Арман Тосканбаев Нурдана Кульбаева идеядан бизнеске дейін



Pdf көрінісі
бет43/73
Дата20.08.2023
өлшемі3,41 Mb.
#105410
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   73
81
 
Идеядан бизнеске дейін. Біреудің колынан келсе, сеніңде колыңнан келеді!
қолдандым. Бизнесте дос болмау керек деген тҧжырым 
бар, «тек бизнес, артық ештеңе емес» - осы сӛздерді
жиі естісек те мен келіспеймін. Әріптестеріммен бизнесті 
достық қарым-қатынассыз қҧруға болмайды деген 
тҧжырымды ҧстанамыз. Бӛтен адаммен компанияның 
ақшаны шығындауға қатысты ӛзекті сҧрақтарын 
жайбарақат талқылау мҥмкін емес, тек досыңмен арам 
ойсыз пікір алмаса аласың.
Серіктесіңмен іскерлік қатынас нағыз некемен пара 
пар. Ӛзіңіздің жҧбайыңызбен сӛзге келген кездері ҧзақ 
уақыт сӛйлеспей, бір-біріңізден алшақтап, жат адамдарға 
айналасыздар және бір уақытта қайтымсыз бір жерге кеп 
тірелесіздер. Бизнесте де дәл солай. Әрдайым диалог 
жҥргізу маңызды, ал бір мәселе туындаған жағдайда 
ҥндемей не жасырып қалмау керек. Мен әріптесітеріммен 
жиі кӛлікпен саяхаттап отырамыз, аса маңызды 
мәселелерді шешу, арамызда реніш сақтамау және бір- 
бірімізден алшақтамау ҥшін ҥш сағат жеткілікті. Жанҧя 
психологиясында бізге отбасы сағатын ҧйымдастыруды 
ҥйретеді, бҧл уақытта кҥйеуі мен әйелі ортақ тақырыптарды 
талқылап, ақпаратпен алмасады және бҧндай сағаттар 
сирек болса, арасындағы тҥсінбеушілік те арта тҥседі.


82
 
Ашықтық – ҧзақ серіктестік негізі
Шығармашылығымыздың соңына 
жеткенде ғана, біз неден бастау керек 
екенін тҥсінеміз.
Тургенев И.С.
 
 
 
Ашықтық – ҧзақ серіктестік 
негізі
 
«Біз тӛрт жақын достармыз және бірге компания 
аштық. Сізде осындай тәжірибеңіз болды, достармен 
жҧмыс жасаған қалай екен?» деген хат алдым. Алдындағы 
тарауда серіктестік жайлы сӛз қозғадым. Жолдастарыммен 
бірге жҧмыс жасағаныммен бӛлістім, екі жылға жетпей 
қарым-қатынасымыздың ҥзілгенін жаздым.
Әріптестікте ең негізгі қателік- бизнесті бастамай 
тҧрып келісіп алмау. Кӛбісі ауызша келіседі, біраз уақыт 
ӛткеннен кейін қалай келіскендерін ҧмытып та қалады. 
Барлығын тиянақты жазған дҧрыс. Қазіргі таңда әртҥрлі 
ҥлгілік қҧжаттарда, қҧрылтай келісімшарттарында кім 
қанша қаражатқа ие болатыны, кім қандай жҧмысқа 
жауапты болатыны, шығын қалай бақыланатыны туралы 
егжей-тегжейлі жазулы. Нақтырақ жазған сайын сіздің 
қорғанысыңыз кҥштірек болады. Бірақ бизнесті достар 
ашса кӛп жағдайларды талқылауға ыңғайсызданады. 
Қаражатты қалай бӛлу не қай уақытта қаржыны 
айналымнан шығарып алу мҥмкіндігін ашып айту 
қиындыққа тҥседі. Достық-әріптестік кӛбінесе: «Досым, 
тҥсін, солай болып қалды!» деген «жолдастық» тҥсініктеме 
негізінде қалыптасып, болашақта кӛп кедергі келтіреді. 
Осындай қарым-қатынас бизнесте бӛгет жасайды, егер 
жауапкершілік болса, міндеттемелер де бар, бҧл тек 
бизнес, жеке ештеңе болмауы тиіс. Эмоциялар мен қарым-




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет