Арнайы тарихи пәндер және оқыту технологиясы кафедрасының магистратура бойынша емтихан сұрақтарының бағдарламасы


Тарихты оқытуда көрнекілік құралдарды пайдалану



Pdf көрінісі
бет15/17
Дата31.10.2022
өлшемі444,13 Kb.
#46425
түріБағдарламасы
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Тарихты оқытуда көрнекілік құралдарды пайдалану.Тарихты оқытудағы көрнекілік 
құралдарды пайдаланудың маңызы мен функциялары. Тарих сабағында оқу картинасымен жұмыс 
істеу тәсілі. Тарих пәнінің оқулығындағы иллюстрациялармен жұмыс әдістері. Тарихты 
оқытудағы шартты графикалық көрнекілік: карта, кесте, схема, диаграмма. Пәндік көрнекілік және 
оның танымдық құндылығы. Суретті көрнекілік және оның эстетикалық құндылығы. Шартты 
графикалық көрнекілік пен шартты белгілердің оқушылардың ойлауын дамытудағы, есте 


сақтауындағы рөлі. Тарихтан оқу картиналарының жіктелуі. Тарихи карта. Картамен жұмыс 
әдістемесі. Түрлі шартты белгілерді білу.
ТҚЖ пайдалану және компьютерлік техниканының мүмкіндіктері. ТҚЖ-дың тарихты 
оқытуда пайдаланудың мәні мен рөлі. Тарихта оқытуда техникалық құралдарды пайдалану: 
аудиофильмдер, диафильмдер, электронды оқулықтар, интернет, интерактивті тақта т.б. 
Оқушыларға тарихи білім берудегі компьютердің рөлі. Тарихтан компьютерлік бағдарламаларды 
құру. Моделдеу.  
Тарихи құжаттар мен деректерді тарих сабақтарында қолдану.Тарихты оқытудағы 
құжаттардың рөлі мен мәні. Тарихта оқытуда қолданылатын құжаттық-материалдың негізгі түрлері. 
Окушылардың тарихи құжаттар және деректермен жұмыс істеу тәсілдері. Құжаттық материалдың 
жіктелуі. Актілік құжаттар, баяндаушы-сипаттаушы құжаттар, көркем сөз естеліктері. Тарихи құжаттар 
мен мәліметтерді оқып үйрену әдістемесі. Деректі конспектілеу.Тарихи деректің сипаттамасы. 
Тарихты 
оқыту 
жұмыстарын 
ұйымдастыру 
формалары. 
Сабақ–оқытуды 
ұйымдастырудың негізгі формасы ретінде. Сабақтың курстың, бөлімнің, тақырыптың тарихи 
мазмұн жүйесіндегі орны. Сабақ мұғалім мен оқушының іс-әрекеті, әдістемелік тәсілдері мен 
мазмұнының бірлігі ретінде. Қазіргі тарих сабағына қойылатын талаптар. Тарих сабақтарының 
білімдік, тәрбиелік және дамытушылық міндеттерінің тиімділігін арттыру. 
Тарих сабақтарының түрлері мен типтері. Оқыту үрдісінің барлық звеноларын қамтамасыз 
етуші, аралас сабақты өткізудің ерекшеліктері. Мұғалімнің баяндауымен жаңа оқу материалын 
оқып үйрену сабақтары. Білімді пайдалану мен білік пен дағдыны қалыптастыру сабақтары. Білім 
мен білікті тексеру сабақтары. Семинар сабақтары. Кіріктірілген сабақтар. Дәстүрлі және дәстүрлі 
емес сабақтар. Жалпы сипаттамасы. Тарих сабағын дидактикалық жабдықтау. Тарих сабағына 
мұғалімнің дайындалуы. Тақырыптық және күнделікті сабақты жоспарлау. Сабақтың жұмыс 
жоспары мен оның негізгі компоненттері. Сабақты бағалау өлшемдері. Жоғары сыныптардағы дәріс, 
семинар және практикалық сабақтар. Оқу экскурсиялары, кеңес беру, сынақтар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет