Арнайы педагогика


Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары



Pdf көрінісі
бет72/136
Дата27.11.2023
өлшемі3,1 Mb.
#129284
түріОқулық
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   136
Байланысты:
Арнайы педагогика кітап

Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары
1. Ақыл-ой дамуының кешеуілдеу себептерін атаңыз. 
2. Мектеп жасына дейінгі олигофрен баламен жүргізілетін 
коррекциялық-педагогикалық жұмыстардың мазмұнын анықтаңыз. 
3. Зияты зақымдалған балаларға арналған мектеп бағдарламаларының 
құрылуындағы ерекшеліктерді атаңыз. 


180 
§ 23. ПСИХИКАЛЫҚ ДАМУЫ ТЕЖЕЛГЕН БАЛАЛАРДЫ ОҚЫТУ 
МЕН ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖҮЙЕСІ 
1. Психикалық дамуы тежелген балалардың клиникалық-
психологиялық мінездемесі 
2. Мектеп жасына дейінгі психикалық дамуы тежелген баланың 
психологиялық-педагогикалық даму ерекшеліктері 
3. Психикалық дамуы тежелген баланы оқыту мен тәрбиелеудің 
коррекциялық бағыттары 
Орта мектептің бағдарламасын игере алмайтын балалар арасында 
психикалық дамуы тежелген балалар жиі кездеседі. Сондықтан да 
мектепке дейінгі ересек балалар арасында осы категорияға жататын 
балаларды дер кезінде анықтау және олардың психикалық ерекшелігін 
зерттеу өте маңызды саналады. 
«Психикалық дамудың тежелуі» түсінігі орталық жүйке жүйесінің 
(ОЖЖ) органикалық және функционалдық жетіспеушілігі кезіндегі бала 
әрекетіне байланысты қолданылады. Бұл балаларда есту, көру, сөйлеу, 
тірек-қимылдың бұзылуы, интеллектінің бұзылуы болмайды. Психикалық 
дамудың тежелу клиникалық сипаты тәртіптің күрделі формаларының 
дамымауы, 
мақсатты түрдегі әрекетке түсудің жетіспеушілігі, 
энцефалопатиялық бұзылулармен түсіндіріледі. Аталған симптомдардың 
патогенетикалық негіздерін Г.Е. Сухарева, Т.А. Власова, М.С. Певзнер, 
К.С. Лебединская, В.И. Лубовский, М.Ш. Адилова зерттеулері 
көрсеткендей, орталық жүйке жүйесінің аурулары, олардың резидуалды-
органикалық зақымдануы құрайды. 
Психикалық дамудың тежелуі ұрықтық кезеңдегі ОЖЖ-нің 
зақымдануынан, инфекциялық, созылмалы аурулардан болуы мүмкін. 
Психикалық дамудың тежелуінің этиологиясы биологиялық факторлармен 
емес, әлеуметтік факторлардың да әсерінен болуы ықтимал. 
А.О. Дробинская, М.Н.Фишман еңбектеріндегі нейрофизиологиялық 
зерттеулер 6-8 жастағы балалар арасында оқудағы қиындықтардың 
байқалуы ми құрылымдары мен олардың арасындағы байланыстардың 
дамуы нормадан ауытқуы салдарынан болады деп беріледі. Осы жастағы 
танымдық қабілеттердің төмендігі ми қыртыстары, соның ішінде маңдай 
және төбе бөлігіндегі қабықшалардың дамуындағы жетіспеушіліктерден 
болатындығы 
көрсетіледі. 
Аталған 
авторлардың 
зерттеулерінде 
клиникалық-психологиялық синдромдардың төрт түрі беріледі. 

Психикалық инфантилизм синдромы 
баланың эмоциясының 
жетіспеушілігін анықтайды, яғни маңдайдағы диэнцефальды жүйелеріндің 
баяу дамуынан баланың эмоциясы өзінің жас шамасына сай келмейді. 


181 
Күрделі түрінде К.С. Лебединская, И.Ф. Марковская көрсеткендей, 
дисгармониялық инфантилизм, танымдық қабілеттердің бұзылуы орын 
алады. 
- Церебростениялық синдром
ақыл-ой және дене даму кезіндегі жүйке 
жүйелерінің 
тұрақсыздығымен 
түсіндіріледі. 
Аталған 
синдром 
гидроцефальды синдром кезінде (бас сүйекішілік қысымның жоғарылауы) 
байқалады. Бұл балалардың бас пішіні үлкен, маңдайлары жоғары, маңдай 
мен самай бөліктерінде қан тамырларының шығуы орын алады. Бұл 
балаларға тән белгілер: қимылдық қозғалыс кезіндегі дәлдіктің болмауы, 
ұсақ л моторикасының бұзылуы, көңіл-күйдің аяқ-асты өзгеруі, 
жылауықтық, апатиялық жағдайларға берілгіштік. 
- Гипердинамикалық синдром
жалпы қимылдағы тежелулер, қозу, 
импульсивті жағдайлармен сипатталады. Зейін, тәртіптегі ерікті 
қозғалыстар, қарым-қатынастың бұзылуы байқалады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   136




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет