183
Психикалық дамуы тежелген мектеп жасына дейінгі балалардың
психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері 4-5 жасқа дейінгі уақытта
байқалады. Олардың бойында байқалатын кемшіліктердің түрлері
мыналар:
- ересектермен қарым-қатынасқа түсудегі эмоцияның әлсіздігі;
- сөйлеу тілінің кезеңдердің кешеуілдеуі;
- моторика мен көру координациясының баяу дамуы.
ПДТ балаларда мектепке қабылданған уақытта баланың дене дамуы
артта қалу, мектепке баруға деген мотивтің қалыптаспау, бала мектепке
оқу үшін емес, ойын әрекетіне араласу үшін ғана баруға ықылас білдіруі,
бала мектептің жалпы талаптары мен ережелеріне көндіге алмау,
эмоциялы-ерік сферасы, интеллектуалдық қабілеттері төмендеу белгілері
байқалады. Сонымен бірге, тапсырманы аяғына дейін орындамаушылық,
мектеп бағдарламасын игере алмаушылық байқалады.
Психикалық дамуы тежелген балаларды оқыту мен тәрбиелеудің
коррекциялық бағыттары арнаулы білім беру мекемелеріндегі
диагностикалық, тәрбиелілік, коррекциялық-дамытушылық, сауықтыру
және білім беру міндеттері арқылы жүзеге асады.
Достарыңызбен бөлісу: