Сілекейдің құрамыжәне оның мәні. Сілекей дегеніміз-сілекей өзегі арқылы келіп құйылатын шықшыт, жакасты, тіласты бездерінің, сондай-ақ ауыздың кілегейлі қабатшадағы бытырай орналаскан үсақ бездердің сөлі. Адам тәулікте 0,5-2 л дейін сілекей шығарады. Сілекей қоймалжын, сүйык зат. Оның құрамына 0,5-1,5% құрғақ зат бар, қалғаны су. Құрғақ зат органикалык жэне бейорганикалық затгардан тұрады. Сілекейдің негізгі ферменттері-амилаза жэне мальтаза. Амилаза полисахаридтерді дисахаридке дейін, ал мальтаза дисахаридті моносахаридке дейін ыдыратады (мальтаза, лактоза, фруктоза, сахароза), сілекей қүрамындағы микроорганизмдерді өлтіретін лизоцим ферменті болады. Келесі фермент- муцин, ол шайналып ұсакталған ас кесегін жұмсартып, сілекеймен қоршайды, жүткыншақты ауыртпайтындай сырғанак күйге келтіреді. Оны еңешке қарай жылжуын жеңілдетеді. Сонымен қатар қан ұюын тездететін, тежейтін факторлар болады.
Сілекейдің қызметтері. Ауыздың шырышты қабығы мен тісті дымқыл күйінде ұстап, ыстық тағамды суытып,салқын тамақты жылытып, тағам температурасын реттеп отырады.
Құрамындағы лизоцим бактериоцидтік қызмет атқарады.
Құрамындағы ферменттер вирустарды мен микробтарды бұзып ыдыратып, адам денесін корғайды.- корғаныш қызметі.
Қүрамында қан тез ұйып, ауыздағы жарақаттар тез жазылып кетеді.
Сілекейдің қоректік трофикалық маңызы да бар. Ол жаңадан шығып өсіп келе жаткан тістерді Са; Ғ; 2п сияқты микроэлементтерімен қамтамасыз етіп отырады.
Сілекей күрамын тексеру- белгілі бір ауруларды анықтау ісін жеңілдетеді. Мэселен нефрит кезінде сілекейде азот, инсульт кезінде ақуыз көбейеді.
Сілекейдің шығуы және оның реттелуі. Сілекей мөлшері мен қүрамы жеген тамақтың физикалық қасиеттеріне байланысты. Кептіріп, үнтақталған ет, кепкен нан, талкан жеген кезде сілекей көп жэне сұйық болып шығады, керісінше, сұйық тамақка қоюлау сілекей бөлінеді. Сілекейдің қүрамы мен көлемі тағам түріне, қасиетіне байланысты. Бездердің қызметін орталық жүйке жүйесі реттеп отырады. Сілекей бездерінде вегетативті жүйесінің жүйкелері тарамданған. Парасимпатикалық жүйкенің орталығы сопақша мида орналасқан (IX; X жүйкелердің). Симпатикалық жүйесінің нейрондары жұлынның көкірек бөлімінде, оның II-VI сегменттерінің бүйір мүйізінде орналасқан. Сілекейдің құрамы, оның мөлшері осы екі түрлі жүйке орталығының қозу дәрежесіне байланысты, Парасимпатикалық жүйкені тітіркендірсе, сілекей кеп мөлшерде, құрамында органикалық заттар аз, бірақ бейорганикалық заттар көп, сұйық сілекей шығады.