«Арнайы педагогика» сериясы Серия «Специальная педагогика» №3-4 (30-31), 2012 Материалы круглого стола «Практика обучения и воспитания детей



Pdf көрінісі
бет75/87
Дата07.10.2024
өлшемі1,59 Mb.
#147049
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   87
Байланысты:
33-31-PB

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Специальная педагогика», №3-4(30-31) 2012 г. 
— 
90
:
 
Осы жобаны жҥзеге асыру нәтижесінде Қарағанды қаласының № 27 жалпы білім беретін мектеп 
негізінде инклюзивті білім беруші эксперимента сыныптар ҧйымдастырылды. Жоба нәтижесінде 
мектеп ішінде мҥмкіндігі шектеулі балаларға кӛмек кӛрсететін медициналық-педагогикалық, 
әлеуметтік- психологиялық қолдау қызметін жасайтын кабинет қҥрылды. Бҥл қызметте: 
директордың тәрбие ісіндегі орынбасары, дефектолог, тьюторлар, логопедтер, психологтер, 
медициналық қызметкер қызмет атқарады. Бҥл қҥрылған қызмет жҥмысы: диагностикалау, 
тҥзетуші-дамьпушы, консультативті жҥмыстар атқарады. 
Бҥл мектепте қазіргі кезде мҥмкіндігі шектеулі балалар саны ӛте кӛп. Олар: есту, кӛру, сӛйлеу, 
тірек- қимыл аппараты зақымдалған балалар жэне психикалық дамуы тежелген оқушылар. Жалпы 
саны 151 оқушы. Әзірше экспериментов 2-ші,3-ші қазақ сыныбымен, 5-ші, 6-ші, 8-ші орыс 
сыныптары алынды. Әр сыныпқа бір тьютерден бекітілген. 
, Медициналық-педагогикалық, әлеуметгік- психологиялық қолдау қызметінің мамандар командасы 
балалармен жэне ата-аналармен ӛз бағытгары бойынша жҥмыс жасауда. 
Логопед баланың сӛйлеуі дамуының деңгейін анықтайды, сӛйлеу картасын толтырып, тҥзету 
әдістерін таңдайды,сӛйлеу аппаратын дамыту жэне тҥзету бойынша жеке жэне топтық сабақтар 
жҥргізеді. Бала айна алдында эртҥрлі артикуляциялық жаттығулар жасайды. Логопедтік қол шатыр 
кӛмегімен массаж қабылдайды. 
Дефектолог баланың жеке қасиеттерін ескере отырып, оның қабілетгері мен дағдыларын 
анықтайды. Танымдық процестерін, сенсорикасын, ҥсақ жэне жалпы моторикасын дамытуға 
бағытталған дамыту және тҥзету сабақгарын ӛткізеді. Сабақ саусақ жаттығуларынан басталады. 
Дидактикалық, сюжетгік-рӛльдік ойындар кӛмегімен, сурет бойынша эңгімелеу, сурет салу, 
ермексаз сабақтары, ҥсақ жэне жалпы моторикасын дамытуға бағытталған ойындар арқылы балаңың 
танымдық жэне шығармашылық сапаларын дамыту бағытында жҥмыс атқаруда. 
Психолог баланың психологиялық жағдайы мен дамуын анықтайды, баланың танымдық, 
эмоциялық-еріктік жэне жеке басы сапасын дамыту жэне тҥзетуге бағытталған жҥмыстар жҥргізеді: 
баланың ӛзіне жэне айналасындағыларға кӛзқарасы, ӛз эмоциясын басқара білу қабілеті, әлеуметгік 
ортада ӛзін қолайлы сезінуі, танымдық саласының деңгейі, ӛзін-ӛзі бағалауы т.б. Тренингтер, 
танымдық ойындар мен жатгығулар, релаксация, арттерапия, аутотренингтер баланың психология- 
