жасасу жөніндегі делдалдық қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
Сақтандыру ұйымы – сақтандыру шарттарын жасасу және орындау қызметін уәкілетті органның тиісті лицензиясы негізінде жүзеге асыратын заңды тұлға;
Актуарий – сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қажетті төлем қабілеттілігі мен қаржылық тұрақтылығының қажетті деңгейін қамтамасыз ету мақсатында сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша міндеттемелер мөлшерінің, сақтандыру сыйлықақысы ставкаларының экономикалық-математикалық есептеулерін жүргізуге байланысты қызметті жүзеге асыратын, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы жүргізіп жатқан және жүргізуді жоспарлап отырған сақтандыру түрлерінің пайдалылығы мен табыстылығын бағалауды жүргізетін, уәкілетті органның лицензиясы бар жеке тұлға;
Сақтандыру омбудсманы – сақтандыру нарығына қатысушылар арасын-дағы өзара қатынастарды реттеуді жүзеге асыратын, өз қызметінде тәуелсіз жеке тұлға;
Аджастер – функциясына сақтандыру төлемі бойынша өтінішті қарау және сақтандыру жағдайынан болған залалды бағалау кіретін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметкері;
Андеррайтер – функциясына сақтандыруға қабылданатын сақтандыру тәуекелдерін бағалау және сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарының талаптарын айқындау кіретін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметкері;



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет