Байланысты: 4 І. Арнайы білім беру ж йесінде даму кемістіктері бар балалар т
Зерттеудің әдісі: мүмкіндігі шектеулі балаларға білім беру процесі арнайы әдістерді қолдану арқылы ғана нәтиже береді. Тәрбие әдісі мен жүйесін таңдау барысында баланың жасы қай уақыттан бастап кемістігі пайда болғандығын ескеріп, оның психологиялық даму ерекшелігіне қарай танымдық сферасын арттыру, баланың білім алу іскерлігін барынша белсендететін, олардың сөз сөйлеуін дамытатын және оқу іскерлігіне қажетті дағдыларды қалыптастыру әдістері таңдалады. Тәрбие әдісі – тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің өзара байланыс әрекеттерінде оқушылардың тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуына бағытталған педагогикалық жұмыс тәсілдері. Әдістерді іске асыру барысында тәрбиеші оқушыларға педагогикалық ықпал жасайтын тәрбиенің тәсілдері мен құралдарын да қолданады. Тәсіл әдістің құрамды бөліктері, әрбір әдістің тәсілдері болады. Мысалы, үйрету мен жаттықтыру әдістерінің тәсілдері нұсқау, көрсету, машықтандыру, тапсырма т.б. Нақты тәрбие барысында әдістер мен тәсілдер арасында нақты шекара жоқ.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңын іске асыру барысында білім саласын демократизациялау, биік парасаттылыққа жеткізу мақсатында дамуында ауытқушылығы бар балаларға арнайы білім беру жүйесін жан-жақты ойластырып іске асырудың қажеттілігі маңызды. Бұл проблеманың жеке бастың бағыттау тұжырымдамасы көлемінде дамыта оқыту арқылы ғана шешімін табуға болады. Бұл сала осы заманғы психология және педагогикада жан-жақты талдануда (Л.С.Выготский, Л.А.Венгер, А.В.Запорожец, Л.В.Занков, А.Р.Лурия, А.Н.Леонтьев және т.б.).
Кеміс балаларды тәрбиелеу мен оқыту күрделі әлеуметтік және педагогикалық мәселе. Бұл мәселелер осындай балаларды мүмкіншілігіне қарай қоғамдық өмірге пайдалы, белсенді, өз бетінше өмір сүре алатындай дайындау мақсатындағы негізгі мәселелерді шешуге көмектеседі.
Іс-әрекет жеке адамның негізгі әлеуметтік қызметі болғандықтан, бұл ғылымы жан-жақты зерттеу кеміс балалардың әлеуметтік бейімделуіне, жүйе мөлшерін, қоғамның мәнділігін және ережелерін саналы түрге меңгеруге, өмір жағдайы мен өмірге баулуларына септігін тигізеді.
Дамуында ауытқуы бар балаларды тәрбиелеу – дефектологияның негізгі ұғымы болып табылады және баланың жалпы жетілуінде (құрбылармен, үлкендермен қарым-қатынаста араласуында, адам, жеке тұлға болуында) зор маңызы бар.
Кеміс балаларды тәрбиелеудің мақсаты мен міндеттері арнайы педагогиканың жалпы принциптерімен анықталады – белсенді, қоғамға пайдалы адам тәрбиелеу, адамгершілік, сүйіспеншілік қасиеттерін қалыптастыру, осының барлығы жеткілікті әдістердің мөлшерімен, құралдарымен, арнайы педагогика құрылымына сәйкес дәрежелермен әске асырылады.
Дамуында ауытқуы бар балаларды тәрбиелеу жанұя және мектеппен тығыз байланыста жүреді, өзара түсіністік, бір-біріне көмек көрсету тәртіпті талап етуді орынды үйлестіріп іске асырылады. Тәрбие процесінде ерекше қажеттіліктері бар балалармен атқарылатын тәрбие жұмыстары олардың жету және жас ерекшеліктерін ескере отырып, тәуелсіздігін қалыптастыру, өзіне-өзі қызмет ету дағдыларын, еңбек пен мәдени, мінез-құлықтарына бағытталып жүргізіледі. Даму мүмкіндігі шектелген балалардың белгілі бір қасиеттерін, көзқарастарын, сенімін қалыптастырумен қатар, ақыл-қабілеті, сана-сезімдері, ой еңбегі, өнегелік, эстетикалық тәрбиелік сұрақтарға байланысты нақтылы бір тәрбиелік міндеттерді шешуді қарастырады.
Дамуында ауытқуы бар балаларды оқытып тәрбиелеу және жетілдіру (дамыту – білім берудегі және меңгерудегі іс-әрекет дағдыларын, еңбекке және өмірге тәрбиелеудегі негізгі құрал мақсаттық процесс болып табылады.
Оқу процесін ұйымдастыру принциптері, мазмұны, міндеттері балалардың кемістік сипаты мен тереңдігін ескере отырып, әрбір нақты арнайы оқу орындарында жетілдіріледі. Осыған байланысты тәрбие әдістері мен техникалық құралдары таңдалынып алынады.
Оқыту және жетілдіру даму сипатын алу қажет, аномальды балалардың потенциалды мүмкіндіктері қызметтері қалыптасады, олар көбіне өз бетінше ешнәрсе істей алмайды, ал мұғалімнің көмегімен іске асырады.
Л.С.Выготскийдің қағидасына сүйене отырып, жуық арадағы даму актуалды аймағын білу, кеміс баланың өзінде болған мүмкіншілігін ғана емес, перспективасын да анықтайды. Л.С.Выготский еңбегіндегі дамыту тұжырымдамасы бойынша арнайы мектепте оқыту бағыты екі деңгейде дамытуға бағытталған:
І деңгейде - өзектендіріп дамыту (даму деңгеінің мәліметі – баланың өздігінен бір нәрсеге жетуінің нәтижесі)
ІІ деңгейде – жуық арадағы даму актуалды зонасы (баланың басқалармен, үлкендермен бірлесе отырып меңгеру деңгейі немесе баланың ертеңгі күні)
Л.С.Выготский оқыту дамытуды оздырып өзі ертіп жүреді деп, баланың кейбір даму сензитивті кезеңдерін ескеріп отырады. Оқыту процесі жуық арадағы даму аймағын актуалды жетілуіне жағдай жасау қажет, уақыт озған сайын бала педагогтың басшылығын қажет етпей, алдында тұрған тапсырманы өзбетінше шешуі қажет. Бұл - оқыту мен дамытудың ішкі өзара байланысын құрастырады, сонымен қатар дұрыс ұйымдастырылған оқыту психикалық қызметінің қалыптасуына сүйене отырып дамуына әкеледі. Еңбекке үйрету және тәрбиелеп оқыту дидактиканың негізгі мәселесі болып табылады. Арнайы мектептерде еңбек ерекше маңыз алады, өз бетінше өмір сүруге ғана үйретіп қоймай сонымен қатар мамандық игеруге үйретеді. Оқыту барысында аномальды бала болашақта өз бетінше өмір сүруге бейімделу мен өз-өзіне қызмет ету үшін қажетті білім дағдыларды үйренуі көзделеді.