159
Үшінші кезеңде
кейбір пәндерге байланысты өзгертулер енгізілген
(информатика,
еңбекке
баулу)
жалпы
білім
беретін
мектеп
бағдарламасымен ұйымдастырылады.
Соқыр балаларға арналған мектептердегі оқыту жалпы білім беретін
мектептің алтынүктелік брайльдық шрифтімен жазылған оқулықтарымен
қамтамасыз етіледі. Оқу практикасына қабылдау, кеңістікті бағдарлау
мүмкіндіктерін
кеңейтуге
арналған
оқытудың
тифлотехникалық
құралдары (жазуға арналған арнайы құралдар, жарық сигналдарын беруші
құралдар) кеңінен қолданылады. Нашар көретін балалармен жұмыс
кезінде көру қабілетін дамытуға арналған жағдайлар жасалады және
көрудің нашарлығына сәйкес келетін дәптерлер, көрнекі, дидактикалық
материалдар, оптикалық және техникалық құралдар қолданылады.
Соқыр және нашар көретін балаларға арналған мектепті аяқтаған бала
жалпы білім беретін орта мектепті бітіргені жөніндегі аттестат алады және
жалпы негіздегі ЖОО-да білімін жалғастырып, мамандығы бойынша
қызмет етуіне, халық шаруашылығының жекелген саласында еңбек етуді
үйренеді.
Көру қабілеті бұзылған балаларға білім беру бағдарламасының
ерекшеліктері былайша анықталады:
-
дайындық сыныбының ұзартылуы (бастауыш сыныптарда);
-
нашар көретін балаларды бастауыш сыныпта оқытуда көру
қабілетінің жұмысын қалыптастыру, заттың көрнекі образы мен сөз
арасындағы сәйкестікті қалыптастыру, жазуға дайындау;
-
зағип жандарды арнайы Брайльдік жүйе бойынша оқыту;
-
рельефті-дидактикалық материалдармен жұмыс жасау дағдысын
қалыптастыру.
Математиканы оқыту бағдарламасының ерекшеліктері:
-
дайындық сыныбының ұзартылуы;
-
микро- және макро- кеңістікті бағдарлау дағдысы мен тәжірибесін
қалыптастыру;
-
заттардың кеңістікте орналасуын бағдарлауды өлшеу, сызу
дағдылары арқылы дамыту, заттың формасы, көлемі, саны, қасиеттері
туралы ұғым қалыптастыру;
Достарыңызбен бөлісу: