Арнаулы бiлiмдендiру министрлiгi


Жəне жалғаулығы аркылы жасалатын мезгілдес салалас сөйлем



Pdf көрінісі
бет12/15
Дата30.01.2017
өлшемі1,02 Mb.
#3030
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

Жəне жалғаулығы аркылы жасалатын мезгілдес салалас сөйлем.  
Құрмалас  сөйлем  жасауда  да  жалғаулығымен  бір  типтес  болып  келетін 
жалғаулық-жəне  жалғаулығы.  Бұл  жалғаулық  өзі  құрмаласатын  жай  сөйлемдері 
арасында  қолданылады  да,  олардың  ешқайсысының  да  құрамына  енбей  жеке-дара 
тұрады.  Бұл  жағынан  алғанда  жəне  жалғаулығын  нағыз  салаластырушы  жалғаулығы 
деуге болады.  
Жəне  жалғаулығы  да  жалғаулығы  сияқты  жай  сөйлемдерді  құрмаластыру 
қызметінде  жиі  қолданылмайды,  өте  сирек,  əлдеқалай  ғана  ұшырайды.  Жəне 
жалғаулығы арқылы құрмаласатын компоненттер іс-əрекет,жай-күйді өсіңкі, үндетпелі, 
үстемелі мəнде білдіреді. Мысалы: Отырып əңгімелескендей үлкен жұмысым жоқ жəне 
ұзақ отырып сізбен кеңес құратын қазір уақыт та тар. Сіздің қолыңыз босай қомас жəне 
босағанмен  бұл  жұмыс  сізге  ауыр  тиер.  Қашқын  ұзап  кетті  жəне  кертөбелге  жетер 
мұнда ат та жоқ. Жыраның бұл тұсы адам еңкеймей жүрсе де бойын жасырарлық теп-
терең  еді  жəне  түбі  де  нақ  жиегіне  дейін бидайығы  мен  кей  жерде қарабарағы  аралас 
өскен қалың жынысты.  
Мысалдың  бірінші  құрмалас  сөйлемнің  алдыңғы  компонентінде  отырып 
əңгімелесрліктей үлкен жұмыстың жоқтығы айтылса, екінші компонентте оның үстіне, 
яғни  үлкен  жұмыс  жоқтығының  үстіне,  уақыттың  да  тар  екендігі  айтылган.  Осы 
тəріздес  біріншідегі  əрекет  үстіне  қосымша,  үстеме  болған  əректеттер  кейінгі 
сойлемдер  де  баяндалган.  Бұл  жагынан  алғанда  жəне  жалғаулығы  арқылы  жасалатын 
салалас  сөйлем  мен  да  жалғаулығы,  əсіресе,  оның  қайталап  келуі  арқылы  жасалатын 
салалас сөйлем бір. Екеуінен де өсіңкілік, үстемлік мəн, оның үстіне, ол аз болса, оған 
қоса  дегендер  тəріздес  мағыналар  байқалып  тұрады.  Дегенмен  бұл  екі  жалғаулық 
аркылы жасалатын салалас сөйлем компоненттерінің мағыналық қатынастары жағынан 
əрдайым  бірдей  болып  та  отырмайды.  Бұлардың  арасындағы  негізгі  өзгешелік  да  да 
алғаулығы  арқылы  жасалатын  салалас  сөйлемдерде  компоненттердің  бір-бірімен 
мезгілдік  қатынастары  айқынырақ  сезілетін  болса,  жəне  жалғаулығы  арқылы 
құрмаласатын  түрінде  ол  өте  көмескі  болады.  Мұндағы  компоненттердің  мағыналық 
қатынасында  жоғарыда  айтылғандай  өсіңкілік,  үстемлік,  үдетпелік  мағына  басым 
болып тұрады.  
Əрі жалғаулығы аркылы жасалатын мезгілдес салалас сөйлем. Құрмаластыратын  
жай  сөйлемдерінің    бір-бірімен  мағыналық  қатынасы  жағынан  жоғарыда  талданған 
сөйлем  түрлерімен  біртектес  болып  келетін  салалас  сөйлем-əрі  жалғаулығы  арқылы 
жасалатын  құрмалас  сөйлем.  Бұл  жалғаулық  жай  сөйлемдерді  құрмаластыру 
қызметінде  жəне  жалғаулығынан  гөрі  де  сирек  қолданылады.  Мұның  қолданылуы  да 
жалғаулығы  сияқты:  бірде  қайталанбай,  екі  компонент  арасында  ғана  келсе,  бірде 
қайталанып,  əр  компонент  ішінде  қолданылады.  Бұл  жалғаулық  арқылы  жасалатын 
салалас  сөйлем  компоненттерінің  бір-бірімен  мағыналық  қатынастары  жəне 

 
 
жалғаулығы  арқылы  жасалатын  салалас  сөйлемге  өте  ұқсас.  Оны  мына  мысалдан 
байқауға болады.  
Бұл  бізге  істелуге  тиісті  істердің  түрін  тегіс  айтуға  мүмкіндік  береді,  əрі  ол 
жұмысқа көпшііктің ынтасын аударады. Қи өзге отыннан əрі қызу, əрі оның шоғы ұзақ 
уақыт сөнбейді. Менде əрі документ жоқ, əрі бармақшы болған үйлердің адресі жоқ.  
Осы  мысалдағы  сөйлемдер  жəне  жалғаулығы  арқылы  жасалатын  салалас 
сөйлемдерге  өте  жақын.  Мұндағы  кейбір  сөйлемдердегі  əрі  жалғаулығының  орнына 
жəне жалғаулығын қойып айтса да болғаны. Бұлардағы екінші компоненттегі іс-əрекет  
бірінші компоненттегі əрекеттерге үстеме, өсіңкі мəн беріп, оны күшейте түсіп жүр. Қи 
өзге  отындардан  қызу  жəне  оның  үстіне  сол  қасиетіне  қосымша,  оның  шоғы  ұзақ 
уақытқа  дейін  сөнбейді.  Менде  документ  болмаудың  үстіне  бармақшы  үйдің  адресі 
тағы жоқ. Бұлардағы əрекет бірінің үстіне бірі үстемеленіп, қос қабаттасып жатады.  
Сонымен, талданып өткен үш түрлі (да,жəне, əрі) жалғаулық арқылы жасалатын 
салалас  құрмалас  сөйлемдер  компоненттерінің  бір-бірімен  магыналық  қатынастары 
жағынан  өз  ара  жақын,  біріктес  болып  келеді.  Бұлар  арқылы  құрмаласқан  сөйлемдер 
əрқайсысының  азды-көпті  өзіндік  ерекшеліктері  болумен  қатар,  негізінде,  мезгілдес 
болған  іс-əрекет,  жай-к6йлерді  бір  мезгіл  ішіндегі  оқиғаларды  баяндайды.  Сондықтан 
салалас  сөйлемнің  бұл  түрлері  мезгілдес  салалас  деген  шартты  бір  ғана  атаумен 
аталады.  
Себептес  салалас  сөйлем.  Өйткені,  себебі  жалғаулықтары  арқылы  жасалатын 
себептес салалас сөйлемдер. Өйткені, себебі деген жалғаулықтар арқылы құрмаласатын 
жай  сөйлемдердің  соңғысы  іс-əрекеттің  себебін  біліреді  де,  алдыңғысы  сол  себептен 
туган  нəтижені,  салдары  білдіреді.  Мысалы:  Оның  толқығанын  Əмір  байқаған  жоқ, 
өйткені  ол  аң-таң  болып  барлық  назарын  Əбдірахманның  түрінің  жан  танымастай 
өзгеріп  кеткеніне  аударды.  Деревняга  кештетіп  кірген  отрядтың  Белов  бастаған  ат, 
азық  жинаушы  топ  екеніне  ол  шек  келтірген  жоқ,  өйткені  сол  маңда  бұлардан  басқа 
қараулы  солдаттар  болмайтын.  Сəдірбайға  мен  жақтым,  өйткені  құранды  бірсыдырға 
əдемі оқитын дауысым бар. Бұл кезде Шейін ағай тігумен ғана шұғылданады, өйткені 
ол  ел  ішінде  «құдайдан  безген»  атанды.  Оның  бұл  сөзді  не  үшін  айтқанын,  не  үшін 
оның дір ете қалғанын Тайман сезген жоқ, өйткені ол Сəуленің өзінің  болашақ келіні 
екенін білмейтін-ді.  
Бұл  мысалдағы  салалас  сөйлемдердің  барлығында  да  əуелі  болған,  істелген  іс-
əрекет,жай-күй  айтылады  да,  соңынан    оның  солай  болу  себебі,  ненің  нəтижесінде, 
неліктен солай болғандығы баяндалады: Оның бұл Əмір неліктен, не себептен байқаған 
жоқ?  Оның  байқамауының  себебі-барлық  назарын  Əбдірахманға  аударғаннан. 
Деревняға  кештетіп  кірген  отрядтың  Белов  бастаған  топ  екеніне  ол  неліктен,  не 
себептен  шек  келтірмейді?  Оның  бұлай  ойлауының  себебі-бұл  маңда  Белов  бастаған 
топтан  басқа  қараулы  солдаттардың  жоқтығы.  Мысалдың  кейінгі  сөйлемдерінің 
мағыналары да осылар сияқты. Сөйтіп, өйткені, себебі жалғаулықтары болған, болатын 
я  болып  жатқан  іс-əрекет,  жай-күйдің  солай  болу  себебін  білдіретін  жай  сөйлем 
алдында  келеді  де,  соның  құрамына  енеді.  Сондықтан  бұл  жалғаулықтар  себеп 
жалғаулығы деп аталады. Кейде себеп жалғаулығы мағынасында олай болатын себебі, 
олай  дейтін  себебі,  неге  десең,  олай  дейтінім  дегендер  тəріздес  тіркестер  де,  болмаса 
алдыңғы  компонент  баяндауышының  есімше  формалы  түрде  қайталанып  айтылған 
түріне  себебі  жалғаулығының  тіркесіп  айтылған  түрі  де  қолданылады.  Мысалы:  Олар 
қанша  асыққанмен  де  бүгін  жүре  алмайды,  жүре  алмайтын  себебі  жолды  қар  басып 
қалыпты. Мен қорықпаймын, қорықпайтыным əжем кеше сұрап алған т.б.  
Сондықтан,  сол  себепті  жалғаулықтары  арқылы  жасалатын  себептес  салалас 
сөйлемдер.  Жай  сөйлемдерді  құрмаластыру  функциясы  жағынан  бұл  екі  жалғаулық 
осының  алдында  ғана  сөз  болған  себеп  жалғаулығымен  бір  топқа  жатқызылады. 

 
 
Дегенмен бұлардың себеп жалғаулықтарынан өзгеше өзіндік мағыналық ерекшеліктері 
де жоқемес.  
Сондықтан,  сол  себепті  жалғаулықтары  да  екі  жай  сөйлем  арасында  
қолданылады  да,  өзінен  кейінгі  жай  сөйлем  құрамына  енеді.  Бұл  жалғаулықтар 
құрамына  енген  компоненттер  алдыңғы  компоненттегі  іс-əрекет  арқасында  туатын 
немесе туған нəтижені,салдары білдіреді. Мысалы: Менің кім екенімді қысқаша түрде 
Жұмабайға  əкесі  айтып  берді,  сондықтан  ол  менен  қысынбай  сөйледі.  Үлкен  еңбегі 
əперген беделі де үлкен еді, сол себепті қарауындағы жұмысшылардың барлығы оның 
айтқанын заң көретің-ді. Өткен түні Шалтайды түсінде көрген еді, сондықтан сол күдік 
көңлінен, əсіресе бүгін кетпей қойды.  
Бұл мысалдағы бірінші жай сөйлемдер екінші жай сөйлемдегі іс-əрекеттің солай 
болу себебін білдіреді де, екінші жай сөйлемдер сол себептен туган нəтижені, салдарды 
білдіреді.  Ол  неліктен,  не  себептен  менен  қысынбай  сөйледі?  Оған  себеп  менің  кім 
екенімді алдын ала айтып қоюда т.б.  
Сонымен,  өйткені,  себебі  деген  жалғаулықтар  бірінші  сөйлемдегі  іс-əрекеттің 
себебін,  неліктен  олай  болғандығын  білдіретін  жай  сөйлем  құрамында  айтылса, 
сондықтан, сол себепті жалғаулықтары бірінші сөйлемдегі іс-əрекеттің себебінен туған 
нəтижені,  салдары  жай  сөйлем  құрамында  айтылады.  Сөйтіп,  бұл  екі  жалғаулықтың 
бір-бірінен  өзгешелігі-  бұлар  араласқан  салалас  сөйлемдегі  себепті  білдіретін 
компонент  пен  себептен  туған  нəтижені,  салдары  білдіретін  компоненттің  орналасу 
тəртібінде. Өйткені, себебі жалғаулықтары арқылы жасалатын  салалс сөйлемде бірінші 
компонент нəтижені білдіреді де, екінші компонент сол нəтиженің себебін білдіреді, ал 
сондықтан,  сол  себепті  жалғаулықтары  арқылы  жасалатын  салалс  сөйлемде  алдыңғы 
айтылғанға керсінше, бірінші компоненті себепті, екінші сол себептен туған нəтижені 
білдіреді.  
Бұл  жалғаулықтардың  əр  топтағысы  бірінің  орнына  бірі  талғаусыз  қолданыла 
береді. Одан сөйлемнің не мағыналық жағына, не құрылысы жағына ешқандай нұқсан 
келмейді.  Мысалы:  Оның  қыңыр  қылықпен  тұрып  кеткенін  отырғандар  тегіс  түсінді, 
өйткені бастан-ақ сабындай бұзылып, құдашамен əңгімесінің жараспағанын, қатар өсіп 
келе жатқан Нұрымның жиын жерде одан əлдеқайда базарлы екенін, мұны Жартайдың 
көрер  көзге  күндеп,  тіл  тигізе  сөйлеп    отырғанын  бəрі  де  байқаған-ды.  Қарт  оның  не 
ойлап  отырғанын  сезген  жоқ,  сол  себепті  бұл  екеуіне    ол  көз  де  салған  жоқ  деген 
сөйлемдердегі  өйткені    жалғаулығының  орнына  себебі  жалғаулығын  келтіріп,  сол 
себепті  жалғаулығының  орнына  сондықтан  жалғаулығын  келтіріп  айтудан  сөйлемге 
ешқандай    нұқсан  келмейді.  Бірақ  бір    топқа  жататын  жалғаулықтың  орнына  екінші 
топтағы бір жалғаулықты қойып айтуға болмайды. Ондай ауыструлар компоненттердің 
орналасу  тəртібін    өзгертуді  керек  етеді.  Мысалы:  Аңшыдан  қашқан  қасқырдай 
салғаннан  текіректей  жөнелген  бұл  төртеуі  қара  жолға  алыстан  орағытып  келіп  кесіп 
өтпекші  болды,  өйткені  жол  бетінде  Нұрыш  пен  Бақы  бастаған  сегіз  аттылы  да  сар 
желіп келе жатыр еді. Жол бетінде Нұрыш пен Бақы бастаған сегіз аттылы да сар желіп 
келе  жатыр  еді,  сондықтан,  аңшыдан  қашқан    қасқырдай  салғаннан  текіректей 
жөнелген бұл төртеуі қара жолға алыстан орағытып келіп кесіп өтпекші болды дегенде 
бірінші жағдайда себепті білдіретін жай сөйлем екінші орында келсе, екінші жағдайда 
ол бірінші орынға шыққан. Тек компоненттердің орны өзгергені ғана болмаса, олардың 
мағыналық  қатынасына  ешқандай  нұқсан  келген  жоқ.  Екі  жағдайдың  екеуінде  де 
компоненттердің бірі себепті, бірі сол себептен туған нəтижені білдіріп тұр.   
Осы  айтылған  өйткені,  себебі,  сондықтан,  сол  себепті  жалғаулықтары  арқылы 
жасалған салалас сөйлемдер себептес салалас сөйлем деп аталады.  
 3) 
Қарсылықты 
салалас 
сөйлем
Қарсылықты 
салалас 
сөйлемге 
компоненттерінің  мағыналары  бір-біріне  қайшы  келетін  сөйлемдер  жатады.  Салалас 