лык, дамуына жәрдемдеседі. Психолог тҥрлі мәселелер бойынша ата-аналар мен педагоктерге 
консультация береді, топтағы, отбасындағы эмоциялық ахуалга бақылау жасайды. 
Тьютор (ағылшын тілінен tutor- сӛзі) «қамқоршы», «жетекші» деген мағынаны білдіреді. 
Оқушыларды дербес жҥмыс жасауға, іскерлік белсенділікке баулып,оқу процесіне еркін енуіне 
кӛмектеседі. Тьютор оқушылармен, пэн мҥғалімдерімен жеке сҧхбатгасу, кеңестер мен тренингтер 
жҥргізу арқылы эр баланың сҥранысын анықтап, оқу материалын игеру деңгейіне сай біліміндегі 
алқьшықтардың орнын толтыру ҥшін қосымша жеке сабақтар алуына ықпал етеді. Тьюторлық 
қызмет оқушылардың оқу әрекетін ҥтымды ҥйымдастырып, олардың интеллектуалды дамуын жаңа 
сатыға кӛтереді деп сенеміз. 
Кабинет жҥмысы тек балармен ғана емес, олардың ата-аналарымен де жҥмыс жасауға 
бағытгалған. Әртҥрлі іс шаралар, жиналыстар консультациялар ӛткізіледі. Ата-аналар балаларының 
сабақтарына қатьіса алады, мамандар оларға баланы тәрбиелеу мен оқыту бойынша ҥсыныстар 
жасай алады. Олар балаларымен бірге ертеңгіліктер мен мерекелік шараларға белсене қатысады. 
Шараларға қатысу арқылы бала шығармашылық жағынан ашылады, сенімділікке ие болады, 
әлеуметтік жағынан бейімделеді. [1]. 
Біздің мақсатымыз рухани дамуы ҥшін психологиялық-педагогикалық жағдай жасау, ӛз-ӛзіне 
сенімді, белсенді, сау балалармен қарым-қатынас жасауға ҥйренген, ӛзіне-ӛзі қызмет жасай алатын, 
болашаққа оң кӛз қараспен қарай алатын бала тәрбиелеу. 
Қорыта келе, келешекте барлық білім беру ҥйымдарында осындай кабинеттер ашылып, 
мҥмкіндігі шектеулі балалар элеуметтен шет қалмайды, толыққанды ӛмір сҥріп, қуанышқа толы 
жҥрекпен ӛмір сҥреді деп ҥміттенеміз. Сонымен қатар, ең бастысы: мҥмкіндігі шектеулі балалардьщ 
қатарда болуы сау қҥрбы-қҥрдастарына мейірімділік, толерантгық, әділдік жэне тагы басқа да 
жалпы адамзатқа тэн жақсы қасиетгер туралы ой салып, сол қҥндылықтарды игерулеріне ықпал 
етеді. 
1.
 
 Нургалиева П.Д. Ерекше талаптары бар балаларга инклюзивті білім беру.
 // 
Мектепке дейінгі уйым 
басшысыныц аныцтамалыгы. 2012. - №9, - б. 35-37. 
2.
 
 Давлетпаева Т. Казахстан Республикасында тклюзивті білім беруді дамыту жүмыстары.
// 


Абай атындагы Қаз¥ПУ-нің Хабаргиысы, «Арнайы педагогика» сериясы №3-4(30-31) 2012 ж. 
91 


 
Дефектология. 2011.-№3,- б. 31-32 
3.
 
 Есенгазы Н. Инклюзивті білім беруді дамытуда психологиялыц - медицинстьщ - педагогикалык; кеңес 
берудің рӛлі //Дефектология. 2012. -№3, - б. 3 
Тҥйін 
Бҧл мақалада жалпы білім беру мектептерінде инюпозивті оқытуды ҧйымдастыру мәселесі 
қарастырылады. 
Summary 
In schools of what common form in it the article, inkluzivetion, to study examines question association. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   87




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет