Арнайы педагогика



Pdf көрінісі
бет76/136
Дата27.11.2023
өлшемі3,1 Mb.
#129284
түріОқулық
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   136
Байланысты:
Арнайы педагогика кітап

Тремор 

 
аяқ-қолдың дірілдеуі. 
Тепе-теңдік пен қозғалыс кооринациясының бұзылуы
(атаксия) отыру, 
тұру кезіндегі тұрақсыздықтар. 
Кинестезия
– қимылды сезіну жағдайының бұзылуында дененің 
орналасу қалпын аджырата алмаушылық. 


187 
Түзелу, статикалық рефлекстердің дамуындағы жетіспеушіліктен 
баланың ерікті түрдегі моторика дамымайды. 
Синкинезия 

 
белсенді түрдегі қимыл-қозғалысқа түсу барысында 
дененің еріксіз қозғалыстарды реттей алмаушылығы. 
Сонымен, «церебральді паралич» термині жеке организм дамуының 
әр түрлi кезеңдерiнде мидың толық жетілмеуі және оның бұзылуының 
нәтижесiнде дененің тұрақты қалпын сақтай алмауы мен нақты 
әрекеттерді орындауда қабiлетсiздiктерімен сипатталады.
Церебральді 
паралич кезеңіндегі мидың зақымдануы сенсорлық, танымдық аясында 
және қимыл-қозғалыстарында күрделі бұзылыстары пайда болады. 
Соңғы жылдары церебральді паралич диагнозы қойылған балалардың 
саны едәуір өсуі байқалады. Әртүрлі авторлардың мәліметі бойынша 
(Нэнси Р. Финни, Хелен А. Мюллер, М. Бакс, Никитина М.Н., Семенова 
К.Л., Махмудова Н.М., Белова Г.И., Бадалян Л.О., Серганова Т.И., и др.) 
1000 баланың ішінен 1,5-2,5 бала церебральді паралич диагнозы 
қойылады. Қазіргі таңдағы ғылыми зерттеулерде церебральді паралич – 
орталық жүйке жүйесінің зақымдалуынан пайда болатыны дәлелденген. 
Оның әсерінен тірек-қимыл қозғалысының бұзылуы, сенсорлық, сөйлеу 
тілінің және танымдық сфераларының зақымдалуы көрініс табады. 
Сонымен қатар церебральді параличі бар балалардың бойында қосалқы 
кемістіктер жиі көрінеді. Оның ішінде: көру қабілетінің зақымдалуы – 
25%; есту қабілетінің бұзылуы – 20%; зиятының жетіспеушілігі – 25%; 
психикалық дамуының тежелуі – 40%. Демек, осы категориядағы балалар 
арнайы білім берудің сапасына тәуелді, бірақ ұзақ жылдар бойы арнайы 
педагогика саласы бойынша осы мәселелерге тиісті көңіл бөлінбеген. 
Бұндай балалардың психологиялық функциясын, жас ерекшелігін және 
күрделі ауытқудың категориясына қарай жеке коррекциялық оқытуды 
қажет етеді. 
Біздің елімізде де бұл өзекті мәселелердің бірі болып табылады. ҚР-да 
церебральді паралич диагнозымен 9000 бала тіркелген. Қазақстан 
Республикасында квалификациялық көмек көрсету бойынша арнайы 
бағдарламаның әзірленбегендіктен бұл мәселе күрделенуде. Әлемдік 
педагогикалық тәжірибелердің зерттеулерінде церебральді параличпен 
ұштасатын бірнеше ауытқу мен дамуында кемістігі бар балалардың даму 
ерекшеліктері туралы мәліметті үнемі толықтырып, олардың әлеуметтiк 
оңалтуын мүмкiндiктеріне жаңа көзқараспен толықтырылып, олардың 
білім алуы мен тәрбиелеуі мазмұнын жаңа әлеуметтiк-экономикалық 
шарттарда жетiлдiру үрдісінде. 
Балалар церебральды салы кезіндегі психикалық кемшіліктер мен оны 
түзету жұмыстары Л.А. Данилова, Э.С. Калижнюк, Г.В. Кузнецова, Е.М. 
Мастюкова, О.Г. Приходько, К.А. Семенова еңбектерінде толық 
зерттеледі. Авторлардың барлығы балалар церебральды салы кезіндегі 


188 
психиканың дамуындағы ерекшеліктер танымдық әрекеттің, эмоциялық-
ерік аймағының, тұлғаның қалыптасуындағы функцияларды жояды деген 
болжам жасайды. Бұл балалардың көпшілігінде танымдық әрекеттің 
төмендігі байқалады. 
Эмоциялық-ерік 
аймағының 
бұзылуы 
эмоция 
түріндегі 
қозғыштықты, көңіл-күйдің тұрақсыздығымен байқалады.
Балалар церебральды салы кезінде 80%-ға дейін сөйлеу тіліндегі 
кемшілік кездеседі. Осы кездегі сөйлеу тілінде кездесетін кемшіліктер: 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   136




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет