Ас ќорыту ж‰йесініњ физиологиясы



бет4/12
Дата02.12.2023
өлшемі0,72 Mb.
#131744
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Анатомия 7

Сілекейдің бөліну (шығу) тәртібі.
Сілекей негізінен рефлекстік жолмен бөлініп шығады. Ол шартты жэне шарттсыз рефлекс арқылы сілекей шығару болып екіге бөлінеді. Шартты рефлекс бойынша сілекей тағамның өзіне таныс белгілі бір түрін көрген, оның иісін сезген кездерде, дәмді тағам еске түскен сәтте, яғни тағамның тікелей катынасынсыз, ас ауызға түспей тұрып бөлінеді. Шартты рефлекс кезінде ауыз рецепторлары тітіркенбейді, бірақ көз, дыбыс, иіс рецепторлары мен еске алу нейрондары қозады.
Рецепторлардан шыққан сигналдар ми қыртысына жетеді. Одан эрі сопакша мидағы орталыкқа барып, оны қоздырады. Осы орталықтан шыққан парасимпатикалық жэне симпатикалык жүйкелер бездерге жетіп, сілекей бөледі. Шарттсыз рефлекс тағам ауызға түскен сэттен басталады. Ауыздағы ас көптеген рецепторларды тітіркендіріп, бет (VII), ұшкіл(У), тіл-жұтқыншак (IX), кезеген(Х) жүйкелердің мидағы сілекей орталығын қоздырады да эфферентік талшықтары арқылы сілекей шығару қабілетін күшейтеді, ОЖЖ-нің баска да бөлімдері- ми қыртысы, гипоталамус, лимбиялық қыртыс қатысады. Сілекейдің бөліну бөлінбеуі көптеген жағдайда көңіл күйге (эмоцияға) байланысты болатыны осыдан.


Қарындағы ас қорытылуы.

  1. Анатомиялық кұрылысы (қайталау).

  2. Қарын сөлінің кұрамы мен мәні.

Адамда қарын бездері тәулігіне 2-2,5 л-дей сөл шығарады. Ол түссіз, реакциясы кышқыл (рһ=0,9-1,5) зат. Құрамында 0,5-3,5% кұрғақ зат бар. Сөлінде Na; К; Са хлоридтері, сульфаттары, фосфоттары бар, әсіресе тұз қышқылы көп. Органикалық заттар-ферменттер мен муцин бар. Қарын бездерінің негізгі клеткалары пепсиноген ферментін бөліп шығарады. Қышқыл ортада активсіз пепсиноген активті пепсинге айналады. Келесі ақуыз ыдырайтын фермент- гастрисин, пепсин күрделі ақуызды ыдыратады. Бала қарны сөліндегі сүт ірітетін фермент-химозин деп аталады. Қарын сөлінде кездесетін липаза ферменті басқа сөлдердегі липазадай, тек эмульсияланған (өте ұсақ бөлшектерге бөлінуі) майға ғана әсер етеді. Қарын сөліндегі липаза тек сүттің майын ыдырата алады. Липазалар әсерінен эмульсиянған май ыдырап глицерин мен май қышқылына айналады. Көмірсу ыдырататын ферменттер амилаза мен мальтаза. Амилаза крахмал мен гликогенді дисахаридтерге дейін, ал мальтаза моносахаридтерге дейін ыдыратады. Муцин қарынның ішкі қабатын майлап, пепсиннің зиянды эсерінен корғайды жэне қарынға келіп түскен В12 витаминін қоршап алады. Қарын сөлі ферменттерінен қорғап, ыдырамастан денеге сіңуін қамтамасыз етеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет