Топтық өзара әрекеттесу - кӛптеген обьектілердің (субьектілер)
ӛзара әрекеттесуі, ӛзара себепшілік мен байланыс тудырады; топ ішіндегі
құрамдар да, топ арасында да болады. Құрылымның пайда болуын
кіріктіретін фактор ретінде қызмет етеді.
Топтың ықпалын «активтендіру», белсендіру –нақты мүдделер мен
бастамаларға саяси қолдау кӛрсетуге және кӛпшілікті белгілі бір мәселе
тӛңірегінде кең ауқымда хабардар ету мақсатында құрылатын ұйым.
Мұндай топтар белсенді позиция ұстанып, мәселені шешу жолдарын
іздестіріп, ӛз мүдделеріне қатысты табысқа қол жеткізуді қолдайды.
Тұлғааралық әрекеттесу – кең мағынада - кездейсоқ немесе алдын-
ала ойластырылған, жеке немесе кӛпшілік, ұзақ немесе қысқа мерзімді,
вербальды немесе вербальды емес екі адамның немесе одан артық
адамдардың түйісуі салдарынан, олардың мінез-ққлықтары, іс-әрекеттері,
қарым-қатынастары, ұстанымдары ӛзгереді; тар мағынада - ӛзара себепті
индивидуалдық әрекеттер, циклдық себептерге тәуелді жағдайда әр
қатысушының мінез-қылығы, әрекеттеріне бір мезетте басқалардың мінез-
құлығына, әрекеттеріне стимул және реакция болады.
Тұлғаны - топтық бағалау - ӛте жақын таныстардың (құзыретті
тергеуші, сараптамашы) тұлғаның жеке басына тән түрлі сапаларын
бағалауына негізделетін әдіс.
Тұрмыс - өндірістен тысқары экономикалық және әлеуметтік ӛмір
шеңберіндегі іс-әрекет адамдардың қоректенуін, киімін, панасын,
денсаулық сақтауын және рухани игіліктерді, мәдениетті, қарым-
қатынасты, тынығуды, кӛңіл кӛтеруді қамтамасыз етеді.
Тұрмыстық жағдай – адамның тіршілік ету жағдайы, оның табиғи
қажеттіктерін тынығу, ӛзін күту, қарым-қатынас жасауы, кӛңіл кӛтеруі
және т.б. қанағаттандыру.
Тұлғаның активтілігі, белсенділігі – адамның қоғам үшін
шығармашылықпен, еріктік сапасымен, қарым-қатынасымен мәнді
ӛзгерістер жасау қабілеті.