Ас ќорыту ж‰йесініњ физиологиясы



бет1/12
Дата02.12.2023
өлшемі0,72 Mb.
#131744
түріҚұрамы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Анатомия 7


Ас қорыту жүйесінің физиологиясы.
Тамақ ішу, ішкен астың ішек-қарында қорытылуы денеге сіңуі аса күрделі процестер. Ас адамның арқауы-дейді халық. Ас құрамындағы қоректік заттар белок, углевод, май адам денесіндегі тканьдердің жаңарып жаңғырылуын, клетка түзілуін, адамның өсіп-өнуін, дамуын камтамасыз ететін құрылыс материалдары, тіршілік әрекеттеріне жұмсалатын энергия көзі. Демек, қоректік заттар керек кезінде және қажет мөлшерде ұдайы түсіп отыруы шарт. Олай болмаған күнде гомеостаз бұзылып, клеткалардың, тіпті бүкіл организмнің тіршілігіне қауып төнеді. Адам өзіне қажет қоректік заттарды әдетте сырттан алады.


Ас қорыту жүйесінің функциялары.

  1. Секрециялык қызметі немесе сөл шығару. Оны ас қорыту, сілекей бездері, ішек карын бездері, ұйқы безі, бауыр аткарады.

  2. Қимыл (моторикалық) қызметі. Бірыңғай салалы еттер орындайды.

  3. Қоректік заттарды сіңіру функциясы. Ішек-қарын түтігінде болады. Адамда қажет қоректік заттар әбден ыдырап қарапайым қосындыларға айналады да, түтік қабырғасындағы биологиялык мембраналардан өтіп қанға немесе лимфаға сіңеді.

  4. Экскреторлық қызметі. Тіршілікке қажетсіз заттарды сыртқа шығару функциясы. Қорытылмай калған ас қалдықтары, ас қорыту барысында қанға, лимфаға сіңіп үлгермеген түрлі өнімдер, каннан ас қорыту түтігіне өтіп үлгермеген заттар (несеп қышқылы, мочевина, дәрі-дәрмек, басқа артық тұздар, су өт құрамындағы заттар) нәжіске ілесіп сыртқа шығады.

  5. Эндокриндік функция. Ішек-қарынның кілегейлі қабығында көптеген гормондар түзіледі. Олар қанға енеді де алдымен ас қорыту процесін, зат алмасу, өсіп-өну, есею процестерін реттеп, басқарып отырады.



Ас қорытуды зерттеу әдістері.
Физиология ғылымының дамуында түрлі функцияларды зерттеу, осыған лайық әдістер іздеу үлкен роль аткарады. 1842 ж. Москва университетінің профессоры Басков итке операция жасап, оның қарнына қойылған фистула арқылы ас қойытпағы араласқан қарын сөлін жинап оны зерттейді. Бүл операцияны өте жоғары бағалаған И.П.Павлов кейін итке эзофаготомия (өңешті кесіп, онын екі ұшын сыртқа шығару) опреациясын жасап, жалған тамақтандыру әдісін ұсынды. Таза карын сөлін жинап, оның кұрамын анықтады, бұл сөлдің адам қарнының сөлінен айырмашылығы жок екенін дәлелдеді.
Сонымен ас қорыту жүйесінің қызметін зерттеуде бірден бір тиімді әдіс- И.П.Павлов үсынған фистула қою. Фистула кою эдісі ас қорыту физиологиясын жаңагаа дамытуға жол ашып, бүл тарапындағы эйгілі еңбектері үшін И.П.Павловқа Нобель сыйлығы берілді. Фистула дегеніміз белгілі бір ағзаның қуысын немесе бездің түтігін сыртқы ортамен байланыстырып тұратын өзек. Фистула салу үшін белгілі бір жануар түріне (айталық, итке) наркоз беріп, антисептика жэне асептика талаптарына сэйкес операция жасап, ағза қуысының немесе без түтігінің ұшын сыртқа шығарып тігіп қояды. Физиологиялык тәжірибе жасау үшін ит тек жарасы жазылған соң пайдаланады. Фистула қою әдісі иттің қоректеніп жатқан кезде қарын сөлін таза күйінде жинауға, сөл құрамының тағам түріне карай қалай жэне қаншалықты өзгертетінің білуге мүмкін береді. Фистула койылған итті бір рет емес, ұзак уақыт, мәселен, айлар бойы пайдалана отырып, ас қорыту азаларының сөл шығару қабілетін жиырылу, жазылу қасиетін, ас сіңіру дәрежесін бірден бір дәл анықтауға болады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет