Қасқабасов С. Таңдамалы



Pdf көрінісі
бет74/88
Дата06.01.2022
өлшемі1,43 Mb.
#12395
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   88
Бір сөзім «Мың бір түннен» оқып көрген, 
Өлең қып сол сезімді айтқым келген. 
Болыпты ағайынды екі жігіт, 
Бағдатта Мұстапа мен Сапа деген, –
деп басталатын «Әзімнің әңгімесінің» сюжеті расында да 
араб тың «Мың бір түн» жинағындағы «Хасен зергер туралы 
әңгіменің» бірінші жартысында баяндалады. Қазақ орта­
сында ауызша көп айтылып жүретін «Мың бір түннің» бір 
тара уы – «Әлидін­Әзім» деген ұзақ ертегі болатын, – деп 
жазады М. Әуезов, – сол ертегінің ішінен жас бала Әзімнің 
жетімдік шағы, жігіттік кездегі басынан кешетін бейнет­
соры, кейін барып өзінің туралығы, жазықсыздығы арқылы 
арманына жететін оқиғалары Абайдың поэмасына желі, арқау 
болған тәрізді»
14
. Мұхтар ағаның бұл сөзіне қарағанда, бұрын 
ел арасында «Мың бір түннің» шығыстық варианттарының 
бірі тараған болу керек. Абай поэмасының Еуропаға белгілі 
«Мың бір түндегі» ертегіден басқаша, яғни «Әзім әңгімесі» 
болып аталуы және кейіпкерлердің өзгеше есімді болуы ұлы 


[
 
 269  
]
ақынның қолында басқа вариант болғандығының айғағы деп 
қарау қажет.
«Мың бір түнде», Мұхтар Әуезов айтқандай, бұл ертегі 
өте көлемді, ғажайып сипатты бірнеше сюжеттен құрылған. 
Оның мазмұны шытырман оқиғаға толы, небір қиялдан туған 
жайттардан тұрады, сондықтан бұл ертегі қиял­ғажайып қана 
емес, хикаялық та сипатқа ие. Ал Абайдың поэмасына келсек, 
оның аяқталмай қалғаны белгілі. Сондықтан оның сюжеті – 
«Мың бір түндегі» ертегінің алғашқы бөлшегі ғана.
«Әзім әңгімесін» Абай ертегіден сәл басқаша құрған. Ол 
кіріспені кеңейтіп, бас кейіпкердің жас кезінен молырақ мә­
лімет береді. Басқаша айтқанда, ұлы ақын халық эпосындағы 
батырдың туып, өсуі жайында айтатын дәстүрді ескерген, 
бірақ, рас, ол бастамасын батырлар жырындағы прологтай 
ұзын­сонар баяндамайды және діни сарында әңгімелемейді.
«Мың бір түнде» қысқаша ғана Басра қаласында ерте 
кезде бір саудагер жасағаны, оның екі баласы болғаны жай­
лы хабарлап, саудагер әкесі өлген соң, балалары дүниені 
бөліп алып, бірі зергер, бірі мыскер болғаны жайында айта ды. 
Зергердің аты – Хасан. Күндердің бір күнінде оның дүкеніне 
бір адам келеді де, ары қарай оқиғаның өзі беріледі.
Абайдың бастамасы: Бағдатта Мұстапа және Сапа деген 
екі жігіт тұрады. Олар әкесі өлген жетім, бірақ өте еңбекқор. 
Өздерінің талабы арқасында ағасы Мұстапа суретші, інісі Сапа 
тігінші әрі кестеші болады. Өсе келе Сапа Шын­Машынға, 
Мұстапа Балсұраға кетеді. Мұстапа адал еңбек етіп, тұрмыс 
құрады, үйлі­баранды болады. Сөйтіп, Әзім атты ұлы туады. 
Ол медреседе оқиды. Ұлы ержете бастағанда Мұстапа дүние 
салады да, Әзім өз өнері мен еңбегінің арқасында бұрынғыдан 
да байи түседі. Бір күні оның «ланкесіне» торғын тон, алтын 
кемер бір шал келеді.
Міне, Абай халық эпосындағыдай өз кейіпкерінің дүниеге 
келу тарихын кең бастама ретінде берген. Алайда, ол батырлар 
жырындағы шежірелік (генеалогиялық) циклизацияның 
мазмұнын түгел өзгертіп жіберген. «Әзім әңгімесінде» бас 
кейіпкер туралы пролог реалистік сипатта баяндалған. Мұнда 
кейіпкердің ата­анасы – «төрт түлігі сай, бір перзентке» зар 
адамдар емес, жастайынан жетім қалып, бейнет шегіп, өзінің 
еңбекқорлығымен, талапкерлігімен тігіншілік, кесте тігу 


[
  270  
]
өне 
рін меңгерген жан, сол арқылы тұрмысын түзеген кісі. 
Ол баласын «әулие­әнбиелерден сұрап» алмайды, сол себепті 
оның ұлының өмірі алдын ала белгіленіп қойылмаған. Әзім 
де әкесі сияқты жетім қалады. Соған қарамастан ол ата өнерін 
жалғастырып, адал еңбек етіп, жоқшылық зардабын шекпейді.
Осы бастаманың өзі­ақ Әзімді толық мінездеп тұр. Ол – 
еңбекқор, адал, өнерпаз адам. Аярлық, алдау, арбау дегенді 
білмейді, аңқау әрі сенгіш. Әзімнің бұл қасиеттері Абайдың 
еңбекке, адалдыққа, өнер­білімге шақырған өлеңдерін еске 
түсіреді. Демек, Әзімнің бойына ұлы ақын өзінің гуманистік 
ойларынан туған нағыз адам, қоғамның қатардағы жақсы 
мүшесі қандай болу керек, оларға қандай қасиет қажет де ген 
пікірін, өзінің адамгершілікке қатысты түсінігі мен шарттарын 
сіңірген.
Жасымнан жетім едім көңілі сынық, 
Өнерім артық емес ондай ұлық. 
Еңбекпенен көз сүзбей күн көремін, 
Харакетім – суретші, бояушылық, –
дейді Әзім лапкесіне келген аяр шалға. Әзімнің өзі тура лы осы 
сөзінде ұлы ойшыл­гуманистің «Еңбек етсең ерінбей, тояды 
қарның тіленбей», «Өнерпаз болсаң, арқалан», «Тәуекелсіз, 
талапсыз мал табылмас», «Еңбек қылмас еріншек адам бол­
мас», «Еңбекті сат, ар сатып неге керек», «Өзіңе сен, өзіңді 
алып шығар еңбегің мен ақылың екі жақтап» деген ойлары 
көрініс тауып тұр. Әзім Абай ақынның осы нақылдарын 
жүзеге асырған болып көрінеді. Алайда, Әзім аңқаулықтан 
зардап шегеді. Ол зұлым шалдың торына түскеннен кейін де 
сенгіштігінен қорлық көреді, кім біледі, мүмкін, Абай Әзімді 
небір қиын өткелдерден өткізіп, ширатып, үлкен қайраткер 
дәрежесіне көтергісі келді ме? Оның ертегі сюжетін сақтай 
отырып, кейіпкердің аяр шалдың зұлымдығынан бо лған қиын 
тағдырын реалистік тұрғыда суреттеуі осындай ой туғызады. 
Сонымен бірге Әзімнің алдамшы шалға сеніп, қиыншылық 
кешуін Абай, екінші жағынан, Әзімнің кемшілігі санап, өзі 
айтатын «өзіңді сенгіштікпен әуре етпе» деген сөзін құптап, 
оқырманға Әзімнің бұл сенгіштігі үлгі емес деген идеяны 
ұсынатын тәрізді. Поэма, егер әрі қарай жалғасқан болса, 


[
 
 271  
]
бәлкім, автор Әзімнің басынан кешкендері мен іс­әрекеті 
арқылы өзінің «Қаруыңның барында қайрат қылмай, қаңғып 
өткен өмірдің бәрі де жел» деген сөзін дәлелдеп шығар ма еді? 
Әйтеуір, қалай болғанда да бір анық нәрсе сол – Абай басқа да 
фольклорлық шығармалар сияқты, «Мың бір түн» ертегісін де 
өзінің гуманистік және демократтық дүниетанымын, өмірлік 
позициясын білдіру үшін пайдаланып, оның сюжетін реалистік 
түрде баяндаған, сөйтіп, ежелгі мұраны өз идеясына, өз 
мақсатына қызмет еткізген, әрі көркем әдебиетке айналдырған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   88




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет