53
болатындығын өзі жүргізген тәжірибелер арқылы баяндайды. Адам
психикасының дамуындағы мұндай заңдылық тек дамуында кемістігі бар
балаларда ғана емес, қалыпты дамыған балаларды да оқытып, тәрбиелеу
істерінде маңызды екендігіне көз жеткізді. Бала психикасының бастапқы
даму кезеңінде қабылдау үрдісінің алатын орны ерекше. Ал, мектеп
жасына дейінгі балалардың психикалық дамуы мен оның санасында
жетекші роль атқаратын ес процесі. Бұл кезеңде бала есінің қарқынды
дамуы қабылдауы мен сөйлеу тіліне, ойлау әрекетіне негізделіп, олардың
дамуы неғұрлым күрделене бермек. Мектеп жасындағы балалар
санасының дамып жетілуінде жетекші процесс – ойлау әрекеті. Ойлау
әрекетінің бұл кезеңінде қарқынды дамуы бала санасының өзге де
психикалық үрдістерінің шапшаң дамып, оның танымдық әрекеттерінің
тереңдеуіне қолайлы жағдай тудырады.
Л.С. Выготскийдің зерттеулері К.С. Лебединскаяның ұсынған
психикалық дамудың кешеуілдеу типтерін анықтаушы параметрлерді
құруға негіз болды.
Бірінші параметр
Достарыңызбен бөлісу: