Топтық интеграция – тогп мүшелерінің ӛзара бір-біріне ыңғайлану,
бейімделу негізінде топтың бір тұтастыққа айналу үдерісі. Топтың бірігу
және тығыз топтасу үдерісімен, оның (топтың) басқа әлеуметтік
құрылымдарға қатысты дербестігінің ұлғаюымен қосақталады.
Толқу-қызығушылық – адам басынан неғұрлым жиі кешіретін күшті
танымдық мотив болып табылатын жағымды эмоция. Мысалы, білім, білік
пен дағдыны меңгеру кезінде, шығармашылық іс-әрекет үдерісінде орын
алады.
Түзету еңбек педагогикасы –
заң бұзушыларды, кӛбінесе түзету-еңбек
мекемелерінде түзету және қайта тәрбиелеудің жағдайлары мен
ерекшеліктерін зерттейтін педагогика саласы (осы тұлғалардың
интллектуалды
және
тұлғалық
ерекшеліктерін,
олардың
түзету
мекемелерінде тұруға бейімделу үдерісі, еңбекке оң қатынасты тәрбиелеу,
түзетілуге мақсат етуді қалыптастыру әдістері). Ғылыми зерттеудің
нәтижелері сотталушыларға әсер ететін әлеуметтік-педагогикалық жүйені,
заң
бұзушыларды
әлеуметтендіруге
бағытталған
педагогикалық
ұсыныстарды жасау, олардың бостандықта қалыпты ӛмірге психологиялық
дайындығын
қалыатастыру,
ауыр
қылмыстың
алдын-алу
кезінде
пайдаланылады.
Түзету сыныбы – оқу кезінде қиындықтарды бастан кешіретін және
тәрбиелеу мен оқыту ерекшеліктерін ескеретін арнаулы оқыту
бағдарламасына мұқтаж оқушылар сыныбы. Ереже бойынша мұндай
сыныптағы бала саны аз (12-18 адам) болады.
Түзету жұмысы - баланың физикалық. Психикалық, адамгершілік
дамуындағы ауытқушылықтарды әлсірету, тӛмендету немесе жою бойынша
жеке бағдарланған іс-шаралар кешенін іске асыру.
Түзету арнайы педагогикасы - дамуларында әртүрлі ауытқулары бар
балаларды тәрбиелеу және оқыту туралы ғылым.