1. Түсiндiрме (интерпретация) – үйренушілердің қарым-қатынас барысында негiзгi идеяларды анықтауы және олардың өзара байланыстарын келтіруі. Әдетте екі объектінің ерекшеліктерін салыстырғанда, ұқсастырғанда немесе бір-біріне қарсы қойғанда, үйренушілер оларға белгілі бір мағына беру арқылы өздерінің түсінігін көрсетеді.
Түсіндірме әдетте «Қалай?» «Нелiктен?» сұрақтарына жауап беру мен «Салыстырыңыздар», «Айырмашылығын көрсетiңiздер» тапсырмалары арқылы жүзеге асырылады.
2. Аударма (трансформация) –мағынасын сақтай отырып, үйренушілердің идеяларды қандай да бір белгілеу жүйесінен өздеріне таныс жүйеге немесе формаға ауыстыру.
Мұнда келесідей тапсырмаларды келтіруге болады: график немесе функцияны оқып беру, математикалық формуланы сөзбен келтіру, теореманы формуламен көрсету, суреттi немесе схеманы түсiндiру, мәліметті өз сөзiмен мазмұндау немесе қысқаша келтіру, сөзбен берілген мәліметті кесте (таблица), график, диаграмма түрінде көрсету.
3.Мысалдар -мәлiметтi, ойды дұрыс түсiнгендiктi көрсету үшін практикадан алынған фактілерге жүгіну, соларды келтіру.
Әрине, үйренушілер мысалдар келтіргенде, лекция мен оқулықтарда көрсетілгендерден басқаларын айтқаны дұрыс, өйтпеген жағдайда олар қайтадан «Білім» деңгейіне оралады.
4.Анықтамалар – атау немесе түсiнiктiң мағынасын өз сөзiмен жеткiзу, таныс және түсiнiктi сөздермен анықтама түрінде тұжырымдау.
Мұнда да үйренушілер оқулықта немесе сөздікте берілген анықтаманы жатқа айтпай, өзіндік тұрғыдан ұғым немесе құбылыстың анықтамасын өздеріне таныс әрі түсінікті сөздермен құрастырады.
3) Қолдану Қолдану - қандай да бір проблеманы (мәселені) шешу үшiн мәлiметтi іс жүзінде қолдану, жүзеге асыру. Бұл деңгейде студенттер оқытушының көмегiнсiз таныс емес проблеманы өздігiнше шешуi керек. Мұнда қорытынды нәтиже (мысалы, проблеманың шешімі) маңызды мәселе болып қалмай, сонымен бірге шешім іздену процесiнiң өзі де маңызды болып танылады: үйренушілердің мәселені шешу жолы шешiмнiң өзiнен де маңызды болуы мүмкiн.
Қолдануда үйренуші тарапынан келесі әрекеттер атқарылады:
1. Проблемамен танысады.
Проблема мүлдем таныс болмағандықтан, ол жан-жақты қарастырылады. Бұл әрекет «Білім» деңгейіне сәйкес келеді.
2. Проблеманың ерекшеліктерін анықтайды.
Проблема басқа да ұқсас мәселелермен салыстырылып, сол арқылы оның ерекшеліктері айқындалады. Бұл әрекет «Түсіну» деңгейіндегі қимылдарға ұқсас.
3. Шешім қабылдайды.
«Қалай жасаймын?», «Не істеу керек?» деген сұрақтарға жауап беріледі.
4. Шешімді жүзеге асырады, қолданысқа түсіреді.
Бұл шешім анықтама, ереже, формула, теңдеу күйінде келтірілуі мүмкін.
Мысалы, үйренушілер қандай да бір мәліметті (ереже, анықтама, формула) жатқа біледі («Білім» деңгейі). Олар мәліметті өз сөзімен түсіндіріп немесе оны басқа формада көрсетіп беріп (ауызша болса – кесте не график түрінде, формула болса – ауызша түсіндіріп), оның басқалардан айырмашылығы мен ұқсастықтарын айқындайды («Түсiну» деңгейі).
Ендi үйренушілер осы мәліметті нақты бір қолданыста көрсетеді: ереже, формула немесе анықтаманы қолданып есеп шығарады, жаттығу орындайды, проблема шешеді.
Бұл деңгейге келесідей тапсырмалар мен сұрақтар жатады:
- Қалай қолдануға болады? - Өздеріңіз жасап көріңіздер. - Не бiлгiңіз келедi? - Қалай жасау керек? - Таблица, кесте, график жасаңыздар.