 
 
құрмалас  сөйлемнің  бұл  түрі  бірақ,  дегенмен,  əйтсе  де,  өйткенмен,  сөйтсе  де, 
сөйткенмен,  сонда  да,  солай  бола  тұрса  да,  солай  болғанмен  жалғаулықтары  жəне 
жалғаулық мəнді сөз тіркестері арқылы жасалады. Мысалы: Онша үлкен төрелігім жоқ, 
əйтсе  де  айтып  көріңіз.  Алыстан  əлдекімдердің  күбірлеген  дауысының  жаңғырығы 
есітілген  сияқтанды,  бірақ  қай  жақтан  есітілгенін  шамаламай  алмаймын.  Мен,  əрине, 
олардай 6лкен адам  емеспін, алайда менің айналамда да өзіме лайық адамдарым болу 
керек  қой.  Менде  ондай  талант  бар  деп  ойлаймын,  дегенмен  Мақан  мен  Қайыздың 
алдында  «Алпамышты»  өз  өнерім  жеткенше  айтып  беремін.  Көп  уақыт  өткен  сияқты 
болды, əйткенмен,  мағынасыз өткізген сағаттарға Хакім өкінген  жоқ.  
Қарсы мағынаны білдіретін жалғаулықтардың тіліміздегі басқа жалғаулықтардан 
негізгі  бір  өзгешелігі-бұлардың  басым  көпшілігінің  толық  мағыналы  сөздік 
қасиеттерінен əлі де болса айрыла қоймагандықтарында, контекске қарай, кейде негізгі 
мағыналы сөз сөйлем мүшесі қызметінде де қолданылатындықтарында.  
Жай  сөйлемдерді  құрмаластыру  функциясында  қолданылғанда  қарсылық  мəнді 
жалғаулықтардың бір-бірінен ешқандай мағыналық өзгешеліктері жоқ, бірінің орнына 
бірі  қолданыла  береді.  Мысалы:  Мұқата  сөйлеген  Шұғылдың  сөзін  Хакім  де  естіді, 
бірақ  бұл  сөзді  ол  кек  тұтқан  жоқ.  Осы  сөйлемдегі  бірақ  жалғаулығының  орнына 
жоғарыда  көрсетіқген  қарсылық  жалғаулықтарының  кез    келгенін  келтіріп  айтуға 
болады,  одан  сөйлемнің  мағыналық  жағына  да,  стильдік  жағына  да  ешқандай  нұқсан 
келмейді.  Бұл  жағынан  алғанда,  қарсылық  мəнді  жалғаулықтар  мезгілдес,  я  болмаса 
себептес мəнді жалғаулықтар сияқты емес, мағыналары біркелкі біріктес болып келеді.  
Мағыналары  бір-біріне  қайшы  келетін  жай  сөйлемдер  кейде  ал  жалғаулығы 
арқылы  да  құрмаласады.  Мысалы:  Ондай  студенттер  көп  кездеседі,  ал  ана  доктор 
бақытты  кісіге  ғана  кездеседі.  Бұл  малдарды  əкемнің  тез  жинап  алғысы  келеді,  ал 
қарызға алғандардың көпшілігінде қлма-қол қайтарып берерлік күш жоқ.  
Салалас  сөйлемнің  мұндай  түріндегі  қарсылықты  мағына  екі  түрқі  құбылысты, 
затты,  іс-əрекетті,  көріністі  салыстыра  баяндауга  негізделеді.  Сондықтан  ал 
жалғаулыгы  арқылы  құрмаласатын  жай  сөйлемдер  барлық  жағдайда  да  қайшы  мəнде 
айтыла бермейді. Мысалы: Əрине, кескін-кейпі күн нұрмен жайнар еді, ал тұла бойын 
көктем  шуағы  жайлар  еді      дегенде  жай  сөйлемдер  бір-біріне  мағыналары  қайшы 
əрекеттерді баяндап тұрған жоқ, жарыса, қатар болган екі түрлі жайды білдіріп тұр.  
Талғаулы  салалас  сөйлем.  Талғаулы  салалас  сөйлем  компоненттерінде 
баяндаған  əрекеттердің  екшеліп,  талғанып,  əйтеуір  біреуінін  болатындығын  немесе 
болу керектігін баяндайды. Талгаулы салаластың компоненттері, салалас құрмаластың 
басқа түрлеріңдей емес, тек интонациялық жағынан ғана болмаса, мағыналық жағынан 
бір-біріне  тəуелсіз,  дербес  əрекеттерді  баяндайды.  Мысалы:  Күн  жылынып  еді,  көк 
қаулап  өсе  бастады  деген  салалас  құрмаласта  компоненттер  бір-бірімен  мағыналық 
жағынан ұштасып жатыр. Мұнда күннің жылынуы көктің өсуіне себепші болып тұр. Ал 
енді,  Бүгін  қар  жауады  немесе  жаңбыр  жауады  деген  талғаулы  салаластың 
компоненттері арасында алдыңғы мысалдағыдай мағыналық қатынас жоқ. Мағыналық 
жағынан мұнда бір-біріне тəуелсіз екі түрлі əрекет баяндалган да, олар өз ара мағына 
іліктестігіне қарай емес, интонациялық бірлігіне қарай құрмаласқан.   
Талғаулы  салаластың  өзіндік  бір  ерекшелігі  мұның  құрамына  енген  жай 
сөйлемдер  бір-бірімен  жалғаулықсыз  құрмаласа  алмайды,  тек  жалғаулықтар  арқылы 
ғана құрмаласады. Талғаулы  салаластың жалғаулықсыз түрінің болмауының бір себебі 
де,  жоғарыда  айтылғандай,  компоненттерінің  мағыналық  жагынан  бір-бірімен  іліктес 
болмай,  əрқайсыларының  өз  алдарына  дербес  əрекеттерді  баяндауларынан. 
Мағыналарында іліктестік болмағаннан  кейін, тек сыртқарғы, бір дəнекерлер арқылы 
байланысып  тұрады  да,  ол  дəнекерден  айрылса-ақ,  бастары  бірікпей,  бөлек-бөлек 
болып бытырап кетеді.  

 
 
Сөйлемге  талғаулық  мағына  беретін    жəне  жай  сөйлемдерді  бір-бірімен 
құрмаластыратын  жалғаулықтар-не,  немесе,  я,  яки,  болмаса,  əйтпесе,  əлде,  мейлі,  құй 
деген талғаулықты жалғаулықтар. Бір топқа жатқызылып, бір ғана атаумен атала тұрса 
да, бұлардың ішінде өзіндік магыналық жəне қолданылу ерекшелігі бар жалғаулықтар 
жоқ  емес.  Оны  мына  мысалдардан  байқауға  болады.  Бұл  істің  шындығын  не  көзімен 
көрген айтар, немесе құлағымен естіген айтар. Мейлің өзің бар, мейлің баланы жібер, 
əйтеуір  олармен  қалай  да  хабарласу  керек.  Өзі  кетіп  құтылды,  əйтпесе  өзіміз-ақ 
тастатқалы жүр едік. Күндіз олар не өзіне жем іздейді, не өзінің басқаға жем болмауын 
көздейді.  Мысалдың  бірінші  сөйлем  компоненттерде  айтылған  əрекеттердің 
қайсысының  болатындығын  кесіп  айтпай,  болжау,  əйтеуір,  бірі  болар  деген  мағынада 
баяндайды.  Мұндай  мағына  не  қар  жауады,  не  жаңбыр  жауады  дегендер  тəріздес 
сөйлемдерде  айқынырақ  байқалады.  Мысалдың  екінші  сөйлемді  сөйлеуші  үшің 
компоненттердегі  əрекеттің  қайсысы  болса  да  бəрібір  екендігін  сөйлеушінің  ол 
əрекеттер  турасында  өзін  бейтарап  ұстайтындығын  білдіреді.  Мысалдың  үшінші  
сөйлеміндегі  компоненттердің  бір-бірімен  қатынасы  алдынғы  екеуінен  де  өзгеше.  Бұл 
тəріздес сөйлемдер субъектіні компоненттердегі əрекеттердің бірін істеуге міндеттейді, 
соны істеуді екінші бір əрекетке шарт ретінде алады. Не ол, не бұл екінің бірі. Мысалы: 
Сен  қазір  жұмысқа  кіріс,  əйтпесе  мен  сені  бұл  маңайдан  қуамын.  Сен  оны  өлтір, 
болмаса  өзің  өлесің.  Ал  енді,  бұл-əншейін  келешегіне  қарай  қойылған  ат,  əйтпесе 
нобайы  түзу  бір  механизм  жоқ      деген  сөйлемдегі  компоненттер  арасында  жоғарыда 
айтылгандай талғаулық мəн де жоқ. Мұндағы компоненттердің бір-бірімен мағыналық 
қатынасы  талғаулықтан  гөрі  қарсылықтарға  жақын.  Талданган  мысалдардағы 
компоненттердің 
мағыналық 
қатынастарына 
қарағанда, 
жоғарыда 
аталған 
жалғаулықтар арқылы жасалатын салалас сөйлемдердің бəрін талғаулы деген бір ғана 
атаумен атаудың өте шартты екендігі байқалады.  
Талғау мəндес жалғаулықтардың я, не, мейлі, құй, əлде дегн түрлері жай сөйлем 
сайын  қайталанып  та  айтыла  береді.  Ондай  қайталауларында  бірінші  жай  сөйлемде 
бұлардың  бірі  келгенде,  екінші  жай  сөйлемде  талғау  жалғаулығының  басқа  біреулері 
келуі де мүмкін. Мысалы: я мен барайын, я сен бар деуге де, я мен барайын, болмаса 
сен бар деуге де болады. 
Талғау  мəнді  жалғаулықтар  жай  сөйлемдерді  құрмаластырудан  гөрі  бірыңғай 
мүшелер  арасында  көбірек  қолданылады,  сондықтан  да  талғаулықты  салалас  сөйлем 
жазу тілімізде өте сирек ұшырайды.  
Кезектес  салалас  сөйлем.  Кезектес  салалас  сөйлем  деп  құрамына  енген  жай 
сөйлемдердің  мағынасынан  байқалатын  іс-əрекеттердің    бірінен  соң  бірі  кезектесіп 
болып отыратындығын білдіретін салалас құрмалас сөйлемді айтамыз. Кезектес салалас 
сөйлем  компоненттері  бір-бірімен  бірде,  бірсе,  кейде  деген  кезектестік  жалғаулықтар 
арқылы  құрмаласады.  Кезектес  мəнді  жалғаулықтардың  бір-бірінен  айтарлықтай 
мағына  өзгешеліктері  жоқ,  сондықтан  олар  бірінің  орнын  екіншісі  ауыстыра  бере 
алады. Жəне ондай ауыстырудан сөйлем мағынасына ешқандай нұқсан да келмейді.  
Жалғаулықсыз салалас сөйлем.  Құрмалас сөйлем жай сөйлемдердің ешқандай 
жалғаулықсыз  немесе  жалғаулық  мəнді  сөзсіз  бір-біріне  тіркесе,  іргелес  айтылулары 
арқылы  да  жасалады.  Құрмалас  сөйлемнің  мұндай  түрі  жалғаулықсыз  салалас  сөйлем 
деп аталады.  
Жалғаулықсыз  салалас  сөйлемдерде  компоненттер  бірлігі,  негізінде,  жай 
сөйлемдердің  мағыналық  жағынан  өз  ара  байланыстығынан,  шарттастығынан, 
интонация тұтастығынан жəне компоненттер құрылысындағы кейбір ортақ сипаттардан 
көрінеді.  
Мағыналық  жағынан  алғанда,  жалғаулықсыз  салалас  құрамына  енген  жай 
сөйлемдер бір-біріне жақын, өз ара іліктес, шарттас, мезгілдес, себептес іс-əрекет, жай-

 
 
күйді білдірулері де, болмаса бірінің мағынасын екінші ашып, саралап түсіндіріп тұруы 
да  мүмкін.  Соның  арқасында,  алдыңғы  жай  сөйлем  айтылғанда  ойдың 
аяқталмағандығы, ой жалғасы барлығы байқалып тұрады. Мысалы:Ол қасқа айғырыға 
қарай ұмтыла түсіп еді, Бақыт тізгінге жармаса кетті. Шоқытыңқырап келген қалпымен 
көлге  түсіп  кетпек  боп  ем,  аттар  жалақтап  жоламады.  Əңгімемен  көмір  көбірек 
салынып кетсе керек, тозған арба таяқ тастам жер шыға шоңқайып қалды.   
Бұл  келтірген  үш  түрлі  сөйлемнің  үшеуінде  де  олардың  бірінші  компоненттері 
интонациялық  жағынан  тиянақсыз,  олардан  кейін  тағы  да  бірдемелердің  айтылу 
керектігі,  ой  жалғасы  барлығы  байқалып  тұр.  Сонымен,  бірге,  бұл  сөйлемдердегі 
компонент мағыналары да өз ара бір-бірімен тығыз байланысты: бірінші сөйлемдегі Ол 
қасқа  айғырға  қарай  ұмтыла  беріп  еді  деген  компонент  өзінен  кейінгі  Бақы  тізгіне 
жарамаса  кетті  деген  сөйлемсіз  аяқталған  ойды  білдіре  алмайды,  өйткені  ол  бір 
уақыттың ішінде болған  мезгілдес оқиғаның бір сыңарын ғана баяндайды, оның екінші 
сыңары кейінгі компонентте айтылған, ал сөйлем бүтіндігі-ой тұтастығы бір мезгілдің 
ішінде болған осы екі компоненттің бірігуі арқасында ғана жүзеге асады. Осытəріздес 
мағыналық  жəне  интонациялық  бірлік,  өз  ара  тығыз  байланыстылық  жалғаулықсыз 
салалас сөйлемнің қай түрінде болса да  кездеседі.  
Жалғаулықсыз  салалас  сөйлем  компоненттері  арасындағы  жоғакрыда  айтылған 
бірлікке, жақындыққа қарамастан оларды бір-бірімен құрмаласатын жалғаулықтардың 
немесе жалғаулық мəнді сөздің жоқтығына қарап, кейбір тілдерде құрмалас сөйлемнің 
бұл  түрі  салалас  тобына  да  қосылмай  құрмалас  сөйлемнің  үшінші  бір  түрі  ретінде 
құралады.  
Жалғаулықсыз салалас сөйлем компоненттерінің бір-бірімен байланысу жолдары. 
Құрмалас  сөйлемнің  басқа  түрлеріне  қарағанда,  жалғаулықсыз  салалас  сөйлем 
компоненттерінің  бір-бірімен  байланысы  онша  тығыз,  беріқ  болмайды,  оларда 
дербестік, формалық тиянақтылық басым келеді.  
Жалғаулықсыз  салалас  сойлемнің  қалыптасқан,  тек  өзіне  ғана  тəн  баяндауыш 
формасы жоқ. Қалыпты тиянақты жай сөйлем баяндауышы қызметінде қолданылатын 
сөз  таптарының  қай-қайсылары  болса  да  жалғаулықсыз  салалас  сөйлем 
компоненттерінің  баяндауышы  қызметінде  де  қолданылады.  Сөйтсе  де  жалғаулықсыз 
салаластың  алдыңғы  компоненттерінің  баяндауыштары  көпшілік  жағдайда  еді,  екен, 
емес  етістіктерін  көмекшіге  алып  тұрады.  Бұл  көмекшілер  кейбір  жағдайларда  өзі 
құрамына  еніп  тұрған  жай  сойлемдерге  тиянақсыздық  мəн  беріп,екі  жай  сөйлемді 
құрмаластырушы  дəнекер  болып  келеді.  Мысалы:  Айналаға  мойын  созып  қарап  едім, 
қыбыр  еткен  жан  көрінбеді  деген  сөйлемдегі  едім  көмекші  етістігін  алып  тастап, 
бірінші  компонент  едəуір  тиянақтылық  мəніге  ие  болады  да,  компоненттердің 
интонациялық  бірлігі  бұзылып,  олардың  арасындағы  құрмаластық  байланыс 
көмескіленеді,  компоненттердің  дербестігі  күшейеді.  Тілдік  фактілерге  қарағанда, 
жоғарыда  аталған  көмекшілерге  аяқталған  жай  сөйлемдердің  көпшілігі  құрмалас 
сөйлемнің компоненті болып келеді.  
Жалғаулықсыз  салалас  сөйлем  жасауда  алдыңғы  компоненттің  баяндауышы 
қызметінде  қолданылатын  сол  есімдігінің  ролі  ерекше.  Бұл  есімдік  алдыңғы  жай 
сөйлемнің  баяндауышы  функциясында  қолданылғанда,  формалық  құбылыстарға 
ұшырап,сонша, соншалық, сондай, соншама болып айтылады.  
Салалас  құрмалас  сөйлемнің  бірінші  компонентінің  мағыналық,  əсіресе 
интонациялық  жағынан  аяқталмай  тұруы,  бір-бірімен  байланыстырып  құрмаласатын 
басты тəсіл болып табылады.  
Бұл айтылған белгілермен қатар, жалғаулықсыз салалас сөйлем құрамындағы жай 
сөйлемдердің  бір-бірімен  құрмаластық  қатынасы  компонент  баяндауыштарының  бір 

 
 
бастауышқа ортақтасып тұруы арқылы да, беёлгілі бір сөздің бірінші компонентте де, 
екінші компонентте де қайталанып айтылуы арқылы да байқалады.  
Баяндауыштары  қайталап  айтылған  бір  сөзден  болған  жалғаулықсыз  салалас 
сөйлемнің компоненттері  кейде  ықшамдалып,  өз  ара  сыйыстырылып  айтылады.Ондай 
ықшамдаулар  алдыңғы  компоненттің  баяндауышы  айтылмай,  түсіріліп  қалдырылу 
арқылы  жасалады.  Мұндай  жағдайда  баяндауышы  түсіріліп,  ықшамдалып  айтылған 
компонент сөйлемдік қасиетінен айрылады да, кейінгі компонентпен бірігіп, бірыңғай 
мүшелі  жай  сөйлемге  айналады.  Мысалы:  Сағынған  елін  аңсайды,  сары  ала  қаз  көлін 
аңсайды.  Елінен  безген  ер  оңбас,  көінен  безген  қаз  оңбас.  Ел  жасымен  көрікті,  тау 
тасымен көрікті, аяқ асымен көрікті. (Мақал).  
Бұл  мысалда  компоненттерінің  баяндауыштары  бір  сөздің  қайталап  айтылуынан 
болған үш түрлі жалғаулықсыз салалас сөйлем бар. Жоғарыда көрсетілгендей, мұндағы 
əр салаластың алдыңғы компоненеттерінің баяндауыштарын түсіріп, ышамдап айтсақ: 
Сағынған елін, сары ала қаз көлін аңсайды. Елінен безген ер, көлінен безген қаз оңбас. 
Ел  жасымен,  тау  тасымен,  аяқ  асымен  көрікті  деген  бірыңғай  мүшелі  үш  жай  сөйлем 
болып  шығады.  Бірақ  бұлар  құрылысы  жағынан  жай  сөйлем  болғандарымен, 
мағыналары  жағынан  əрқайсысында  бір-бір  күрделі  ойдың  барлығы,  компоненттер 
баяндауыштарының  жасырын  екендігі  байқалып  тұрады.  Жалғаулықсыз  салалас 
сөйлемнің  мұндай  ықшамдалған  түрлері  құрмаластық  қасиетінен  айрылады  да, 
сыйысқан жай сөйлем болады.  
Компоненттерінің  баяндауыштары  бір  сөздің  қайталанып  айтылуынан  болған 
салалас  сөйлемдерді  ықшамдап,  сыйыстырып  айту  сөйлемге  əдеби  түр  беруге 
байланысты  болады…  Жазушы  я  сөйлеуші  дербес  сөйлемдердегі  қайталанатын  ортақ 
мүшені  ықшамдап,  қысқартып  айту  арқылы  ондай  құрмаласқа  я  ондай  сөйлемге 
поэтикалық, яғни динамикалық рең береді. Мұндайда іргелестегі күрделі ой жайылмай, 
шұбалаңқыланбай, ықшамдалып түйдектеліп, үдеме түрінде ұғынылады.  
Жалғаулықсыз, 
іргелесе 
құрмаласатын 
жай 
сөйлемдерді 
бір-бірімен 
байланысытруда  олардың  баяндауыштарының  жақтық,  шақтық,сан-мөлшерлік 
жақтарынан бірыңғай, біріктес болып келулерінің де тигізетін белгілі əсерлері болады. 
Баяндауыштардың  мұндай  біріктес  грамматикалық  категорияларында  айтылуы 
прозадан гөрі поэзиялық шығармаларда жиі жəне күрделі болып кездеседі. Ол, əрине, 
өлең сөздің ритмикалық жағына да байланысты болар.  
Құбылып бурыл гуледі, 
Табаны жерге тимеді,  
Тау менен тасты көрмеді,  
Төрт аяқты сермеді.  
Тер шыққан соң өрледі,  
Адырды көзі көрмеді,  
Көлденең жатқан көк тасты  
Тіктеп тиген тұяғы  
Саз балшықтай иледі.  
 Жеті  жай  сөйлемнен  құралған  бұл  шумақтың  басын  қосып  тұрған  ең  алдымен, 
бұлардағы  ритмикалық  бірлік,  үйлесімдік  болса,  сол  ритмикалық  бірлік  жай 
сөйлемдердің  баяндауышы  болып  тұрған  етістіктердің  бірыңғай  жақтық,  бірыңғай 
шақтық мағынада айтылулары арқылы берілген.  
Сонымен,  жоғарыда  айтылғандарды  жинақтай  келгенде,  жалғаулықсыз  салалас 
сөйлем компоненттері бір-бірімен мынадай тəсілдер арқылы құмаласады:  
1) жай сөлемдер мағыналарының бір-бірімен байланысты, іліктес, сабақтас болып 
келуі арқылы;  
2) интонация арқылы; 

 
 
3) компоненттердің бəріне ортақ бір сөздің болуы арқылы;  
4) компоненттердің бір бастауышқа ортақтасып келуі арқылы;  
5) белгілі бір сөздің компонент сайын қайталанып айтылуы арқылы;  
6)  бірінші  компоненттегі  бір  сөздің  екінші  компонентте  есімдік  түрінде 
қайталануы арқылы;  
7)  компонент  баяндауышы  қызметіндегі  етістіктің  жақтық,  шақтық  жағынан 
бірыңғай болып келуі арқылы.  

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет