Арнайы педагогика



Pdf көрінісі
бет36/136
Дата27.11.2023
өлшемі3,1 Mb.
#129284
түріОқулық
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   136
Байланысты:
Арнайы педагогика кітап

Оқыту әдісі
– бұл өз алдына мақсаты мен міндеттері бар, біртұтас 
құрылымдық жүйеден тұратын педагогикалық көмек көрсету тәсілі. 
Әдістемелік тәсіл – бұл нақты оқушының жауабын қажет ететін 
мұғалімнің қарапайым әрекеті. 
Оқыту әдістемесі оқытудың нақты мазмұны мен әдісін анықтаушы 
педагогикалық технология. 
«Әдістемелік» және «әдіснамалық» түсініктер мағынасына қарай 
ажыратып алуымыз керек. Әдіснама – бұл нақты ғылыми көзқарастар 
негізіндегі қағидаларды ұстанатын философиялық категория. 
Оқытудың әдістерін түрлі позициядан қарастыруда бірнеше 
классификация белгіленген. Арнайы педагогика үшін Ю.К.Бабанскийдің 


84 
ұсынған оқытудың біртұтастығын есепке алып, құрған классификациясын 
қарастырамыз. 
Аталған классификация үш топқа бөлінеді: 
I топ – оқу-танымдық әрекетті ұйымдастыру әдісі. Бірінші топтағы 
әдістер былайша бөлінеді. 
-
сөздік, көрнекілік және практикалық әдістер (оқу материалын 
қабылдауына қарай); 
-
индуктивті және дедуктивті (интеллектуалды әрекет); 
-
репродуктивті және зерттеушілік-ізденіс (ойлаудың дамуы); 
-
мұғалімнің көмегімен оқушылардың өз бетінше жұмыс жасауы. 
II топ – ынталандыру және бақылау әдісі. 
III топ – бақылау және өзін-өзі бақылау. 
В.А. Онищук ұсынған әдістердің классификациясында мұғалім мен 
оқушы әрекетінің түрлері беріледі. 
- коммуникативтік; 
- танымдық; 
- жүйелілік; 
- бақылау. 
Мүмкіндігі шектеулі балалардың танымдық әрекетінің баяулығына 
(ойлау мен сөйлеудің, сенсорлық-перцептивтік әрекеттің, зейіннің 
баяулығы) байланысты аталған әдістердің классификациясы толығымен 
пайдаланылмайды. Коррекциялық оқыту жүйесінде арнайы дидактика 
позициясынан А.Н. Граборов, Г.М. Дульнев, И.Г. Еременко және т.б. 
зерттеулерінде жеткілікті түрдегі қарастырылған оқытудың сөздік, 
көрнекілік, практикалық әдістерін кеңінен қолданамыз. 
Мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеу – арнайы педагогикадағы 
негізгі ұғымдардың бірі. Бұл ұғым баланың жалпы дамуы үшін, 
жолдастарымен және үлкендермен араласуы үшін, тұлға ретінде 
қалыптасуы үшін маңызды. Мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеудің 
мақсаты мен міндеттері педагогиканың жалпы принциптерімен 
анықталып, оны қолданудың ерекшелігі кемшіліктің құрылымы мен 
деңгейіне сәйкес белгіленеді. Мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиесі мектеп 
пен отбасының тығыз байланысы арқылы, өзара түсіністік пен көмек 
арқылы жүзеге асады. Дамуында ақауы бар баланың тәрбиесі баланың жас 
ерекшелігін, жеке қасиеттерін есепке алып, баланың өз-өзіне қызмет ету 
дағдысын, тәртібін, өмір сүруге дайындығын қалыптастыру барысында 
орындалады. Мүмкіндігі шектеулі баланың тәрбиесі бала бойындағы 
психикалық және дене кемшілікке қоршаған ортаның деликатты қарым-
қатынасын керек етеді. Бала бойында оптимизм мен сенімділік, 
қиындықты жеңудегі қабілеттілік, жағымды сапалық қасиеттерге көңіл 
бөлу, өз әрекетіне сыни көзқарас көрсетуде маңызды. 


85 
Оқыту процесін ұйымдастыру, оның мақсаты, міндеті, принциптері 
арнайы мекеменің типіне сәйкес кемшіліктің мінездемесі мен 
күрделілігіне қарай жүзеге асады. Мүмкіндігі шектеулі баланың дамуы 
қарапайым бала дамуына қарағанда оқытумен байланысты қалыптасады. 
Сондықтан оқытудың уақытында басталмауы немесе болмауы осы бала 
дамуын тоқтатып, психикалық функциялардың қалыптасуына кедергі 
жасайды. 
Көптеген МШ балалардың мектептегі оқу әрекетіне дайындығы 
төмен, оқуға деген қызығушылықтары тұрақсыз, зейіні төмен күйде 
болады. Бұл жағдайлар оқу процесінде оқуға деген қызығушылықты 
арттыратын, танымдық қабілетті, ойлау қабілетін қалыптастыратын 
тапсырмаларды орындауға бағытталған түрлі әдістерді қолданудың 
қажеттігін ескертеді. Ойын арқылы оқыту әдістері жоғары сыныптарда да 
көрініс табады, яғни өтілгенді қорытындылау кезінде қолданылады. Оқу 
процесінде оқытудың сөздік, көрнекілік, практикалық әдістері кеңінен 
қолданылады. Мысалы, оқушылар бір уақытта ауқымды материалдарды 
игере алмайды, сондықтан ол тақырыпты бөлімдерге бөлу керек. Сөздік 
формада түсіндірілген материал көрнекілік, практикалық әрекетпен 
бекітілмесе, оқушылар ол материалды еске сақтамайды. Сөздік және 
көрнекілік арасындағы байланыстарды оқушылар игере алмаса, 
әдістемелік тәсілдерді қолданудың қажеттігі туады. Мысалы, өтілген жаңа 
әріпті оқушылардың есте сақтауы үшін мұғалімдер әріптерді бастыру, ол 
әріптерді сымнан немесе қағаздан қию, бояу сияқты тәсілдерді қолданады. 
Түрлі әдістердің өзара байланысуы оқу пәнінің мазмұнына, дидактикалық 
міндеттерге, 
оқушылардың 
дайындығына 
ғана 
емес, 
сынып 
оқушыларының құрамына да байланысты анықталады. Сынып 
оқушылары құрамының әр түрлі болуы білімінің талапқа сай болуы үшін 
әдістердің өзара байланысын талап етеді. Оқу материалының түріне, 
ерекшелігіне қарай нақты сабаққа қажетті әдістер қолданылады. Олар 
ақпаратты игерту тәсіліне қарай келесі түрде қарастырылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   136




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет