119
бұзылған тұлғалар қарапайым түрдегі жалпы білімді игеруде
дайындықтан өтіп, интенсивті түрдегі интеллектуалдық мүмкіндікті қажет
етпейтін мамандықты игеруге қабілетті.
Ақыл-ой дамуындағы кемшіліктің күрделі деңгейі анықталған
тұлғалар жеке дамыту бағдарламасы бойынша білім алып, даму
ерекшеліктеріне қарай гигиеналық, қарапайым тұрмыстық дағдыларды,
қарапайым еңбек дағдыларын игереді. Арнаулы білім берудің мазмұны
дамудағы кемшіліктің ерекшелігіне ғана емес, жас ерекшелік кезеңіне
байланысты құрылады.
Осы жағдайларға байланысты арнайы білім беру мекемелеріне
арналған оқу жоспарларынан бірнеше ерекшеліктерді байқауымызға
болады.
Жалпы білім беру циклындағы бағдарламалар
бойынша пәндер тізімі
жалпы білім беретін мектептерге ұқсас келеді. Зиятының жетіспеушілігі
бар балалардан басқа МШ балалар топтары цензалы білім алады. Кейбір
бөлімдерді оқытудағы сағат сандарының қысқаруы байқалады. Мысалы
шет тілі арнайы мектептің көбінде оқытылмайды.
Коррекциялық бағыттағы пәндердің оқытылу
мүмкіндігі шектеулі
балалар дамуының сипатына қарай анықталады. Мысалы зағип және
нашар көретін балаларға арналған мекемелерде «Кеңістікті бағдарлау», тіл
кемістігі бар оқушыларға «Қоршаған ортамен таныстыру және тіл
дамыту», ой-өрісінің жетіспеушілігі бар оқушыларға «Әлеуметтік-
тұрмыстық бағдарлау» пәндері оқытылады. Коррекциялық пәндер
бастауыш сыныптарға арналған оқу бағдарламаларына енгізілгендіктен,
бастауыш буындағы оқытудың ұзақтығы 4-5 жылға созылады. Оқу
жылының жалпы уақыты 10-12 жылмен есептеледі. Осы уақыт
аралығында арнайы мектеп оқушылары (зияты зақымдалған балаларға
арналған мектептерді қоспағанда) жалпы білім беретін мектептің 9 – шы
сыныбына арналған оқу бағдарламасын игереді.
Достарыңызбен бөлісу: