Арнайы педагогика


Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары



Pdf көрінісі
бет12/136
Дата27.11.2023
өлшемі3,1 Mb.
#129284
түріОқулық
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   136
Байланысты:
Арнайы педагогика кітап

Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары
1. Арнайы педагогикадағы философиялық түсініктерге сипаттама 
жасаңыз. 
2. Арнайы педагогикадағы философиялық білімнің атқаратын 
функциялары. 
3. Философиялық көзқарастардың дамуындағы қалыптан тыс даму 
туралы негізгі үрдістерге талдау жасаңыз. 
§ 4. АРНАУЛЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ 
ӘЛЕУМЕТТІК-МӘДЕНИ НЕГІЗДЕРІ
1. ХХ ғасырдағы мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды әлеуметке 
бейімдеудің жұмысындағы өзгерістер 
2. Мүмкіндігі шектеулі тұлғаны әлеуметтендірудің қазіргі 
тұжырымдамалары 
Адамның әлеуметтік қажеттілігі туралы идеялардың мазмұнына сай 
мүмкіндігі 
шектеулі 
тұлғаны 
әлеуметтік 
реабилитациялау 
тұжырымдамасы (В. Штерн, А. Мессер, Г. Риккерт) философтардың 
ықпалымен шет мемлекеттерде ХХ ғасырдың ортасына дейінгі аралықта 
дамыса, Қазақстанда ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басынан 
бастап қалыптасты. Аталған тұжырымдамаға сай мұндай тәрбие 
мектептері адамды қоғамның белсенді мүшесі ретінде тәрбиелеуге 
міндетті деп есептеп, мүмкіндігі шектеулі бала қоғамның құрып отырған 
бұл ережесінен тыс қалмай қалыпты балалармен тең түрде қоғамның 


33 
дамуына өз пайдасын, үлесін қосуы қажет деген әлеуметтік пікірлердің 
аясында қарастырыла бастады. Бұл контексте арнайы білім беру жүйесінің 
құндылығы айрықшаланып, мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды қоғамдық 
пайдалы еңбекке кемшілікті түзету мен компенсациялау негізінде 
араластырып, олардың өз бетінше өмір сүруін қамтамасыз ету 
басшылыққа алынды. Қоғам өзінің ережесі мен адам туралы заңдарын 
алдын ала құруда, мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың жан-жақты даму 
керектігін көрсетіп отырды. 
Бұл тұжырымдама Батыс Еуропа елдері мен АҚШ мемлекеттерінде 
ХХ ғасырдың 20-шы жылдарында жоққа шығарылып, социал-дарвинизм, 
биологиялық нәсілдік идеялары негізінде күшейтіліп, алғашқы дүние 
жүзілік соғыстан кейін мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың қажет еместігі, 
оларды қолдаудың еш нәтиже бермейтіндігі туралы теріс көзқарастар 
қалыптаса бастайды. Осы көзқарастар негізінде АҚШ, Канада, Дания, 
Швейцарияда, кейінірек Германияда мәжбүрлеу негізінде елді мұндай 
адамдардан тазарту туралы заңдар қабылданды. Осы идеялардың 
тәжірибеге енуіне зор ықпал етуде билік басын фашизм басқарған елдер 
маңызды орын алған уақытта, ұлтшыл-социалистер «әлеуметтік 
тұрғыдағы 
қажеттіліктерге 
ұшырағандарды» 
идеологиялық 
негіздемелермен қамтамасыз етуді қажет деп санады. Мүмкіндігі 
шектелген тұлғаларға деген көзқарастардың идеологиялық бағыты 
айқындалып, зардап шеккендерге көмек көрсетудің қажеті жоқ деген ой-
пікір қалыптасты. 1933 жылдың өзінде Германия мектептерінде нәсілдік 
гигиена, нәсілдік биология пәндері негізінде білім беру ісі 
ұйымдастырылып, әлеуметтік жағынан қажетсіз деп саналған күрделі 
түрдегі ақыл-ой дамуы бұзылғандарды, еңбекке жарамсыз мүгедек 
қарттарды, туберкулез, эпилепсиямен зардап шегетіндердің көзін жою 
жұмыстары жүргізілді. Мұндай тұлғаларға көмек көрсеткен педагог-
дефектологтардың ізіне түсіп, оларды концлагерьлерге жіберу немесе 
эмиграциялау жұмыстары қолға алынды. Арнайы педагогиканың тарихын 
зерттеушілердің пікірінше, соғыстан кейінгі Германиядағы арнаулы білім 
беру жұмысын дамытуды қайта қарастыру керек болды. 
Совет Одағындағы арнайы педагогикада мүмкіндігі шектеулі 
тұлғаларды әлеуметтік қолдау тұжырымдамасы социализм мен 
коммунизм дәуірін құру жұмыстарымен сәйкестене отырып, фашизм 
уақытындағыдай емес мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға қоғамдық 
көзқарастар тұрғысынан қарым-қатынас жасау бағыты құрылды. 
Сондықтан көптеген онжылдықтар бойы қамқорлық көрсету бағытындағы 
патерналистік позицияны ұстану, мүмкіндігі шектеулі балаға деген қоғам 
мен мемлекеттің позициясы оларды білім алуына мүмкіндік берудегі 
интернат типіндегі жабық білім беру мекемелеріне қабылдау, арнаулы 
білім беру кеңістігіне қосуды дұрыс деп санады. Білім берудегі әлеуметтік 


34 
бейімдеу жұмыстарының шектелуі, еңбек нарығындағы қажетті 
мамандықты игере алмау, жалақы көлемінің төмендігі мүмкіндігі 
шектеулі тұлғалардың кедейленуіне, олардың әлеуметтік қоғамдағы 
өздерінің ролін таба алмаушылық, әлеуметтік мәдени қызмет түрлерін 
орындай алмаушылық, қажетті мәдени ақпараттарды игермеушілік, т.б. 
сипатталатын маргинализациялануға әкеліп соқтырды. 
Патерналистік дәстүр бойынша мүмкіндігі шектеулі тұлғаның 
әлеуметтік мәдени ортамен байланысы шектеліп, отбасылық өмірдегі 
үздіксіздігі жойылады. Патернализм әлеуметтік белсенділікті ғана 
төмендетіп қоймай, мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың еңбек етуіндегі 
талаптардың шектелуіне апарады, соның ішінде маргинализациялануды 
күшейтеді. 
Шетелдерде соғыстан кейінгі жылдарда көтерілген демократиялық 
және ұлттық қозғалыстармен бірге адамның әлеуметтенуіне, қажеттілігіне 
бағытталған өзгерістер басталды. Осыған байланысты 1948 жылы «Адам 
құқығы» декларациясы қабылданған соң әлемдік қоғам гуманистік 
сипаттағы халықаралық құқықтық актілер бойынша өмір сүруге бет 
бұрады. 
Әлеуметтік 
реабилитациялаудағы 
жаңа 
көзқарастардың 
орталығына негіз болған мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды өз бетінше өмір 
сүруге, 
тәуелсіздікке 
бағыттауда 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   136




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет