116
жұмыстардың мақсаты мен міндеттері де анықталады.
Кеңес беру
жұмыстарын
психологтар,
логопедтер
педагогикалық
және
диагностикалық бағытта жүргізеді.
Кеңес беру жұмыстарын ұйымдастырудың түрлі деңгейлері бар.
Оларды жеке түрде қарастырсақ, бірінші деңгейінде кеңес беруді
ұйымдастыру жұмыстары жүргізіледі. Екінші деңгейінде білім беру,
іскерлік пен дағдыны игертудегі кеңес беру жұмыстары құрылады.
Үшінші деңгейде қарым-қатынасқа түсу, шындық құбылыстармен
танысудағы ақпараттарды игерту жұмыстары жүргізіледі. Кеңес беру
жұмыстары барысында этикалық қағидаларды, психологиялық кеңес
берудегі әдістемелік тәсілдерді есепке алуымыз қажет.
Педагогика ғылымы мен білім беру тәжірибесіндегі маңызды
бағыттардың бірі - коррекциялық білім беру мазмұны. Осыдан он жыл
уақыт бұрын шамасында мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпы білім
беретін мектепке дейінгі және мектептерде оқытудың жағдайлары туралы
мәселелер көтерілген жоқ. Қазіргі күрделі
теориялық және практикалық,
өзекті мәселелердің қатарында психикалық және дене дамуында кемшілігі
бар балаларды әлеуметтік бейімдеу мен интеграциялау, коррекциялық-
дамыту оқыту мен тәрбиелеу жүйесін ұйымдастыру басты мәселе. Шет
мемлекеттерде жалпы білім беру мекемелеріне коррекциялық-дамыта
оқыту жұмыстарын енгізу ісіне баса назар аударылған. Бұл мәселенің
білім беру мазмұнын ғана қамтымай, әлеуметтік-қолдау
мен қорғау
туралы мәселе екенін есепке ала отырып, ҚР-ның бірнеше заңнамалық
құжаттары негізінде бағдарламалар бойынша жұмыс жасайды. Оның
ішінде ең маңыздысы «ҚР-ың 2011-2020 жылға дейін білім беруді дамыту
Стратегиясы».
Соңғы кездері коррекциялық білім беру мазмұны білім беру
бағдарламалары мен білім беру мазмұнын түрлендіре отырып
ұйымдастыруға бет бұрды. Көтерілетін мәселелердің мазмұны
коррекциялық білім берудің психологиялық-педагогикалық
аспектілеріне
талдау жасау арқылы сипатталады. Ерекше білім алуды қажет ететін
балаларды оқыту мен тәрбиелеу - күрделі әлеуметтік және педагогикалық
мәселе ретінде мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды өз мүмкіндектеріне сәйкес
қоғамдық өмірге араласуға, өз бетінше әрекет ете білуге қалыптастыруды
мақсат етеді.
Қазақстан Республикасының арнайы білім беру жүйесі 90-шы
жылдарда мүмкіндіктері шектеулі балаларды әлеуметтік бейімделуін
жетілдіру мақсатында халықаралық құқықтық актілер қабылданды, олар
“Бала құқықтары туралы Конвенция” (1989) және “Мүгедектердің
құқықтарының тепе-теңдігін қамтамасыз ету туралы ережелер” (1993),
білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балаларға арнайы білім беру және
жағдайын реттеу үшін “Саламандық декларация” (1994).
117
Көрсетілен заңнамалық құжаттарда бекітілген арнаулы терминдердің
мағынасына сәйкес түзету, қолдау жұмыстары ұйымдастырылады.
Достарыңызбен бөлісу: