Қарын сөлінің өзін-өзі реттеуін қамтамасыз етеді. Онда ас тұзы өте көбейіп кетсе, пилорустың шырышты қабығында бөлінетін гастрон гормонының түзілуі күшейеді. Гастрон гастрин шығуын тежеп қарын сөлін азайтады.
Қарындағы сөл шығуының реттелуі. Сөл қарыннан, әсіресе тамақ ішкен сәтте көп болып шығады. Оның мөлшері, ферменттердің саласы мен құрамы, тағамдағы қоректік заттардың түріне (ақуыз, май, көмірсу), ас кесегінің физикалық қасиеттеріне қарай озгеріп отырады. И.П. Павловтың лабораториясында итке арнайы тәжірибелер жасап, карын сөлінің кашан, қалай, қанша мөлшерде бөлінетіні, құрамындағы ферменттердің сапасы, қышқылдығы ет (ақуызы көп аста болса), нан (көмірсуы көп аста болса), сүт майлы асты берген кезде қалай өзгеретіні анықталды. Рационында ет көп болса, карыннан сөл барынша көп шығады, оның реакциясы қышқыл келеді, ал нан көп болса, сөл шығару үзаққа созылады, сөлдің ыдырату күші мол болады, ал сүт көп болса, сөл аз шығады, оның қышқылдығы орташа. Нан мен сүтке карағанда ақуызы көп аста пепсин элдеқайда көп мөлшерде шығады. Қарын бездерінің жедел асқа осылайша икемделуі, без кызметін реттеуде жүйке жүйесінің үлкен мәні бар екенін көрсетеді. Әдегте, парасимпатикалық кезеген жүйке қарын бездерінің сөл шығару қабілетін күшейтеді, ал симпатикалык жүйке, керісінше, сөл шығуын тежейді. Қарынның сөл тпығару қабілетін күшейтетін химиялық заттар-гормондар бар, олар кан арқылы әсер етеді-гуморальды реттеу деп аталады.