Арнайы педагогика


Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары



Pdf көрінісі
бет14/136
Дата27.11.2023
өлшемі3,1 Mb.
#129284
түріОқулық
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   136
Байланысты:
Арнайы педагогика кітап

Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары
1. ХХ ғасырдағы мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды реабилитациялау 
жұмыстарындағы өзгерістерді атаңыз. 
2. Патернализм дегеніміз не? 
3. Мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың әлеуметтенуіндегі тәуелсіз 
өмір сүру идеялары. 
4. Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды әлеуметтік интеграциялаудағы 
арнайы педагогиканың міндеттерін атаңыз. 
§ 5. АРНАУЛЫ БІЛІМ БЕРУДІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 
1.
 
Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды экономикалық қолдаудағы 
қайырымдылық жұмыстары 
2.
 
Қазіргі жағдайдағы арнайы педагогиканың экономикалық 
негіздерін құру мәселесі 
Арнайы педагогиканың тарихына шолу жасайтын болсақ мүгедек 
адамдардың жағдайы көптеген факторларға тәуелді. Оның ішінде 
мемлекеттің 
саясаты 
мен 
құрылымы, 
халқының 
менталитеті, 
экономикалық жағдайы т.б. Осының ішінде мемлекеттің экономикалық 
дамуы білім берудің аясына тікелей қатыстығын көрсетеді. 
Арнайы білім беру жүйесінің тарихи дамуы көрсеткендей арнайы 
білім беруді ұйымдастырудың экономикалық қайнары шіркеулер 
тарапынан қайырымдылық көмек көрсету әрекетінен басталған. 
Уақыт өткен сайын қайырымдылық көрсету дәстүрлі түрде дамып, 
батыс елдерде патронатты қолдауды құрыла бастады. ХІХ аяғы мен ХХ 


38 
ғасырдың басында біраз мемлекеттерде (Франция, Ұлыбритания, АҚШ, 
Ресей, Швеция) қайырымдылық акцияларын ұйымдастыру кеңінен 
жайыла бастады. Атап айтсақ, шаруалар мен көпестер, интиллегенция 
қайырымдылық концерттер, спектакльдер ұйымдастыру, педагогикалық 
және әлеуметтік көмек түрлерін тегін көрсету жұмыстарын жүргізумен 
айналысып, қайырымдылық жұмыстарын балаларды диагностикалау, ата-
аналарына кеңес беру, медициналық, психиатриялық, педагогикалық 
көмек көрсетуге бағыттады. 
1917 жылғы Октябрь революциясына дейін арнайы білім беру жүйесі 
толығымен қайырымдылық қорының есебінен қамтамасыз етіліп келді. 
Арнайы білім беру жүйесін мемлекеттік тарапынан қаржыландыру 
мәселелерін шешу көптеген мемлекеттерде, оның ішінде Қазақстанда тек 
ХХ ғасырда басталды. 
Жеке меншікті жою Ұлы Қазан төңкерісінің жеткен жетістігі, яғни 
репрессияға ұшыраған провославиелік шіркеулер жеке қайырымдылық 
көрсету қорларының ұйымдастырылуына тыйым салды. 1930-шы жылдан 
бастап қайырымдылық көрсету жұмыстары мен қорды жинау толығымен 
тоқтатылып, арнаулы білім беру жүйесін материалдық жағынан 
қамтамасыз етуді Кеңес Үкіметі өз жауапкершілігіне алады. 
Мұғалім-дефектолог жұмысының күрделілігіне байланысты 1930-шы 
жылдардан бастап жалақыға 25%-дық үстеме төлеу туралы шешім 
қабылданады. Үстеме жалақы 1980-ші жылдарға дейін созылды да, 
арнаулы білім беру жүйесін реформалауға байланысты қысқартылды. 
Ұлы соғыстан кейінгі уақыттағы арнаулы білім беру жүйесінің 
материалдық жағдайы қалыпқа түсіп, арнаулы білім беру жүйесін 
қаржыландыру мәселесі мемлекеттік бюджеттен бөлінеді де, арнаулы 
мектеп-интернат оқушыларының мемлекет қарауына алынады. Арнаулы 
білім беру жүйесі үшін жағымды кезең 1960-70-ші жылдар болып 
табылады. 1980-ші жылдардың екінші жартысынан бастап 90-шы 
жылдардың басына дейін кризистік уақытты басынан өткізіп, арнаулы 
білім беру жүйесін қаржыландыру мәселесі толыққанды шешілген жоқ. 
Арнаулы білім беру жүйесіндегі экономикалық позицияны сақтау мен 
нығайтуға 2002 жылы ҚР «Кемтар балаларды әлеуметтік және 
медициналық-педагогикалық коррекциялық қолдау туралы» Заңын 
қабылданды. 
Арнаулы 
білім 
беру 
жүйесіндегі 
экономикалық 
перспективалар арнаулы білім беру жүйесін игеруші жеке тұлғаның білім 
алуын қамтамасыз етуге, құқығын қорғауға бағытталады, мемлекеттік 
білім берудің міндеттілігі қабылданады. Осыдан келіп мүмкіндігі 
шектеулі тұлғалар мен олардың ата-аналарының білім беру жүйесіндегі 
демократиялы түрде таңдау жасау құқығы қалыптасады. 1990-шы 
жылдарда қалыптасқан бұл идеяның жүзеге асуы арнаулы білім беру 


39 
жүйесін қаржыландыруға арналған құралдардың жоқтығынан шектеліп 
отырды. 
Өзге де мәселелердің қатарындағы күрделі кемшілігі бар балаларға 
арнаулы білім беру жүйесін қаржыландырудағы дәстүрлі жүйені қайта 
құру жұмыстары қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктердің, мүмкіндігі 
шектеулі бала тәрбиелейтін ата-аналардың ассоциацияларының баланы 
отбасында тәрбиелеуге деген ұмтылысының пайда болуына түрткі болды. 
Осы кезден бастап мемлекетімізде деинституциализация процесі 
басталады. Аталған процестің негізгі үрдісімен ата-аналардың дайындығы 
баланы жабық түрдегі интернат мекемелерінен отбасында тәрбиелеген 
дұрыс деген пікірлермен түсіндіріледі. Бұл процесс 1970-80 жылдары 
АҚШ-та, Еуропада дамып, процестің тиімділігі мемлекет шығынын 
үнемдеу мен баланы отбасынан, ата-анасынан алшақтатпауды ұстанып, 
Қазақстандағы арнаулы білім беру жүйесінің экономикалық даму тарихы 
жалпы білім беру жүйесіне қарағанда қалыпқа келуіне жағдай жасайды. 
Арнаулы білім беру жүйесінің материалдық деңгейі мемлекеттің 
жалпы ағымдық жағдайы арқылы анықталып, арнайы білім беру 
жүйесіндегі дағдарыс кезеңдері білім беру жүйесінің экономикалық 
тұрақтылығын төмендеуіне байланысты қазіргі өркениет дамуындағы 
гумманистік қағидалар үшін арнаулы білім беру жүйесіне қажет 
жағдайлардың тізбегі айқындалды: 

заңды түрде бекітілген мемлекеттік қаржыландырудың кепілдігі; 

мемлекеттік және қоғамдық (қайырымдылық), қаржыландыру 
мәселелерін интеграциялау; 

баланың және ата-ананың қажеттіліктерін мойындау: 

мүмкіндігі шектеулі баланы қоғамдық экономикалық жағынан толық 
қамтамасыз ету; 

мүмкіндігі шектеулі балалардың түрлі категорияларына тән 
өзгешелік 
қажеттіліктерді, 
әлеуметтік-экономикалық, 
этномәдени 
жағдайларды қамтамасыз ету, қаржыландырудағы вариативтілікті сақтау. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   136




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет