Жалғаулықсыз салалас сөйлемнің мағыналық түрлері.
Компоненттерінің бір-бірімен мағыналық қатынастары жағынан алғанда,
жалғаулықсыз салалас сөйлем мен жалғаулықты салалас сөйлем арасында айтарлықтай
онша алшақтық жоқ. Өйткені жай сөйлемдердің жалғаулық арқылы құрмаласуы мен
жалғаулықсыз іргелесе құрмаласуы, айналып келегнде, құрмалас сөйлемнің бір түрін
жасаудың екі түрлі тəсілі ғана. Сондықтан да салалас құрмалас сөйлемнің бірсыпыра
түрін жалғаулық арқылы құрмаластырып айтуға да, жалғаулықты алып тастап,
жалғаулықсыз етіп айтуға да, жалғаулықты алып тастап, жалғаулықсыз етіп айтуға да
болады. Мысалы: киіз үстін кісі келгенде сыпырып өту Биғайшаның ежелгі əдеті еді,
бірақ бұл жолы оның осы ниетіне басқа нəрсе араласты. Замандастың тілін кім
алмайды, сондықтан мен ертіп бармақ болдым.
Бұл келтірген мысалдағы жалғаулықтарды түсіріп, оларды жалғаулықсыз түрде:
Киіз үстін кісі келгенде бір сыпырып өту Биғайшаның ежелігі əдеті еді, бұл жолы оның
осы ниетіне басқа нəрсе араласты. Замандастың тілін кім алмайды, мен ертіп бармақ
болдым деп құрсақ, одан сөйлем байланысына да, компоненттердің мағыналық
қатынастарына да нұқсан келмейді. Алғашқы вариантта қарсылықты, себептес
салаластардың жалғаулықты түрі болса, кейінгі вариантта сол екеуінің жалғаулықсыз
түрі болады.
Бірақ салалас сөйлемнің жалғаулықты түрі мен жалғаулықсыз түрі абсолюттік
теңдікте, барлық жағдайда да жалғаулықты салаластың жалғаулығын алып тастап
жалғаулықсыз түрін жалғаулықты етіп айтуға бола береді деген қортынды шықпайды.
Жалғаулықсыз салалас сөйлемдерді компоненттерінің бір-бірімен мағыналық
қатынасына қарай мынадай түрлерге бөлуге болады: 1) Мезгілдес салалас сөйлем. 2)
Себептес салалас сөйлем. 3) Қарсылықты салалас сөйлем. 4) Түсіндірмелі салалас
сөйлем. 5) Салыстырмалы салалас сөйлем. 6) Шартты салалас сөйлем. 7) Көп
компонентті салалас сөйлем.
1) Мезгілдес салалас сөйлем. Мезгілдес салалас сөйлем компоненттері бір
мезгілде немесе біріне-бірі жалғаса іркес-тіркес болған іс-əрекеттерді я бір мезгіл
ішіндегі көріністі, жай-күйді баяндайды. Тек компоненттерінің бір-бірімен байланысу
жолындағы өзгешелігі ғана болмаса, компоненттердің мағыналық қатынасы жағынан
мезгілдес салаластың жалғаулықсыз түрі мен жалгаулықты түрі бірдей. Мезгілдес
салалс сөйлемге компоненттері бірыңғай, бірёктес іс-əрекет, жай-күйлерді санамлап,
тізбектеп, жарыстыра көрсететін сөйлемдер де жатады. Мезгілдес салалас сөйлем
компоненттерінің баяндауыштары шақтық, жақтық жағынан кейде бірыңғай, бірёктес
болдып келеді. Соған қарап кейбір əдебиеттерде ол ыңғайлас салалас деп те аталып
келді, бірақ бұлай атау компоненттердің мағыналық қатынасын білдіре алмайды.
2) Себептес салалас сөйлем. Бір компонент екінші компоненттегі іс-əрекет, жай
күйдің себебін білдіріп, екіншісі сол себептен туған нəтижені білдіретін, немесе,
керсінше, біріншісі нəтижені, екінші соның себебін білдіретін сөйлемдер себептес
салаласқа жатады. Сəуленің Бөлекбас арқылы Нұрланның сырын білмек болған манағы
ойы əлі арыыыылып кеткен жоқ еді, соны есіне алып Бөлекбастың бірге қайтқанын
мақұл көрді. Соқпақтың екі жағындағы қар да малдың белуарынан келерліктей, қалың,
қарсы келген сиырлар бір-бірімен сүзісе, бірін-бірі қырға жыға, сығылысып əрең өтеді.
Село алыс емес еді, бұлар оған андағы-мұндағы көзден жасырынып жетпеген кезде
келіп жетті. Шешесі тағы екі-үш бауырсақ беріп еді, басқалары қаспақ тұрмысқа
көздерін аларта қарады. Аяп кеттім, менің де көзіме жас келді. Жабайды сойылға
жыққан Игіліктің жігіттері екенін Жұман білген жоқ, əлдеқалай аттан құлаған шығар
деп ойлады.
Бұл келтірген мысалдағы сөйлемдердің бəрінде де бірінші компонент себепті
білдіріп тұр да, екінші компонент сол себептен туған нəтижені білдіріп тұр. Ең соңғы
сөйлемдегі Жұманның Жабайды əлдеқалай аттан құлаған болар деп ойлауының себебі-
оның Жабайды Игілік жігіттерінің сойылға жыққанын білмеуінен, сол білмеудің
нəтижесінен туған қорытынды. Жоғарыда келтірілген сөйлемдердің қай-қайсысына
болса да сондықтан, сол себепті деген жалғаулықтарды қосып айтуға болады. Бұл
жалғаулықтар айтылмаса да сөйлем мағынасынан, компоненттер байланысынан
байқалып тұр.
Жалғаулықсыз салаластың бұл түрінде, келтірілген мысалдың керсінше, бірінші
компонент нəтижені, екінші компонент сол нəтижеге жеткізген себепті білдіріп те
құрмаласады.Мысалы: Шалабай ұзақ жүре алмас, үкімет құрығы ұзын. Мен
қорықпаймын, əжем кеше сұрап алған. Оларға рақмет айту керек, ұмытқанымызды еске
салды. Бұлардағы екінші компоненттер бірінші компоненттегі іс-əрекеттің неліктен
солай болғандығын я болатындығын білдіреді. Неліктен Шалабай ұзақ жүре алмайды?
Оның ұзақ жүре алмайтын себебі үкімет құрығы ұзын. Мысалдағы басқа сөйлемдер
осы тəріздес.
Сөйлемде айтылмағанымен, компоненттердің мағыналық қатынастарынан
олардың арасына өйткені, себебі деген жалғаулықтарды келтіріп айтуға болатындығы
байқалып тұр. Бұл жағдайлар себептес салаластың жалғаулықты түрі мен
жалғаулықсыз түрінің бірлігін, бұл екеуінің арасындағы өзгешелік бірінде бар
жалғаулықты екіншісінде түсіріп айту ғана екендігін байқатады.
3) Қарсылықты салалас сөйлем. Құрмалас сөйлемнің бұл түріне
компоненттерінің мағыналары бір-біріне қайшы келетін жалғаулықсыз салалас
сөйлемдер жатады. Компоненттерінің мағыналық қатынастары жағынан қарсылықты
салаластың жалғаулықты түрі мен жалғаулықсыз түрі арасында ешқандай өзгешелік
жоқ, бұл екеуі-қарсылықты салалас деген атпен аталатын бір ғана сөйлем
компоненттерінің құрмаласуындағы екі түрлі тəсіл ғана.
Компоненттер мағынасы арасындағы қайшылық түрлі-түрлі болады.
1.Заттың, құбылыстың,оқиғаның бұрынғысы мен қазіргі күйі салыстыра қарсы
қойлылады.
2.Бірінші компоненттегі субьектінің іс-əрекетіңе, ой-ниетіне екінші компоненттегі
субъекттің əрекетті, ісі қайшы келеді: Қасындағы ұсақ қыздар мен қалыңдыта клп
алдаусыратпа болып ед, Абай мен Ербол оған көнген жоқ.
3. Бірінші компоненттегіс-əрекеттің логикалық қортындысы ретінде екінші
компонентте болуға тиісті əрекет болып шығады немесе басқаша болады: Кірпіш үй
сыртынан қораш еді, ішіне енгенде бұған да көңілі тойып қалды.
4. Қарсылықты мағына компонент баяндауышы қызметіндегі етістіктердің бірінің
болымды, екіншісінің болымсыз түрде айтылуы арқыулы да жасалады. Мысалы:
Күлаш, мен сенімен сөйлесіп тұрғаным жоқ, мына Əйтекеңмен сөйлесіп тұрмын.
Компоненттері жалғаулықсыз байланысатын қарсылықты салалас сөйлемдердің
көпшілігіне қарсылық жалғаулығын қосып айта беруге болады, бірақ мұндай өзгерісті
жалғаулықсыз қарсылықты салаластың кез келген түрі көтере бермейді.
4)Түсіндірмелі салалас сөйлем. Түсіндірмелі салалас сөйлемде бірінші
компонент жалпылық мəнде айтылады да, кейінгі компонентте я компонентерде оның
мəні я себептері сараланып ашылады, талданып түсіндіріледі. Компоненттерінің
мағыналық қатынастары жағынан алғанда, бірінші жай сөйлем баяндауышы сол,
сонша, сошама, соншалық, сондай деген есімдіктер мен үстеу сөздерден болған
сөйлемдер де осы түсіндірмелі салалас сөйлемге жатады, өйткені мұнда да бірінші
компоненттің сыры кейінгі компоненттерде мұнда да бірінші компоненттің сыры
кейінгі компоненттерде ашылады, түсіндіріледі. Дегенмен салалас сөйлемнің бұл
түрінің өзіндік біраз өзгешеліктері де жоқ емес. Ол өзгешеліктер мыналар:
Бірінші жай сөйлемнің баяндауышы қызметін атқарушы жəне сол арқылы екі жай
сөйлемді құрмаластырушы болып тұрган сол, соншалық, сондай, соншама сөздері өз
бастауыштарының іс-əрекет, жай-к6йлерін өздері ашпайды, сол баяндалатын əрекетке,
жағдайда ерекше мəн беру, көңіл аударту мақсатымен соға сілтейді де, оның сыры
кейінгі сөйлемде ашылады. Соның нəтижесінде кейінгі жай сөйлем тұтасымен алдыңғы
жай сөйлемнің баяндауышы орнына қолданылады да, соның білдіруге тиісті
мағынасын білдіреді. Мысалы: Менің де ойлап жүргенім сол-енді біз татуласайық деген
сөйлемдегі енді біз татуласайық деген екінші компонент бірінші компоненттің
баяндауышы білдіруге тиісті мағынаны білдіріп тұр. Сөйтіп, бір ой екі рет айтылады.
Бірінші ретте оның сыры нақтылы ашылмай, соған меңзеу, сілтеу түріндегана айтылса,
екіншісінде ол талдап ашылады.
Ал енді бірінші компонентінің баяндауышы сонша, соншалық, сондай, соншама
сөздерінен болатын құрмаластағы жай сөйлемдердің мағыналық қатынасында сол сөзі
арқылы жасалатын құрмаластан гөрі біраз өзгешеліктері болады. Оны байқау үшін
мына мысалдарды талдап көрейік. Жұрттың бəріне өлең сөздерінің қазіргі жағдайға
үйлесімді көрінгені соншалық-өлеңді олар сақ-сақ күліп қарсы алды. Ақырында
хутордың іруінің қатты етек алғаны сондай-жалаң аяқ, сымбатты, білімді балаларға
хутор қыздарының сызылған назы да əсер етпеді. Мұндай санасыз қондырыла салатын
тəртіптен тарткан азабым соншама-ақыры тіпті Россияға қайта қашып кетпек болдым.
Оның үстіне киген қытайдың кызыл шайысынан тігілген ақалы көйлегінің ұзындығы
сонша-оның етегін бірнеше қыздар саусақтарынын ұшымен ұстап көтеріп келеді.
Мысалдардан байалып тұрганындай, бұл сөйлемдердің барлығында да бірінші
компонентте сол компоненттің бастауышы болып тұрған сөздің мағынасы арқылы
байқалатын əрекеттің, жай-күйдің ерекше мəнді, əсерлі, күшті болғандығына назар
аудартып, соған ой салмағын түсіре сілтесе, екінші компонент біріншідегі сол ерекше
жағдайдың нəтижесінде не болғанын баяндайды.
5) Салыстырмалы салалас сөйлем. Жалғаулықсыз салалас сөйлемнің бұл түріне
бір-біріне антитеза немесе аналогия ретінде алынга екі түрлі субъектінің іс-əрекеттерін,
қасиеттерін, жай-күйлрін салғастыра баяндайтын сөйлемдер жатады. Салыстырмалы
салалас сөйлем мақал, мəтелдерде өте жиі кездеседі. Мысалы: Саналы адам сағыңды
сындырмас, санасыз адам жағыңды тындырмас. Білген адам тауып айтады, білмеген
адам қауып айтады. Жақсы байқап сөйлер, жаман шайқап сөйлер. Ынтымақты елге
ешкі жетпес, ынтымақсыз елдің өкінші кетпес. Тозар елдің жанжалы бітпес, озар елдің
арманы бітпес. Мысалдағы сойлемдердің бір компонентінде жақсылықтың, ізгі
қасиеттің жақсылығы, артықшылығы айтылса, екіңші компонентте оған жамандықтың
жағымсыз нəтижелері, кесапат қылықтары қарама-қарсы қойыла салгастырылган.
Бірақ салыстырмалы салалас сөйлемнің барлық түрібірдей бұлай болып келе
бермейді. Ол кейде біріне аналогия ретінде алынған екі түрлі заттың құбылыстың іс-
əрекетін, жай-күйін жай ғана баядайды. Мысалы: Қаратайға қарап тал өсер, қатарына
қарап бала өсер. Тау мен тасты су бұзар, адамзатты сөз бұзар. Өнер-ағып жатқан бұлақ,
ілім-жанып жатқан шырақ. Кең киім тозбайды, кеңесті ел азбайды. Міне, бұл
келтірілген
мысалдағы
сөйлемдерде
компонентте
баяндалған
іс-əрекеттің
ешқайсысына, жоғардағыдай, артықшылық мəн берілмейді. Бір-біріне аналогия ретінде
алынган субектілерінің қайсысының қандай қасиеті барлығы, қайсысы қандай əрекет
жасай алатындығы баяндалады. Сөйтіп, мұндагы салыстырудан, теңдестірудің,
аналогияның негізгі компоненттер суъбектілерінде болады.
6) Шартты салалас сөйлем. Компоненттер мағыналары өз ара шарттас болып
келетін салалас құрмалас сөйлем шартты салалас сөйлем деп аталады. Мысалы: Бүгін
өзің қоншы осы жерге, бəрін де көзіңмен көресің. Тағы да екі-үш күн бөгейтін амалын
тапшы өзің, қозыдай көгендеп қолыңа берейік. Кəрімғали тезірек қымыз əкеле қойса
жарар еді, ең болмаса қымызга қосып ішер едік. Келтірген мысалдың бəрінде де бірінші
компоненттердегі іс-əрекеттер екінші компонентегі іс-əрекеттердің алдагы уақытта
болуына шарт ретінде алынған.
Сөйтіп, компоненттерінің мағыналық қатынастары жағынан да, шартты білдіретін
жай сойлемнің орналасу тəртібі жағынан да шартты салалас сөйлемнің шартты
сабақтас сөйлемнен ешқандай өзгешелігі жоқ.
7) Көп компонентті салалас сөйлем. Сабақтас құрмалас ойлемдердің көп
бағыныңқылы болып келетіні сияқты бір салалас сөйлем құрамында да үш немесе одан
да көп жай сойлемдер келе береді. Мұндай көп компонентті салалас сөйлемдерді
компоненттерінің бір-бірімен магыналын қатынастарына қарай атау мүмкін емес.
Өйткені ондағы компоненттердің бір-бірімен мағынаық қатынастары əр түрлі болып
келеді.
Көп тармақты салалас сөйлем компоненттері бір-бірімен жалғаулықтар арқылы
да, жалғаулықсыз да байланыса береді. Мысалы: 1. Қатыннан келген жалғыз алашаны
қыстыгүні ашықканда сатпай сақтап едім, соған жарты пұт тары алып сеуіп едім, енді
мынау бəрі налогқа кетейін деп отыр. Оның дөңгелек көзі кірпігін қақпастан қадала
қалатын əдеті бар еді, бұл жолы ол тесіле қараған жоқ. Əбдірахманның тұла бойын,
жүзін шарлап қарады.
2. Қарын ашады, бірақ қосқа баруға қорқам, оны маңайлап қасқырлар жүрген
сияқты. Ақырын ғана есікті ішке қарай итеріп еді болмашы саңылау көрінеді, бірақ
кілтті ме, əлде іштен сұқпа салған ба байқап болар емес.
3. Қоян бастапқыдай жүгіре алмады, өйткені ол шаршап қалыпты, бірақ əдіс алған
неме енді жалтармен жан сақтап қалың агашқа жақындап келеді. Аманғали молданың
насыбай атуы мүмкін, өйткені насыбайды иіскемейтін адам аз, ал ана ишандардың
балаларының шылым тартуы сөкет екен.
Келтірген мысалдың бірінші тобындағы сөйлемдер компоненттері бір-бірімен
жалғаулықсыз іргелесе құрмаласқан. Екінші топтағы сөйлемдердің алдыңғысындағы
бірінші компонент екінші компонентпен жалғаулық аркылы, екіншісі үшінші
компонентпен жалғаулықсыз құрмаласса, соңғы сөйлемде, оның керсінше, бірінші мен
екінші жалғапулықсыз, екінші мен үшіңші жалғаулық арқылы құрмаласқан. Сөйтіп,
бұл сөйлемдер компоненттерінің бір-бірімен байланысы əрі жалғаулықты,
əріжалғаулықсыз түрде араласып келген. Ал мысалдың соңғы үшінші тобындағы
сөйлемдер компоненттерінің барлығы да бір-бірімен жалғаулықтар арқылы құрмаласып
бірыңғай болып келген.
Сонымен, көп тармақты салалс сөйлем, компоненттерінің бір-бірімен байланысу
тəсілі жағынан, жалғаулықсыз болып та, жалғаулықты болып та, əрі жалғаулықты, əрі
жалғаулықсыз аралас болып та айтыла береді.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
1. Құрмалас сөйлемдердің негізгі түрлері қандай?
2. Құрмалас сөйлемдердің қалыптасу, даму жолдары туралы не білесіз?
3. Салалас құрмалас сөйлемге жалпы сипаттама берің.
4. Салалас құрмалас сөйлемнің жалғаулықты, жалғаулықсыз түрлеріне сипаттама
берің.
Пайдаланатын əдебиеттер
1.Аманжолов С. Қазақ əдеби тілі синтаксисінің қысқаша курсы.Алм. 1992.
2. Əміров Р., Əмірова Ж. Жай сөйлем синтаксисі. Алматы. 1996
3. Балақаев М., Сайрамбаев Т. Қазіргі қазақ тілі. Алматы. 1997
4. Балақаев М. Қазіргі қазақ тілі. Алматы. 1992.
5. Cайрамбаев Т. Сөз тіркестері мен жай сөйлем синтаксисі. 1991.
САБАҚТАС ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМ.
ЖОСПАРЫ:
1. Сабақтас сөйлем, оның жасалу жолдары.
2.Сабақтас құрмалас сөйлемнің түрлері.
1) шартты бағыныңқылы сабақтас сөйлем.
2)Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас сөйлем
3) Салыстырмалы бағыныңқылы сабақтас сөйлем.
4) Мезгіл багыныңқылы сабақтас сөйлем.
5) Себеп бағыныңқылы сабақтас сөйлем.
6) Қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас сөйлем.
7) Мақсат бағыныңқылы сабақтас сөйлем.
8) Мезгілдес сабақтас сөйлем.
Сабақтас сөйлем деп компоненттері өз ара тең болмай бір-біріне бағына, бірін-
бірі багындыра байланысатын құрмалас сөйлемді айтамыз. Бағынушы компонент
мейліншетиянақсыз болады, сондықтан ол жеке айтылмайды, айтыла қалган күнде де
өз бетінше тұрып сойлем бола алмайды. Ал бағындырушы компонент бағыныңқы
сөйлемсіз де өз алдына сөйлем болып айтыла алады.Сабақтас құрмалас сөйлемнің бір
компоненті бағынушы, тəуелді болып тұрады да, екіншісі тəуелсіз, өз бетінше сойлем
болып тұрады.
Бағынышты, тиянақсыз компонент бағыныңқы сөйлем деп аталады да, өз бетіңше
тиянақты болып тұратын компонент басыңқы сөйлем деп аталады. Басыңқы сөйлем
бағыныңқы сөйлемді жетектеп, оны өзіне бағындырып, құрмалас сөйлемді тиянақтап
тұрады. Сондықтан бағыныңқы сөйлем бұрын, басыңқы сөйлем одан кейін келіп
отырады.
Сабақтас құрмаластың бағыныңқы компоненті де, əдетте, сөйлем деп аталады.
Бірақ олай аталғанмен мұнда қалыпты сөйлемдерге тəн қасиеттердің көпшілігі жоқ. Бұл
шын мағынасындағы сөйлем емес, күрделі сөйлемнің бір бөлшегі, бір мүшесі ғана.
Сондықтан мұның өмірі, тірішілігі, сөйлемдік сəні құрмалас сөйлемнің құрамында
айтылғанды ғана. Одан тысқары бұл қолданылмайды да, сөйлем деп есептелінбейді де.
Сабақтас құрамалас сөйлемдердегі негізгі ой, көпшілік жағдайда басыңқы жай
сөйлемде беріледі де, бағыныңқы компонент сол басыңқыдағы ойды түрлі жағынан
айқындап, дəлдеп түсіндіру үшін қолданылатын қосымша бір мүше ретінде тұрады.
Мысалы: Бұлар Оспан үйінде үш күн бойы қонақ болып жатқанда, Анна
Митрофановнаның иығына қалың қара жібекпен тысталған бұлғын ішік жабылған-ды.
Қамысқұрақ басын ақырын жел желпіп, судыратып кеткендей, қысқа сыбыр қазақ
тобын түгел айналып шықты. Түнде күзетші ұйықтап қалғандықтан, қалың жылқы
егіске түсіп кетіпті.
Мысалдың бастапқы сөйлемінің бірінші компоненті қашан? деген сұрауға жауап
болып, екінші компоненттегі əрекеттің мезгілін білдіріп тұр. Бұлғын ішік қашан
жабылган еді?-Бұлар Оспан үйінде үш күн бойы қонақ болып жатқанда. Екінші
сөйлемнің бірінші компонентті қалай? деген сұрауга жауап болып, екінші
компоненттегі əрекеттің қалай болган сынын білдіріп тұр. Қысқа сыбыр қазақ тобын
қалай түгел айналып шықты? Қамыс құрақ басын ақырын жел желпіп судыратып
кеткендей. Соңғы үшінші сөйлемнің бірінші компоненті екінші компоненттегі
əрекеттің себебін білдіріп тұр. Қалың жылқы егіске неліктен, не себептен түсіп кетті?-
Түнде күзетші ұйықтап қалгандықтан т.б. Сөйтіп, бұлардағы бағыныңқы компоненттер
сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері атқаратын қызметтерді атқарып, бірі мезгіл
пысықтауышы, бірі амал пысықтауышы, бірі себеп пысықтауышы сияқты болып тұр.
Бірақ бұларға қарап, бағыныңқы компонент пен сөйлемнің тұрлаусыз мүшелерінің
арасына теңдік белгісін қоюға болмайды. Тұрлаусыз мүше-өз ішінен жіктеуге
келмейтін, сөйлемнің бір ғана мүшесі. Сондықтан оның мағынасы-жеке ұғымдық ғана
мағына. Ал бағыныңқы компонент-қанша тиянақсыз болғанме, өз ішінен сөйлемнің
түрлі мүшелеріне жіктеле алатын, өзіндік интонациясы бар сөйлемдік категория.
Бағыныңқы жай сөйлемдердің барлығы бірдей, жоғарыда талдаған мысалдағыдай,
басыңқы компонентке меңгеріле байланысып, оның тұрлаусыз бір мүшесі тəріздес
болып келе бермейді. Өз басыңқысымен ондай қатынаста тұратындар, негізінде, мезгіл,
себеп, мақсат, амал бағыныңқылар. Бағыныңқы компоненттің бұлардан басқа түрлері
басыңқы компоненттке меңгерілмей, онымен тең қатынаста, яғни мағыналық жағынан
теңдік қатынаста, байланысып тұрады. Мұндай байланыстағы бағыныңқы жай
сөйлемдер басыңқы сөйлемде баяндалатын əрекетке тəуелсіз, дербес жай-күйлерді,
əрекеттерді білдіреді. Сондықтан бұлардағы сабақтастық, бағыныштылық-мағына
бағыныштылығы, мағына тəуелділігі болмайды, бағыныңқы компоненттің тек тұлғалық
тəуелділігі, тұлғалық бағыныштылығы ғана болады.
Бағыныңқы компоненттердің тиянақты дербес сөйлемдерден өзгешелігі, негізінде,
олардың мағыналық жақтарында емес мағыналық жақтарында емес. Мағыналық
жағынан алғанда, дербес сөйлемдер арқылы берілетін мағынаны бағыныңқы
компоненттер де қамти алады. Бұл екеуінің арасындағы өзгешелік олардың
құрылысында. Дербес сөйлемдер немесе тиянақты компоненттер формалық жағынан
тиянақты сөздерге аяқталады. Олардың баяндауыштары жіктік формада айтылып, өз
бастауыштарымен
жақтасып
тұрады.
Ал
бағыныңқы
компоненттердің
баяндауыштарында бұлардағыдай қасиеттер болмайды. Бағыныңқы компонент
баяндауыштары тиянақсыз формада айтылады. Олардың негізгі көпшілігі өз
бастауышымен жақтаспайды. Сондықтан бағыныңқы компоненттерде қалыпты
сөйлемдерде болатын тиянақтылық қасиет болмайды.
Бұл айтылғандарды жете байқау үшін мына сөйлемді талдап көрейік.
Мысалы:Қатты жел тұрды. Теңіз толқыны күшейді. Қатты жел тұрды да, теңіз толқыны
күшейді. Қатты жел тұрып, теңіз толқыны күшейді.
Бұл мысалда бір-біріне байланысты екі түрлі ой бар. Сол ой бірінші ретте екі
бөлек сөйлем арқылы берілген де, екіншіде екі сөйлемді салыстыра құрмаластыру
арқылы, ал үшіншіде оларды сабақтастыра құрмаластыру арқылы берілген. Бірақ одан
сөйлемнің ұғымына нұқсан келмеген. Үшеуінде де беріліп тұрған хабар бір. Бұлардағы
айырмашылық-тек бірінші жай сөйлемнің баяндауыш формасында ғана. Ол алдыңғы
еқі түрінде жақтық формада айтылған да, соңғы үшіншісінде көсемше формада
айтылған.
Бұл жағдайлар бағыныңқы компонентте тұлғалық дербестік болмағанмен, мағына
дербестігі болатындығын байқатады.
Түркі тілдерін зерттеуші кейбір ғалымдар баяндауыш формасындағы осы
өзгешелігіне қарап, соңғы сөйлемдегі қатты жел тұрып деген компонент сабақтас
құрмаластың бағыныңқы жай сөйлемі бола алмайды дегенді айтады. Олардың
пікірінше, сөйлем атаулының жай сөйлеміне де, қойылатын талап бір болу керек.
Бағыныңқы компоненттің баяндауышы да жақтық жалғауларында айтылып, өз
бастауыштармен қиыса келіп, аяқталған толық ойды білдірулері керек. Бұл пікірлерде
біраз ыңғайсыздықтар бар. Ең алдымен, ұсынылып отырган критерийге негіз ретінде
алынған дербес жай сөйлемдерге қойылатын талапты түгелдей сабақтас құрмаластың
бағыныңқы компоненттеріне де қоюға болады дейтін пікір дұрыс емес. Өйткені
сабақтас құрмаластың бағыныңқы компоненті мен өз алдына жеке қолданылатын
тиянақты жай сөйлемдер бір емес. Егер ол екеуі бір болса, бір ғана талапқа сай келетін
болса, онда «бағыныңқы» деген аттың керегі де болмас еді. Тиянақты дербес сөйлемдер
өз алдарына жеке бір бүтін болып есептелсе, құрмалас сөйлемнің компоненттері
бүтіннің бір бөлшегі, бір жағы ғана болып табылады. Сондықтан бүтінде болатын
қасиеттерді түгелдей бөлшектерін іздеу дұрыс болмайды. Дұрысында, сабақтас
құрмаластың компоненттерін бір-бірінен бөліп алып, олардың əрқайсысынан қалыпты,
тиянақты сойлемдерде болатын қасиеттерді іздеуден гөрі, оларды өз ара тығыз
байланысты, бірінен-бірін бөліп қарауға болмайтын бір бүтін деп санаған орынды.
Сабақтас құрмаластың бағыныңқы компоненті жіктік жалғауында тұрып, өз
бастауышымен жақтаса қиысып айтылуы жөніндегі жоғарыдағы пікір, компоненттері
бір-бірімен сабақтастырушы жалғаулықтар арқылы құрмаласатын орыс тілі тəріздес
тілдердің сабақтас құрмаластарына сай болғанмен, компоненттері баяндауыштың тек
қана тиянақсыз формада айтылуы арқылы құрмаласатын қазақ тілінің сабақтас
сөйлемдеріне қолдануға келмейді. Өйткені қазақ тіліндегі сабақтас сөйлем
компоненттері бір-бірімен, алдыңғы параграфтарда айтылғанындай, есімшелердің,
көсемшілердің, кейбір райлардың тиянақсыз формаларда айтылулары арқылы
құрмаласады.
Сабақтас құрмалас сөйлем компоненттерінің бағыныңқы болып бөлінулері де
олардың баяндауыш формаларына байланысты. Егерде бағыныңқы компоненттердің
баяндауыштары жіктік формада тұрып, өз бастауыштарымен жақтаса айтылатын болса,
олар бағыныңкы болмаған да болар еді. Өйткені қазақ тіліндегі есімшілер мен
көсемшілер баяндауыш қызметінде қолданылганда, жіктіқ формада тұрса, сабақтастың
компонентерін құрмаластыру былай тұрсын, оған қарағанда едəуір дербестіктері бар
салалс сөйлем компоненттерін құрмаластыруға да икемсіз болады.
Бағыныңқы сөйлем баяндауышының жіктік формала айтылып, өз бастауышымен
жақтасып, қиысып келуін талап ететін ғалымдардың кейбіреулері етістіктің көсемше,
есvіше түрлері аяқталган логикалық ойды білдіре алмайды, өз бастауышымен жақтаса
қиыспайды, сондықтан олар бағыныңкы сөйлем баяндауышы бола алмайды десе, енді
біреулері етістіктің жіктіктен басқа формаларының барлығы да, предикативтік
формалар емес, сондықтан олар баяндауыш қызметін атқара алмайды дегенді айтады.
Сабақтас құрмаластың бағыныңқы компоненттеріне осы айтылған критерий
тұрғысынан қарайтын болсақ, қазақ тілінде сабақтас құрмаластың барлығын жоққа
шығарган болар едік. Өйткені тек шартты рай арқылы құрмаласатын сабақтас сөйлем
ғана болмаса, сабақтастың басқа түрлерінің бірде-бірінде бағыныңқы компоненттің
баяндауышы жіктік жалғауында айтылмайды. Екіншіден сабақтастың бағыңқы
компоненті түгіл, дербес тиянақты сөйлемдер ішінде де баяндауыштары жақсыз
формада айтылатын сөйлемдер де аз емес. Баяндауыштары етістіктің тұйық райынан,
атау я жатыс жалғаулы есім сөздерден болатын толып жатан дербес сөйлемдердің
барлығын ешкім де бекерге шығара алмайды.
Баяндауыштары етістің жіктіктен басқа формаларында да айтыла беру дербес
сөйлемдердің өздерінде де кездесетін тілдік факт екендігі даусыз болып отырғандай,
олардай дербестігі жоқ, бүтіннің бір бөлшегі болып табылатын бағыныңқы
компонентің баяндауышы тек қана жақтық формада айтылсын деу қисынсыздау тəрізді.
Жоғарыдағы пікір иелерінің өз қортындыларына дəлел ретінде тағы бір
келтіргендерді-бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы жіктік жалғауында айтылмаса, оны
үйірлі мүшеден айырып тану мүмкін болмай қалады дейтін қауіп. Олар сабақтас
құрмаластың бағыныңқы сөйлемі мен үйірлі мүшені бір-бірімен шатастырмау үшін
баяндауышы жіктік жалғаунда айтылып, өз бастауышымен жақтасып тұратындарды
ғана бағыныңқы жай сөйлем деп санап, баяндауышы көсемше, есімше формаларда
айтылатындардың барлығын үйірлі мүше деп атауды ұсынады.
Бірақ бұл арадағы қауіп те орынсыз. Бағыныңқы компонент пен үйірлі мүше
арасындағы бұдан басқа өзгешеліктер де оларды бір-бірінен ажыратып тануға толык
жетеді. Ол өзгешеліктер: 1.Сабақтас құрмаластың бағыныңқы компонентінің өзіндік
интонациялық кідірісі болады. Ал үйірлі мүшеде ол жоқ. Ол бола қалған күнде де
үйірлі мүшеден кейін емес, үйірлі мүшеден кейің емес, үйірлі м6ше тіркесіп тұрган
сөзден кейін болады.
2. Есімше сабақтас құрмаластың бағыныңқы компоненттің баяндауышы
қызметінде қоданылғанда жатыс, көмектес жалғауларында айтылады, немесе септеулік
шылауларға тіркесе айтылады. Ал үйірлі мүше болып келгенде, ол атау тұлғада немесе
жатыс, көмектес жалғауларынан басқа септіктерде айтылады.
Бұл айтылғандар мынадай қорытынды шығарады: Сабақтас құрмаластың
бағыныңқы компоненті басыңкы компонентпен өз баяндауышының тиянақсыз
формаларда
айтылулары
арқылы
құрмаласады.
Бағыныңқы
компоненттің
баяндауыштары жіктік формада айтылмайды. Мұндай бағыныңқыларда предикаттық
қатынас баяндауыштың формасы аркылы синтетикалық жолмен емес, компоенттің
өзіне тəн дербес бастауышы болу арқылы аналитикалық жолмен беріледі.
Бағыныңқы компоненттің дербес бастауышы болуын оның негізгі бір белгісі етіп
аламыз ба, жоқ па деген сұрау басқа тілдердің барлығында дерлік шешілген мəселе
бола тұрса да, қазақ тілі біліміңде оған күні бүгінге дейін екі түрлі жауап еріліп келеді:
Оның бірі-сабақтас қрмалас сөйлемнің бағыныңқы компонентінде өзіне тəн дербес
бастауыш болуы сабақтас сөйлемге қойылатын негізгі шарттардың бірі дейтін
көзқараста, екіншісі оның болуын шарт деп есептелмейтін көзқарас.
Бұл көзқарастың біріншісі қазақ тілімен туыстас тілдердің барлығында да жəне
орыс тіл білімінде де қолданылады. Бұл көз қарасты қазақ тілі білімін К.Жұбанов, С.
Жиенбаев, Н. Сауранбаев сияқты көрнекті өкілдері де қуаттаған. Бірақ соған
қарамастан қазақ тілі білімінде күні бүгінге дейін соңғы екіңші көзқарас үстемдік алып
келді. Бірақ енді əдет-əдет емес, жөн-əдет деген принципті қолданбасқа болмайды.
Өйткені бағыныңқы компоненттің өзіне тəн дербес бастауышы болуын керексінбеу
ғылыми жағынан да, практикалық жағынан да дəлелді емес.
Теориялық жағынан алғанда қаншалық тиянақсыз болса да, басқаға тəуелді
болганына қарамастан бағыныңқы компонентте де, белгілі шамада, сөйлемдік кейбір
қасиеттер болады. Ал сөйлемдік қасиет дегеніміз, алдымен, предикаттық қатынасқа
келіп тіреледі. Предикаттық қатынас жоқ жерде басыңқы болсын, мейлі бағыныңқы
болсын-бəрі бір, ешқандай сөйлемнің болуы мүмкін емес.
Сабақтас құрмаластың бағыныңқы компонентінде өзіндіқ дербес бастауыш
болмаса, онда предикаттық қатынас та болмайды. Есімшенің, көсемшенің тиянақсыз
формасында айтылатын бағыныңқының баяндауышы тек өзіне тəн бастауышпен бірге
айтылғанда ғана предикаттық мəнге ие болады. Өйткені тиянақсыз баяндауыштарда
предикаттық қатанастың негізгі белгілерінен саналатын жақтық, шақтық, райлық
мағыналар болмайды, бұларды білдіретін грамматикалық көрсеткіш олардың бойында
жоқ, сондықтан ондай баяндауыштар предикаттық қатынасты тек аналитикалық
жолмен ғана болмаса, синтетикалық жолмен білдіре алмайды.
Сонымен, сабақтас құрмаластың бағыныңқы компонентін айқындауда мынадай
белгілер басшылыққа алынады.
1. Компоненттің белгілі шамада сөйлемдік мағына дерестігі болады, яғни
компонент тұлғалық жағынан тиянақсыз болғанмен, толық сөйлемдік мағынаға ие
болып тұрады.
2. Компонент баяндауышы етістіктің көсемше түрі мен шартты рай жəне
есімшенің жатыс, көмектес жалғаулы түрлері мен септеулік шылаулы, кейбір жұрнақты
түрлерінен жəне етістіктің басқа да кейбір түрлерінен болады. Бұл баяндауыштардың
тек шартты райдан болғандарынан басқалары өз бастауыштарымен жақтаспайды.
3. Бағыныңқы компонент дербес бастауыштары болып келеді.
4. Компоненттің өзіндік интонациясы болады. Бірақ ол тиянақты, аяқталган
интонация болмайды, тиянақталмаған құрмаластырушы интонация болады.
Сабақтас құрмалас сөйлем түрлері. Сабақтас құрмаластың бағыныңқы
компоненті мен басыңқы компонентінің бір-бірімен мағыналық қарым-қатынастары
біркелкі болмайды. Сабақтас қрмалас сөйлемдерді түрге бөлгенде, олардың бағыныңқы
компоненттері мен басыңқы компоненттерінің, жоғарыда көрсетілгендей, мағыналық
қарым-қатынастары басшылыққа алынады. Бағыныңқы сөйлем мен басыңқы сөйлемнің
мағыналық қатынасына қарай сабақтас құрмалас сөйлем мынадай түрлерге бөлінеді:
1) шартты бағыныңқылы сабақтас сөйлем.
2)Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас сөйлем
3) Салыстырмалы бағыныңқылы сабақтас сөйлем.
4) Мезгіл багыныңқылы сабақтас сөйлем.
5) Себеп бағыныңқылы сабақтас сөйлем.
6) Қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас сөйлем.
7) Мақсат бағыныңқылы сабақтас сөйлем.
8) Мезгілдес сабақтас сөйлем.
Енді сабақтас құрмалас сөйлемнің осы аталған түрлеріне жеке-жеке талдау
жасайық. 1) Шартты бағыныңқылы сабақтас сөйлем.
Бағыныңқылы жай сөйлем басыңқы жай сөйлемдегі іс- əрекет, жай-күйдің
болу я болмауының шартын білдірсе, ондай сабақтас құрмалас сөйлем
шарттыбағыныңқылы сабақтас сөйлем деп аталады.
Шартты бағыныңқының басқа бағыныңқы сөйлемдерден бірнеше өзгешелігі бар.
Бірінші өзгешелік шартты бағыныңқының баяндауыш формасында, оның өз
бастауыштарымен байланысында. Шартты бағыныңқының шартты райдан болған
баяндаушы жіктік жалғаулар арқылы əр жаққа жіктеле айтылады да, өз бастауышымен
жақтық жағынан қиысып тұрады.
Шартты рай арқылы жасалатын шартты бағыныңқылы сабақтас сөйлемнің
сабақтастың басқа түрлерінен екінші өзешелігі-компоненттердің бір-бірімен қарым-
қатынасында. Сабақтас құрмаластың басқа түрлерінде бағыныңқы компоненттер жай
сөйлемнің пысықтауыш мүшесі функциясында қолданылып, басыңқы сөйлемдегі
баяндауыштың жетегінде, соған меңгеріліп тұрса, шартты рай арқылы жасалатын
шартты бағыныңқы сөйлем басыңкы сөйлемдегі ешбір сөзге де тəуелді болмайды.
Шартты бағыныңқылы сабақтас сөйлем сабақтастың басқа түрлерінен
компонентерінің мағыналық қатынастары арқылы ғана ажыратылмайды, сонымен бірге
бағыныңқы компоненттінің баяндауыш формалары арқылы да жекеленеді. Шартты
бағыныңқы, жоғарыда айтылғанындай өз басыңқысымен етістіктің шартты райы
арқылы құрмаласады. Екі жай сөйлемді құрмаластырушы шартты рай не дара күйінде,
немесе басқа бір сөзге көмекші болып тұрып, бағыныңқы жай сөйлемнің баяндауышы
қызметін атқарады. Мысалы: Бұл əңгімені анау қайын жұрт білсе, ағайын алалығы
туып кетуі де мүмкін. Əзімбай үшін əкесі Еркежанды алмай, Зейнеп, Торымбаланың
біріне тайқып түссе, онда баяғы үлкен 6йдің бұлар ырқына кеткені.
Бұл сөйлемдердің біріншісінде шартты рай бағыныңқы жай сөйлем баяндауышы
қызметін жеке тұрып атқарса екінші сөйлемде көсемше етітікке көмекші болып барып
атқарып тұр. Осыған байланысты ескерте кететін бір нəрсе, көптеген сөйлемдерде
шартты бағыныңқының функциясын шартты райдан болған бір ғана баяндауыштың
атқарып тұратыны да болады. Мұндайлар əсіресе мақал, мəтелдерде жиірек кездеседі.
Мысалы: Бірлік болмай, тірлік болмас. Түбінде осы сөз бос сөз болып қалатын болса,
ол Əйгерімнің бағын байлауы мүмкін. Ақыл сынына салып сөйлессе, ісінің теріс
шыгатынын жігіт өзі де түсінді.
Достарыңызбен бөлісу: |