Ішекте ас қорыту процесі. 1) ішек түтігінде.
2) ішек кабырғасында .
1) Химус ішекке жеткенде, бездер өз сөлін шығаруын бастайды. Ішек түтігінде ас қорыту жалғасады, мұны ішек қуысындағы ас қорыту деп атайды. Сөл шығаратын клеткалардан оқшалау жерде өтеді.
2) Ішектің кілегейлі кабығында, яғни мембраналық ас қорыту жолдарымен іске асырылады. Осы жолмен ас қорыту жүру үшін, ащы ішектің, ерекшілігіне байланысты. Кілегейлі кабығында микротүтікшелер орналасқан. Әр клетканың бетінде ЗОО-ге жақын микротүтікшелер байкалады, осы түтікшелер ішектің сіңіру аланын 14-39 рет асырады. Осы түтікшелер бетінде көптеген ферменттер орналасуына қарай мембраналық ас қорыту жүреді.
¥йкы безі сөлінің трипсин ферменті ішекке активсіз түрде бөлінеді, ішектің энтерокиназа ферменті трипсинді активті түрге ауыстырады.
6
Липаза
Майлар ыдырататын ферменттер
7
Фосффолипаза
Тоқ ішекте асқорытылуы
8
Пептидаза
Жіңішке ішекте ыдырауға үлгермеген ақуыздарды ыдыратады
9
Нуклеаза
Жіңішке ішекте ыдырамайтын көмірсуларды ыдыратады.
Қарынның қимыл-әрекеті.
Асты жұтқан сәттен бастап қарын еттері біразға дейін босаңсиды, мұны астың рефлекстік реакциясы деп атайды. Одан әрі тағам түріне қарай қарын қимылы күшейе бастайды. Қарын еттерінің жиырылуы фазалық жэне тонустық жиырылу болып екіге бөлінеді. Фазалық жиырылу негізінен перистальтикалық жиырылу. 1 минутте 3 толқын пайда болады. Тонустық жиырылу көпке созылады және жиірек байқалады (1-мин-не 6-7 рет).
Аш ішектің жиырылуы. Бірыңғай салалы ет талшықтары ішектің бойымен ұзыннан ұзақ және сақина тэрізді ішек қуысын айнала көмкерген. Ішек еттері жиырылып, 1-шіден, ішектегі химусты ас корыту сөлдерімен араластырады да қорыту процесін күшейтеді. 2-шіден- ішек түтігіндегі қысымды арттырып сіңуге даяр қоректік заттарды қанға жэне лимфаға өткізеді. 3-шіден корытылмаған тағам калдықтарын одан әрі жылжытып ток ішекке жеткізеді де, біртіндеп сыртқа шығарып тастайды. Ішек қимылы 5 түрде байқалады:
маятник тәрізді қимыл. Осы қимыл аркылы ет тамшықтары біресе жиырылып, біресе
босаңсиды да ішектің біраз бөлігін біресе қысқартып, біресе ұзартады. Осыған орай ішектегі
химус бірде алға, бірде артқа қарай жылжып, ас корыту сөлімен әбден араласады.
ырғақты-бунақтану қимыл- сақина тәрізді ет талшықтары бірден ішектің бірнеше жерінде жиырылып, оның ұзындығы әр түрлі (1-2 см) көптеген сегменттерге бөледі, осылай бірнеше сегменттерге бөлінеді. Бұл қимыл іштегі химустың ас корыту сөлімен араласуын қамтамасыз етеді.
перистальтика қимылын жасауға ішек еттің екі түрі де катысады. Ішек бөлігінің жоғары жагында сақина тәрізді көптеген еттер жиырылып, ішек қуысын тарылтады, ал дәл осы кезде төменгі жағындағы ішекті бойлай орналасқан еттер жиырылып ішек қуысының тарылған жерінен кеңейтеді. Ондағы химус енді ішек куысының тарылған жерінен кеңейген жеріне қарай жылжиды, сөйтіп химустың жоғарыдан төмен қарай жылжуын қамтамасыз етеді.
кері перистальтика қимылы. Ішектегі химусты кері қайтарып, қарынға қарай жылжытады.
ширақтық (тонустық) қимыл да өзгеріп отырады. Бірыңғай салалы еттер әрдайым тонуста болады. Ішек тонусы түрлі себептердің әсерінен не жоғарлауы не төмендеуі мүмкін. Еттер тонусы күшейсе, ішек қуысы тарылып төмендесе, ішек қуысы кеңейеді. Бұл да химустың сөлмен араласып, даяр өнімдердің сіңуіне септігін тигізеді.
Ішек жиыруын вегетативтің жүйкелер реттейді. Кезеген жүйке ішек қимылын күшейтеді, ал симпатикалық жүйке баяулатады. Ішек қимылын жұлын мен сопақша мидан басқа да бөлімдері-гипоталамус, лимбиялық жүйке, ми сыңарларының кыртысы реттейді. Ішек қимылына көптеген химиялык заттар қан арқылы да әсер етеді. Мысалы, ацетилхалин медиаторлар, гастрин, холицистокинин, серотин, гистамин сияқты гормондары оның кимылын күшейтеді, ал адреналин, керісінше тежейді. Ішек қимылын ішек химусының физикалык қасиеттері мен химиялық кұрамдары да өзгереді. Клетчаткаға бай заттар, ішек қимылын күшейтеді.
Асты сіңіру. Сырттан келген тағам (небары 20-30 секунд), ауызда сондай-ақ қорытылып даяр тұрған заттар жоқ. Сілекей кұрамында амилаза, мальтаза ферменттер көмірсу ыдырауын бастайды. Бірақ тіл астына салынған кейбір дәрілер (валидол, нитроглицерин) ауыздың шырышты қабығы арқылы тікелей қанға сіңеді де, жүрек қан тамырларына әсер етеді. Ас түзы, су, глюкоза, алкоголь қарьганан қанға өтіп аздап бойға сіңеді. Бірақ қарында да сіңуге даяр өнімдер жоқ, көмірсудан басқа қоректік заттар қарын аркылы сіңбейді. 12-елі ішекте ыдырау өнімдерінің 5-8% ғана канға өтеді, өйткені ішек тым қысқа. Химус мұнда көп кідірмейді, эрі қарай жылжи береді. Ас негізінен ащы ішек пен мықын ішекте сіңеді. Мүнда тағам гидролизі аяқталып, көптеген суда еритін ішек мембранасынан өте алатын заттар пайда болады жэне олар ішекте 10-12 сағаттай кідіреді. Ішектің шырышты кабығының қүрылысындағы ерекшеліктерге байланысты ішек түтігіндегі заттар мен оның қабырғасы беттеседі де, сіңіру алаңы ұлғая түседі. Себебі кілегейлі қабығында көптеген қатпарлар, бүрлер (микроворсынкалар) бар. Бүрлердің ұзындығы 0,5-1,5 мм, бір шаршы мм-де 18-40 бүр болады. (Бүрлер мен катпарлар ішектің сіңіру беткейін 5-6 есе ұлғайтады). Ішек бүрінің қаптаған әрбір жиекті эпителийдің ішкі бетінде 1000-3000 өте ұсақ микробүрлер болады. Микробүрлер арасында микротүтіктер ішектің кілегейлі қабығының сіңіру беткейін кемінде 40 есе үлғайтып, қоректік заттар сіңуіне қажетті жағдай жасайды.