Арнайы педагогика


Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары



Pdf көрінісі
бет54/136
Дата27.11.2023
өлшемі3,1 Mb.
#129284
түріОқулық
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   136
Байланысты:
Арнайы педагогика кітап

Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары
1. Медициналық-әлеуметтік-педагогикалық қолдаудың мақсаты мен 
міндеттері, мазмұны қандай? 
2. Медициналық-әлеуметтік қолдаудың шараларын атаңыз 
3. Психологиялық-медициналық-кеңес беру жұмыстарының қызметі 
туралы баяндаңыз. 
4. Отбасы жағдайында ерте диагностикалау мен ерте көмек көрсету 
жұмыстарының маңызы туралы баяндаңыз. 
5. Мемлекеттік тарапынан ерте жастан коррекциялық-педагогикалық 
көмек көрсету жүйесіне сипаттама беріңіз. 


138 
БӨЛІМ IV 
АРНАЙЫ БІЛІМ БЕРУДІҢ 
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕРІ 
§ 19. ЕСТУ ҚАБІЛЕТІ БҰЗЫЛҒАН БАЛАЛАРДЫ ОҚЫТУ МЕН 
ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖҮЙЕСІ 
1. Есту қабілеті бұзылған балалардың клиникалық-психологиялық 
мінездемесі 
2. Мектепке дейінгі арнайы білім беру ұйымдарында есту қабілеті 
бұзылған балаларды оқыту мен тәрбиелеу 
3. Есту қабілеті бұзылған балаларға білім берудегі коррекциялық 
оқыту мен тәрбие жұмысының ұйымдастырылуы 
4. Есту қабілеті бұзылған тұлғаларға кәсіби білім беру мен 
әлеуметтік бейімдеу 
5. Есту қабілеті бұзылған тұлғаларды жалпы білім беретін 
мектептерде оқыту мен тәрбиелеу
 
Есту қабілеті бала интеллектісінің дамуында ерекше орын алады. 
Есту қабілеті қалыпты бала айналадағы дыбыстарды естіп, ересектердің 
сөзіне еліктеу арқылы өз бетінше сөйлеуді игереді. Сәби ересек адамның 
түсіндіргенін қабылдап, айтқандарымен танысып таным әрекетінің 
күрделі түрлерін меңгереді, жасына сай сөздердің мағынасын ажыратуды 
үйренеді. Есту қабілетінің көмегімен өзінің сөзін басқалардың сөзімен 
салыстыруға, өзінің сөзіне бақылау жасауға, дыбыстарды дұрыс айтуға, 
тілдің лексикалық-грамматикалық құрамын игеруге дағдыланады. Уақыт 
өткен сайын сақталған ауызша сөйлеу мен жазбаша сөйлеуді игеруге 
жағдай жасайды. 
Есту қабілетінің бұзылу себептерін медициналық тексерулер 
инфекциялық аурулар, механикалық, акустикалық немесе контузиялық 
соққылар, тұқымқуалаушылық аурулар, туа пайда болған жағымсыз 
әсерлер құрайды. 
Қазіргі уақытта есту қабілетінің жағдайын дамудың ерте кезеңінде 
анықтаудың мүмкіндігі артуда. Есту қабілетінің бұзылу орны, деңгейі 
аудиометрияның көмегімен (аппаратураның көмегімен) анықталса, сөз 
арқылы тексеру естудің жағдайын анықтауда қолданылды. 


139 
Қазіргі 
уақытта 
есту 
қабілеті 
бұзылған 
балаларды 
классификациялауда 1961 жылы ұсынылған Л.В. Нейманның әдісі 
қолданылады. Мұнда «саңыраулық» диагнозы 75-80 дБ кезіндегі естудің 
жоғалуына қойылады. Саңыраулық сөйлеу диапазоны арқылы орташа 
арифметикалық жағдайда (500, 1000, 2000, 4000) анықталады. 
Саңыраулық 500-ден 4000 Герц аралығында былайша анықталады. 
I деңгейі — 50 дБ-ден аспайды; 
II деңгейі — 50-70 дБ; 
III деңгейі — 70 дБ-ден артық. 
Есту қабілетінің бұзылуын есту арнасының ерекшелігіне қарай төрт 
топқа бөледі: 
I топ – 125-250 Гц; 
II топ – 125-500 Гц; 
III топ – 125-1000 Гц; 
VI топ – 125-2000Гц-тен жоғары. 
Халықаралық классификация (1988ж.) бойынша 
естудің орташа 
деңгейдегі жоғалуына қарай: 500, 1000, 2000 Гц-пен төртке бөлінеді. 
I деңгей – 26-40 дБ; 
II деңгей – 41-55 дБ; 
III деңгей – 56-70 дБ; 
1Vдеңгей – 71-90 дБ; 
Саңыраулық – 90 дБ-ден жоғары. 
С
аңыраулық 
– құлақ қалқанының түбінен берілген дыбыстарды өз 
бетімен қабылдай алмаушылық, тұрақты түрдегі естудің жоғалуы. Бұл 
кезде бала айтылмайтын кейбір дыбыстарды (ысқырық, қоңырау, 
барабанды соғу) қабылдайды. Саңыраулық туа пайда болуы мүмкін және 
жүре пайда болуы мүмкін. Жүре пайда болған саңыраулық, ерте 
саңыраулық, сөйлеудің қалыптасқан кезеңінен кейін пайда болған 
саңыраулық, кеш саңыраулық деп ажыратамыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   136




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет