психологиялық-диагностикалық қағидалар
негізінде құрылады.
Жан-жақты және командалық тексеру қағидасы
бойынша бала
дамуындағы кемшіліктерді анықтаудатүрлі мамандардың (дәрігерлер,
психологтар, педагогтар) бірігуімен жүргізілетін жұмыстардың мазмұнын
анықтап, диагностикалаудың әрбір бағыты саралау жұмысының мақсаты
мен міндеті анықталады.
Баланы зерттеудегі жүйелілік қағидасы
кемшіліктің дамуындағы
құрылымдарды, кемшіліктің иерархиясын анықтайды. Психологиялық-
педагогикалық зерттеуде бұзылған психикалық процестерді, олардың
бағасын анықтау ғана емес сақталған психикалық процестер кезінде
анықталады.
Зерттеу қорытындыларының талдауын сандық және сапалық
жағынан біріктіру қағидасы
тапсырманың орындалғаны немесе
112
орындалмағаны туралы фактілерді анықтайды. Мұнда негізгі зерттеудің
сапалық түрдегі қорытындысы бірінші бола отырып, мынадай міндеттерді
көздейді:
-
баланың өз қателігіне немесе әрекет қорытындысына деген
қатынасын анықтау;
-
психикалық әрекеттің шартты формаларын қамтамасыз етуші
функциялардың бағасын беру;
-
мағыналы түрдегі әрекеттер мен оның қорытындыларын
мағынасы жағынан талдау;
-
педагогтың,
жолдастарының
ескертулеріне
берген
реакциясындағы ерекшеліктерді айқындау;
-
бала әрекетін сапалық жағынан арттыратын жағдайларды
айқындау;
-
психикалық процестердің сапалық ерекшеліктерін және олардың
даму деңгейін айқындау.
Динамикалық әрекет қағидасы
баланың жас ерекшелігін есепке алу
көзқарастары тұрғысында психикалық функциялардың жетілу реттілігі
мен дамуын, онтогенез заңдылықтарына қалайша сәйкес келетіндігін
анықтайды. Коррекциялық оқытуда бала дамуындағы кемшіліктің
динамикасын міндетті түрде есепке алу қажет. Берілген тапсырмаларды
орындаудың қиындығы қандай кездерде байқалатынын, яғни баланы
оқытудың шынайылығын, потенциалдық мүмкіндігінің қаншалықты
екендігін анықтайды.
Л.С. Выготскийдің концепциясына сәйкес психикалық дамудың екі
деңгейін, яғни дамудың өзектілігі мен «жақын даму аймағы» баланы
зерттеу процесінде анықтау керек. Жаңа әрекеттерді орындаудағы балаға
ересектердің көмек көрсетуін, әрекеттерді өзгертуде баланың білім алу
ерекшелігін
анықтауға
болады.
Оқыту
бір
жағынан
негізгі
диагностикалық-саралау
негізінде
орындалса,
екінші
жағынан
коррекциялық-білім беру жұмыстары оқушы мен педагог арасындағы
жұмыс стилін таңдауға мүмкіндік береді.
Басты іс-әрекетін ескеру қағидасы
жас ерекшелік кезеңдеріне сай
жүргізілген диагностикалау жұмыстарын құруда негізге алынады. Бала
дамуында бірнеше кезеңнен өтеді: нәрестелік, сәбилік, мектепке дейінгі,
бастауыш мектепке сәйкес, жасөспірім, жастықшақ. Әр кезеңіне сәйкес
баланың басты бір әрекеті негізгі болып есептеледі. Мысалы: сәбилік
кезеңде қимыл-қозғалыс және сөйлеу іс-әрекеті; мектепке дейінгі кезеңде
ойын іс-әрекеті т.б. Яғни мектеп жасына дейінгі балаларды зерттеуде
заттық және ойын әрекетінің қалыптасу деңгейі, оның негізгі құрылымдық
компоненттері (ойын ережесін түсіну, зат пен әрекет байланысын
анықтау) анықталуы керек. Мектеп жасындағы баланы зерттеуде оқу
әрекетіне, мектеп дағдыларының игерулі деңгейіне көңіл бөлінеді.
113
Дамудағы кемшілікті ерте диагностикалау
ерте балалық шақтағы
коррекциялық-дамыту жұмыстарын жүргізуде түрлі функциялардың
сензитивтілігін есепке алу, потенциалды мүмкіндіктерді анықтауға
мүмкіндік береді.
Диагностика мен коррекциялық жұмысының бірлігі
жеке және
топтық
жұмыстарға
арналған
коррекциялық-дамыта
оқыту
бағдарламаларын құруда тексеру жұмысының қорытындыларын нәтижелі
түрде қолдануға жағдай жасайды. Баланы зерттеу жұмысының мақсаты
мен міндеттерін анықтау, диагностикалау әдістемелеріне таңдау жасауда
арнайы маман психиканың дамуындағы жалпы заңдылықтарды, тұлға
дамуының негізгі кезеңдерін, жоғары психикалық функциялардың
қалыптасу логикасын, мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың психологиялық
ерекшеліктерін білуі тиіс.
Баланың жеке білім алуға қажеттіліктерін тексеру кезінде анықталған
танымдық және жеке дамудың көрсеткіштерін есепке алады.
Диагностикалау процесін құрудағы арнайы мамандардың алдына
қойылатын талаптар мен ережелерді былайша сипаттауымызға болады:
Арнайы білім беру мекемесіндегі диагностикалық әрекетті
ұйымдастырудың талаптары:
диагностикалау әрекетін ұйымдастыруда нормативтік-құқықтық
құжаттарды, білім беру мекемесінің қабылдаған ішкі жүйелік құжаттарды
негізге алу керек;
диагностикалық зерттеу технологиялары ғылыми негізде
құрылып, экспертизаға ұсынылатындай болуы керек;
диагностикалау процесіне қатысушылар тексеру жұмысы кезінде
ата-аналармен танысуда, қарым-қатынасқа түсуде «Ар-намыс кодексі мен
ережелерін» сақтауы керек;
диагностикалау процесіндегі бағалау жұмыстары кезінде баланың
потенциялдық мүмкіндігін, жақын даму зонасын есепке алу керек.
Баланың жеткен жетістігінің көрсеткіші дамудың әрбір кезеңінде арнайы
педагогтардың жеке жұмыс жүргізу әдістері мен технологияларын
таңдауға мүмкіндік беретінін есте ұстаған жөн;
арнаулы білім беру мекемесіндегі диагностика игерілген білім
беру бағдарламасының көлеміне (білім, іскерлік, дағды) ғана емес, сол
білім көлемін игерудегі қалыптасқан психологиялық механизмдерді де
(психологиялық-педагогикалық, сауықтыру, баланы жалпы дамыту
ортасының жағдайы) есепке алу керек;
диагностикалау әдістемелеріне таңдау жасауда баланың жетістігін
сандық және сапалық жағынан талдауға мүмкіндік беретін бағалау
өлшемдеріне берілген әдістемелерге назар аудару керек. Тестілеу
жұмыстары ерекше жағдайларда ғана (мысалы, психомоторлық дамуды
бағалауға арналған Н.И.Озерецкийдің өлшемдік тесті) қолданылуы керек;
114
кез-келген диагностикалау жұмысы белгілі мақсатқа бағытталуы
тиіс.
Тексеру жұмысы кезінде кең тараған, тәжірибеден өткен әдістер мен
диагностикалау әдістемелерін қолддану керек.
Эксперименттік-психологиялық зерттеулер мен ұзаққа созылған
бақылау жұмыстарының өзара бірлігі бала дамуының көрсеткішін бағалау,
психологиялық-педагогикалық көмек көрсетудегі тиімді жұмыстардың
жүргізілуін қамтамасыз етеді.
Баланы алғашқы тексеруде психологиялық-педагогикалық кеңес беру
орталығының мамандары (ПМПК) жүргізеді. ПМПК мамандары балаға
арнайы білім беретін мекеменің түрін анықтап, баламен жүргізілетін
жұмыстардың негізгі бағыттарын анықтайды.
Арнаулы балабақша немесе арнайы мектеп жағдайында балаға
бірнеше бағытта құрылған жан-жақты диагностикалық тексеру жұмысы
жүргізіледі.
Психологиялық тексеру
бала бойындағы кемшіліктің құрылымын,
деңгейін,
тәрбиеленушінің
психологиялық
даму
ерекшеліктерін
анықтайды. Диагностикалау жұмысының бұл бағыты жыл бойы
жүргізілетін коррекциялық-дамыту бағдарламасының мазмұны мен
міндеттерін анықтауға көмектеседі.
Педагогикалық тексеру
қоршаған орта туралы білім деңгейін, алдағы
уақыттағы игерілетін білім көлемі үшін дағды мен іскерліктің жағдайына
болжам жасайды.
Білім беру барысында бірнеше кезеңнен тұратын диагностикалық
зерттеу мен динамикалық бақылау жұмыстары ұйымдастырылады
I кезең – оқу жылының басында (қыркүйек айы) жүргізілетін тексеру.
Бұл кезеңнің мақсаты - кемшіліктің деңгейін, сипатын анықтау. Зерттеу
қорытындыларының нәтижесіне қарай жеке баламен, топпен жүргізілетін
коррекциялық жұмыстардың жоспары құрылады.
II кезең – оқу жылының ортасында (қаңтар айы) жүргізілетін тексеру.
Бұл кезеңнің мақсаты бала дамуының динамикасын, білім беру
бағдарламасын игерудегі қиындықтарды, олардың себептерін анықтау.
III кезең – оқу жылының аяғына (мамыр айы) жүргізілетін тексеру.
Бұл кезеңнің мақсаты - бала дамуының динамикасын, алдағы уақытта
жүргізілетін жұмыстардың түрлерін анықтау.
Балаға жүргізілген жан-жақты тексеру жұмыстарының қорытындысы
қажетті құжаттарға тіркеледі. Алынған қорытындылардың нәтижелеріне
қарай тәрбиеленушілердің әрбіреуімен жүргізілетін жұмыстардың әдіс-
тәсілдері, оқу-тәрбие жұмысының мазмұны анықталады. Баламен
жүргізілетін тексеру жұмысына арнайы педагогтар, ПМПК мамандары
қатысады. Күрделі кемшілік кезінде бала арнайы консилиумның
115
тексеруіне жолдама алады. Консилиумның қорытындысы бойынша қажет
болған жағдайда ПМПК тексеруіне диагнозды бекіту үшін қайта жібереді.
Достарыңызбен бөлісу: |