Арнайы педагогика



Pdf көрінісі
бет24/136
Дата27.11.2023
өлшемі3,1 Mb.
#129284
түріОқулық
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   136
Байланысты:
Арнайы педагогика кітап

 
 
Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары: 
1. Қалыпты даму кезіндегі бала тілінің даму еркшеліктеріне 
сипаттама жасаңыз. 
2. Л.С. Выготскийдің ойлау мен сөйлеудің қатынасы туралы 
пікіріне сипаттама жасаңыз. 
3. Тілдік қарым-қатынасқа түсудегі әлеуметтік аспектілерді атаңыз. 
4. Сөйлеу тіліндегі кемшіліктердің қандай формаларын білесіз? 
5. Мүмкіндігі шектеулі балалардың (көруі, естуі бұзылған; ерте 
жастағы аутизмге шалдыққан; зияты зақымдалған; сал ауруы бар) сөйлеу 
тілінің ерекшеліктерін атаңыз. 
§ 10. АРНАЙЫ ПЕДАГОГИКАНЫҢ ӘДІСНАМАЛЫҚ ЖӘНЕ 
ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 
1. Арнайы педагогиканың әдіснамалық негіздері. 
2. Арнайы педагогиканың теориялық негіздері. 
3. Арнайы педагогиканың дамуындағы Л.С. Выготскийдің 
теориялық концепциялары, оның мәні. 
Кез-келген ғылым өзінің әдіснамалық базасын құрушы негізгі 
қағидаларға сүйенеді. 
Арнайы педагогика психиканы адам әрекетінің ең жоғарғы материясы 
болып табылатын мидың қызметіне бағындыра отырып, материя мен сана 
байланысты деген философиялық көзқарас негізіне сүйенеді. 
Арнайы педагогиканың негізгі әдіснамалық негіздері мыналар: 
Детерменизм – 
құбылыстардың жалпы себептік байланыстарын 
анықтайды. Бала психикасының дамуы биологиялық және әлеуметтік 
факторларға тәуелді. Биологиялық себептерге орталық жүйке жүйесінің 
органикалық бұзылуынан болатын дамудағы кемшіліктерді немесе 
функционалдық жетіспеушілікті жатқызамыз. Әлеуметтік себептерге 


63 
сәбилік шақтағы, ерте балалық шақтағы микроәлеуметік жағдайлардың 
жасалмауы жатады. 
Сананың, тұлғаның және әрекеттің бірлігі – 
адам тұлғасы туа 
бітпейді, керісінше сананың қалыптасып, белгілі бір саналы әрекет 
жасауға дайын болған кезде қалыптасады. Сана да өзі жеке тұрып 
қарастырылмайды, ол тұлғаның құрылымына кіріп, әрекет кезінде 
қалыптасады деген ұстанымға негіз болады. 
Дамуға қабілеттілігі – 
адам санасы өзгермелі, сондықтан ол әр 
уақытта өзгерістерге бейім тұрады. Баланың дамуы туралы білім, оның 
өзекті және потенциалдық даму деңгейінің талдауы психологиялық-
педагогикалық болжам жасауға, бала дамуындағы білім берушілік 
бағыттарды анықтауда маңызды деген пікір жасауымызға ықпал етеді. 
Арнайы педагогиканың теориясы мен практикасының дамуына үлкен 
үлес қосқан оқымыстылар: R.A. Heber, R.M. Hodapp, E. Zigler, 
T.E. Jordon, L. Kanner, E. Kraepelin, Л.С. Волкова, Р.И. Лалаева, 
В.Г. Петрова, А.Г. Литвак, Л.И. Солнцева, Е.А. Стребелева, Г.В. Чиркина, 
С.Г. Шевченко, М.Ш. Адилова, Ж.И. Намазбаева, Р.А. Сулейменова, 
А.А. Айдарханова т.б. 
Арнайы 
педагогиканың 
теориялық 
негіздері 
түрлі 
ғылым 
салаларынан тұратын білім құрастыруда мына еңбектердің қатары ерекше 
орын алады: 
- философиялық және әлеуметік мәдени тұжырымдамалар, олар бір 
жағынан арнайы педагогиканың әдіснамалық базасын құрса, екінші 
жағынан арнайы педагогиканың өз алдына ғылым саласы ретінде даму 
перспективасын анықтайды; 
- адамның жоғарғы жүйке жүйесі туралы түрлі мәліметтер 
И.П. Павлов, И.М. Сеченов еңбектерінде көрсетілген; 
- нейрофизиология мен нейропсихология салалары туралы білім, атап 
айтсақ А.Р. Лурияның мидың 3 блогы теориясы, бас миы қабығы 
локализациясының бұзылуы туралы теориялары; 
- балалар психиатриясы салаларындағы ғылыми мәліметтер (В.В. 
Ковалев, К.С. Лебединская, М.С. Певзнер, Г.Е. Сухарева); 

Л.С. 
Выготскийдің 
және 
оның 
шәкірттерінің 
ғылыми 
концепциялары; 
- психикалық дизонтогенез теориясы (В.В. Лебединский, В.И. 
Лубовский); 
- жалпы және аномальды дамудың спецификалық заңдылықтары 
туралы тұжырымдама (Л.С. Выготский, В.И. Лубовский, В.В. 
Лебединский); 
- Р.М. Боскис, Т.А. Власова, Р.Е. Левина, Н.Г. Морозова, Ж.И. Шиф, 
К.К. Өмірбекова, К.Б. Бектаева және басқалардың еңбектеріндегі 
педагогикалық тұжырымдамалар. 


