Арнайы педагогика


Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары



Pdf көрінісі
бет21/136
Дата27.11.2023
өлшемі3,1 Mb.
#129284
түріОқулық
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   136
Байланысты:
Арнайы педагогика кітап

Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары
1. Арнайы педагогиканың зерттеу пәні. Арнайы психология мен 
арнайы педагогиканың байланысын көрсетіңіз. 
2. «Компенсация» ұғымының анықтамасын жасаңыз. 
Компенсациялаудың түрлерін сипаттаңыз. 
3. Қалыптан тыс психикалық дамуына тән негізгі параметрлерді 
атап көрсетіңіз. 
4. В.В. Лебединский психикалық дамудың кешеуілдеуін қандай 
типтерге бөлген? 
5. Психологиялық-педагогикалық-медициналық сараптаудың 
қағидаларына сипаттама беріңіз. 
§ 9. АРНАЙЫ ПЕДАГОГИКАНЫҢ ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ ЖӘНЕ 
ПСИХОЛИНГВИСТИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 
1.
 
Арнайы педагогиканың лингвистикасы және 
психолингвистикасы 
2.
 
Ойлау мен сөйлеудің қатынасы 
Тілдің мәнін, оның атқаратын қызметін, құрылымдары мен даму 
жолдарын түсіну арнайы педагогика үшін үлкен маңызға ие. Себебі, 
ойлаудың жүзеге асуы, адамның қоғамға араласуы үшін сөйлеу тілі қажет. 
Тілді тану – адам танымының қалыптасу құралы. Бала дамуындағы кез-
келген кемшілік баланың сыртқы ортамен қарым-қатынасқа түсуіне, 


60 
сөйлеу тілінің қалыптасуына кері әсер етеді, яғни баланың жалпы 
әлеуметтену жағдайына кедергі болады. 
Лингвистика мен психолингвистика мәселелерінің қатарында арнайы 
педагогика үшін маңызды тұстарын атап көрсетуімізге болады. 
Біріншіден,
лингвистика мен психолингвистиканың арасындағы 
қатынастардың бірлігі мәселесі. Лингвистердің зерттеуінше, тіл - жоғарғы 
деңгейдегі дамуды айқындаушы құрал. Индивид тіл арқылы тұрмыстағы 
заттармен 
танысып, 
олардың 
атауларын, 
қасиеттерін 
игереді. 
Психолингвистикалық бірліктер – сөйлеу әрекетінің қалыптасуымен 
байланысты анықталады. Сөйлеу әрекетінің құрылымы адам әрекетімен 
сәйкес келеді. Тілді меңгеру үшін сөйлеуге үйренудің түрлі құралдарына 
таңдау жасап, тілді меңгерудегі эвристикалық қағидаға сүйенеміз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   136




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет