Мүмкіндігі шектеулі балалардың сауатын ашу үшін қалай, неден және қандай жолмен бастап оқыту туралы мәселе қозғалады. Сауатын ашуға оқулықтар (әліппе), әліппе кестесі, әріп қиындылары, бейнелі суреттер және т.б пайдаланылады. Осы аталған оқу құралдарын әліппе оқуының барлық кезеңдерінде қолдануға болады.Оқып үйренудің негізгі мақсаты-әліппе оқулығындағы ол үшін жеңіл сөз тіркесі және қысқа сөйлемдерді оқып-
түсіну. Сонымен қатар әліппе оқу кезеңінде қолданылатын негізгі оқу құралдарынан басқа көмекші көрнекі құралдар болады. Оларды мұғалім әліппені оқыту кезеңінде пайдаланылады. Бірақ әліппені оқуға енгізу балалар үшін күтпеген жаңалық және айтарлықтай күрделі болады. Сауатын ашуға үйрету жүйесінің алғашқы кезеңінде айтарлықтай анық оқуына оңтайлы көмек беретін қиынды әріптер ең басты құралдардың біріне айналады.
Бірінші мақсат – әліппеге үйрену, оны пайдалануға дағдылану. Белгілер қоюды, партаның үстіне, орнына жинап алып қоюды, дұрыстап және ықтиятты түрде пайдалануды әліппе оқуына дейінгі кезеңнен біледі.
Екінші мақсат – дыбыстар мен әріптерді оқып – үйрену кезеңінде балаларды әліппедегі сөз тіркестерін және қысқа сөйлемдерді оқуға бірте- бірте үйрету. Алдымен жылжымалы қиынды әріптер мен әліппе кестесіне, сосын әліппеге көшу.
Сөздерді әліппеден және әліппе кестесінен оқи отырып, оларды жылжымалы қиынды әріптерде құрастыруға жаттығады; кез келген сөз немесе қысқа сөйлем қай жерде қандай тұлғағада жазылмасын ол сол астапқы нұсқасынан өзгермейтіндігін оқушылар түсініп біледі, сондықтан бір жерде бір түрлі тұлғада жазылған сөздер тіркесінің немесе қысқа сөйлемдердің басқа жерде өзгертіліп жазылған тұлғаларын еркін оқи беретін болады. Мүмкіндігі шектеулі балалар әліппені оқып отырған кезде сөзді тастап немесе жолға түсіп кетететін дағды-әдеттері болатынын есте сақтау қажет. Балаларды сөз тіркесін немесе қысқа сөйлемді оқып отырған кезде олардың реттік жүйесін мұқият қарап алуға, сөздердің байланысына зейін қойып оқуға үйретеді. Балалар жолдан ауытқып кетпеу үшін әліппенің бетіне шақталған қалың жіңішке тілік қағазды пайдаланады.
Үшінші мақсат – оқушылардың сөйлеу тіліндегі өз сөздері мен кітаптан оқыған сөздердің немесе қысқа сөйлемдердің арасын байланыстыруына жағдай жасау. Балалар кітаптағы сөздерді өздерінің сөйлеу тілдеріндегі сөздермен байланыстыра алмайды, сондықтан кітаптағы сөз тіркестерін оқығанда жіберетін орынсыз қателеріне көңіл аудармайды. Оқушылардың сөйлеу тілін дамыту жұмысы дегеніміз – ол әліппені оқуы мен сөйлеу тілін байланыстыру болады. Оқиға желісін бейнелейтін суреттермен жұмыс жүргізу. Бұндай жұмыс зияты зақымдалған балаларға тән қасиет бұрмалап оқудан сақтандырады.