64 
Л.С. Выготский дефектологияның эмпирикалық сипаттамалық 
позициясынан ғылыми негіздеріне көшуін қамтамасыз етудегі теориялық-
әдіснамалық негізін құрды. Оның ғылыми тұжырымдамалары өткен 
ғасырдың 1920-30-шы жылдарында құрылған тұжырымдамалары өзінің 
өзектілігін жоғалтпай осы кезеңге дейін жеткен. Арнайы педагогика 
ғылымы үшін өте маңызды Л.С. Выготскийдің тұжырымдамалары 
мыналар: 

психиканың мәдени-тарихы маңызы мен жоғары психикалық 
функциялардың қалыптасу концепциясы; 

қалыпты даму мен патологиядағы психикалық дамудың 
заңдылықтары концепциясы; 

дамудағы білім берудің ролін анықтау концепциясы. 
Арнайы білім берудің теориясы мен практикасындағы ерекше мәнге 
ие болып табылатын ғалымның идеяларына кез-келген кемшіліктің жүйелі 
түрдегі құрылуы мен дамудағы кемшіліктер кезіндегі компенсаторлық 
мүмкіндіктер, дамуында ауытқуы бар бала тұлғасының қалыптасуында 
ұжымдық формадағы әрекеттердің маңызы (оқу әрекеті, ойын әрекеті, 
еңбек әрекеті) орын алады. 
Психиканың мәдени-тарихи маңызы мен жоғары психикалық 
функциялардың қалыптасу концепциясына
сәйкес тұлғаның қалыптасуы 
қоғамдық-тарихи тәжірибелер негізінде игеріледі. Л.С. Выготскийдің 
пікірінше, сыртқы ортадағы практикалық әрекеттер бірте-бірте 
психикалық функцияларға ауысып, саналы түрдегі шартты сипатты 
бейнелейді. 
Сонымен қатар, Л.С. Выготский психиканың даму деңгейін екіге 
бөліп көрсетеді: шынайы биологиялық сипаттағы даму деңгейі және 
әлеуметтік сипаттағы даму деңгейі. Бұл деңгейлер сөйлеудің дамуымен, 
баланың 
белгілік-символдық 
әрекеттерімен 
байланысты, 
қорытындыланып, психиканың сапалы түрдегі қайта құрылуын, жоғарғы 
психикалық функциялардың қалыптасуын қамтамасыз етеді. 
Жоғары психикалық функциялар сапалы түрде адамдардың өмір сүру 
жағдайындағы қарым-қатынас кезінде, түрлі әрекеттерді игеру 
барысында, сөйлеуді игеруде қалыптасады. 
Адамның жоғары психикалық функцияларын анықтаушы белгілердің 
қатарына баланың ойын барысында, продуктивті әрекет кезінде 
қолданатын белгілік құралдарды, әріптерді, сандарды жатқызамыз. Тіл де 
белгілердің жүйесін құрайды. Белгілер мен символдар заттар мен 
құбылыстардың шынайы қатынастарын бейнелеуші адам әрекеті 
барысындағы модельдеуде (сызба, формулалар, чертеждер) өзара бірігеді. 
Жоғары психикалық функцияларға ерікті зейінді, ерікті есте 
сақтауды, логикалық есте сақтауды, сөздік-логикалық ойлауды, қабылдау 
арқылы талдауды, мағыналы сөйлеуді, шығармашылық ойлауды, жазбаша 


65 
сөйлеуді жатқызуға болады. Сонымен, адамның жоғарғы психикалық 
функциялары туа пайда болмайды. Олар адамның әлеуметтенуінің 
маңызды өнімі болып табылса, екінші жағынан адамның социумға енуін 
қамтамасыз етіп, қоғамдағы толыққанды өмір сүруін қамтамасыз етуші 
құрал. 
Психиканың мәдени-тарихы маңызы мен жоғары психикалық 
функциялардың 
қалыптасу 
концепциясы 
теориясынан 
шығатын 
қорытынды адамның дамуы биологиялық және әлеуметтік факторлардың 
бірігуі арқылы анықталады. Соның ішінде әлеуметтік фактор маңызды. 
Баланың қалыпты дамуы үшін оның организмі биологиялық жағынан 
орталық жүйке жүйесінің дамуы қалыпты болуы керек. Дегенмен дені сау 
бала, әлеуметтік депривация жағдайында қалатын болса, (ата-анасының 
қарауынсыз қалу, ақпараттар мен әрекеттердің жетіспеушілігі) бала дамуы 
кешеуілдейді. Психиканың толық дамуы үшін адам басқа адамдармен 
қарым-қатынасқа, әрекетке түсуін қамтамасыз ететін педагогикалық-
әлеуметтік жағдайлардың орны ерекше. 
Психиканың дамуындағы заңдылықтар концепциясына
сүйене 
отырып, қалыпты даму мен патологиядағы жалпы және өзгешелік 
заңдылықтарды анықтауымызға болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   136




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет