Арнайы педагогика



Pdf көрінісі
бет61/136
Дата27.11.2023
өлшемі3,1 Mb.
#129284
түріОқулық
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   136
Байланысты:
Арнайы педагогика кітап

Соқырлық
көрудің болмауы, жарық сезгіштіктің жоғалуы 0-0,04 
өткірлігімен сипатталады. 
Нашар көрушілік
0,05-0,2 өткірлігімен сипатталады. 
Яғни осыған қарай көруі зақымдалған балаларды екі топқа бөлеміз: 
Көзі мүлдем көрмейтін немесе практикалық соқырлыққа ұшыраған 
балалар
– көру сезімі толығымен жоқ немесе сәл ғана жарықты сезінетін 
балалар. Осы балалардың көру өткірлігі 0-0,04 дейін. Оқытуда 
тактильдық-есту қабылдауына сүйенеді. Оқу материалын рельефті-
нүктелік Брайль жүйесінде меңгереді. 
Нашар көретін балалар
– көру өткірлігі 0,05-0,2 дейінгі балалар. 
Көру өткірлігінің төмендеуімен қатар көру аймағының тарлығы, кеңістікті 
қабылдауының бұзылысы және тағы басқа зақымдары байқалуы мүмкін. 
Оқу мен жазуды дәстүрлі түрде меңгергенімен арнайы оптикалық 
құралдар 
қолдануды 
және 
санитарлы-гигиеналық 
шараларын 
ұйымдастыруды талап етеді. 
Көрудің сақталу деңгейіне қарай көру қабілеті былайша анықталады: 
-
а
бсолютті соқырлық - 
екі көздегі көру сезімталдығының 
жоғалуы; 
-
практикалық соқырлық - 
көру қалдығының сақталуы, жарық 
сезгіштік, заттардың формаларын (контур, силуэт, қолдың саусақтары) 
көру. 
Көрудің бұзылуы туа пайда болуы немесе жүре пайда болуы мүмкін. 
Туа пайда болған соқырлықтың себебі катаракта, глаукома, көз 
торшасының 
патологиясы, 
көру 
нервтерінің 
атрофиясының 
тұқымқуалаушылық жолмен таралуы болып табылады. Тағы бір себебі - 
ананың жүктілік кезіндегі түрлі инфекциялық аурулармен ауруы. Соңғы 
кезде кең таралған көруінің зақымдалуы баланың шала тууымен 
байланысты. Шала туған балаларда жиі 
ретинопатия
кездеседі. 


155 
Жүре пайда болған көрудің бұзылу себептері, көру органдарының 
ауруы, орталық нерв жүйесінің аурулары (менингит, ми ісігі, 
менингоэнцефалит), бас миының немесе көздің соққы алуы болып 
табылады. Балалар арасындағы көрудің бұзылуындағы негізгі клиникалық 
формалары нерв жолдарының, көру анализаторының қабықтық 
зоналарының зақымдануы, көз хрусталінің (катаракта) бұзылуымен 
түсіндіріледі. Балалар арасында кездесетін көру қабілетінің бұзылуларына 
қылилық, амблиопия, астигматизм т.б. жатады. Аталған кемшіліктердің 
әсерінен бала бойында анықталатын жағымсыз жағдайлар: 
- кеңістікте бағдарлай алмауы; 
- қимылдық сфераның шектелуі; 
- дүниетанымының тарлығы; 
- әлеуметтік тәжірибесінің шектелуі; 
- эмоциядағы, мінездегі ерекшеліктер; 
- ойын, оқу, еңбек әрекетін игерудегі қиындықтар; 
- өз-өзіне деген сенімсіздік, пассивтіліктің байқалуы; 
- шектен тыс қозғыштық, ашуланшақтық, агрессия. 
Қазіргі уақытта көру қабілетінің төмендеуі тек бір себеппен немесе 
бір аурумен ғана анықталмайды. Көбінесе бір балада бірнеше көз 
ақаулары кездеседі. Мысалы: көз өткірлігінің төмендігі+қилылық+ 
нистагм немесе көру аймағының тарлығымен қатар көз өткірлігінің 
төмендігі. 
Қылилық - 
көру сызықтарындағы кемшілік, көздің қимылдатқыш 
функцияларының бұзылуы, фиксацияның жалпы нүктелеріне көз 
сызықтарының сәйкес келмеуі (паралитикалық және сәйкессіздік) 
Паралитикалық түрі буындардың салдануынан немесе (парез) құрысу 
салдарынан пайда болады. Негізгі себептері соққы алу, ісіктер, 
инфекциялық аурулар, интоксикация, қан кету. Қылилық кезіндегі түрі 
тұрақты және қайталанбалы күйде жалпы фиксация нүктесіне бір көз 
сызығының сәйкес келмеуінен болады. Негізгі себептері: орталық нерв 
жүйесінің аурулары, рефракцияның бұзылуы, көз қимылдатқыш 
аппараттың аномалиясы. Қылилық жұмысқа деген қабілеттілікті 
жоғалтады, монопулярлық көру пайда болады (қабылдау бірде бір көзбен 
бірде екінші көзбен жүзеге асады) Балаларда қылилық 2-3 жасқа таман 
пайда болады немесе күрделі аурулардан кейін, қорқыныштан пайда 
болады. Қылилықтың әсерінен көру төмендейді. Дисбинокулярлық 
амблиопияның екі түрі болуы мүмкін: 
-
дұрыс фиксациялы амблиопия (орталық) фиксациялық аймақ - 
орталық тор шұңқыршасы. 
-
теріс фиксациялы амблиопия (орталық емес) фиксациялық 
орталық – көз торшасы. 


156 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   136




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет