Ашекеева Ќ



бет29/59
Дата27.09.2023
өлшемі0,83 Mb.
#111012
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   59
Байланысты:
Саясаттану пәнінен дәріс жинағы 2023

3. Саяси режим ұғымы.
Тоталитаризм саяси жүйе түрі ретінде ХХ ғасырда пайда болды. «Тоталитаризм» термині латынның «totalitas» (толық, біртұтас) және «totalis» (түгел, толық, тұтас) сөздерінен шыққан. Оны саяси айналымға өз қозғалысын сипаттау үшін алғаш рет 1925 жылы Муссолини енгізген. ХХ ғасырдың 20 – жылдарының соңында ағылшындық «Таймс» газеті тоталитаризмді жағымсыз құбылыс ретінде жазған, онда Италиядағы фашизм ғана емес, сонымен бірге КСРО-дағы саяси құрылыс та сипатталған. Тоталитаризм теориясы ХХ ғасырдың 40-50 жылдарынан бастап қалыптасып, дамыды. Тоталитаризм мәселелері бойынша алғаш классикалық теориялық зерттеулер – Ф. Хайектің «Құлдыққа апаратын жол» (1944) және Х.Арендтің «Тоталитаризмнің шығу кӛздері» (1951), К.Фридрих пен З.Бжезинскийдің «Тоталитарлық диктатура және автократия» (1956) еңбектері болды. Тоталитаризмнің жалпы екшеліктері: қоғамды жаппай ұйымдастыруға
ұмтылу, билік тарапынан жеке адамға толық бақылаудың болуы, әлеуметтік
утопия сипатындағы революциялық тұрғыдан бүкіл қоғамдық жүйені радикалды (түбірлі) түрде қайта құру, жеке дара еркіндік пен әлеуметтік қайшылықтардың болмауы.
Тоталитаризм ХХ ғасырда іс жүзіне асты, алайда оның идеялық негіздері ежелгі заманнан басталады. Мемлекеттің тоталитарлық модельдерін деталды негіздеу – Платон, Т.Мор, Т.Кампанелла, Ф.Бабеф, Сен-Симон, Ж.Ж.Руссо, кейін Фихте, Гегель, Маркс, Ницше, Ленин, Сорель, Зомбарт т.б. ойшылдар еңбектерінде дамытылды.
Тоталитаризмнің белгілері. Тоталитарлық қоғамның маңызды белгісі –
бүкіл қоғамдық өмірдің идеологияландырылуы (идеологияның үстем болуы). оталитаризмге ақпараттарға биліктің монополиясы, БАҚ-на толық
бақылау, басқаша ойлаушылыққа жол бермеу, идеялық қарсыластарына саяси қарсылас ретінде қарау тән. Бұл құрылыста қоғамдық пікір ескерілмейді. Дарашылдық басып жанышталады. Тоталитаризм азаматтық қоғамды, билікке тәуелсіз жеке ӛмірді толық жоюға тырысады. Қоғамның саяси жүйесі, яғни партиялық –мемлекеттік құрылым бүкіл әлеуметтік-экономикалық ұйымдасудың фундаменті болып, қатал иерархиялық құрылымымен ерекшеленеді. Тоталитарлық жүйенің ӛзегі жаңа, тоталитарлық типтегі партия басшылығымен жаңа тәртіп үшін күресетін
орталықтандырылған саяси қозғалыс болып табылады. Бұл партия мемлекетпен бірігіп, қоғамдағы нақты билікті ӛз қолына шоғырландырады, саяси оппозицияға тыйым салады. Сонымен бірге тоталитарлық қоғамның саяси белгілеріне күшті әлеуметтік бақылау және еріксіз кӛндіру аппаратының болуы, жаппай террор, тұрғындарды қорқыту-үркітуді жатқызуға болады. Соқыр сенім мен қорқыныш – тоталитарлық басқарудың негізгі ресурстары болып табылады. Жоғарғы билік пен
оны иеленушілерге, көсемге табынушылық жүзеге асырылады. Идеология мен саясаттың үстемдігі әлеуметтік салада ғана емес, сонымен бірге экономикада да көрінеді. Тоталитаризмнің әлеуметтік-экономикалық белгілеріне: шаруашылық ӛмірдің этатизациялануы (мемлекеттендірілуі), әлеуметтік шектеу, рыноктық қатынастар мен бәсекені жою, жоспарлау, басқарудың әкімшілік-әміршілдік әдістері т.б. жатады. Тоталитаризмнің түрлерін коммунизм (КСРО-дағы социализм), фашизм (Италияда) және ұлттық-социализм (Германияда) деп бөледі.
Авторитарлық саяси жүйе. Тарихта саяси жүйенің кең таралған түрінің бірі
авторитаризм (термин латынның «auctoritas» - билік, ықпал деген сөздерінен құралған, саясаттануда бір адамның, топтың, партияның, институттың билікке монополиясын сипаттайды). Ол тоталитаризм мен демократияның арасындағы жағдайға ие. Тоталитаризммен оны биліктің авторитарлық, заңдармен шектелмеген сипаты жақындастырады, ал демократиямен автономиялы, мемлекет арқылы реттелмейтін қоғамдық салалардың болуы, әсіресе экономика мен адамдардың жеке ӛмірінде азаматтық қоғам элементтерінің сақталуы жақындастырады. Жалпы алғанда авторитарлық саяси жүйеге мына белгілер тән:

  • автократизм (бір адамның билігі) немесе аз ғана топтың билігі. Билікте бір

адам (монарх, тиран) немесе топ (әскери хунта, олигархиялық топ т.б)
болуы мүмкін;

  • биліктің шексіз болуы, оны азаматтардың бақылауға мүмкіндігінің

жоқтығы. Билік заңдарға сүйеніп жүргізіледі, бірақ билік басындағылар
заңдарды өз ықпалына қарай шығарады;

  • күшке сүйенеді. Авторитарлық режимде жаппай репрессиялар жүргізілмеуі мүмкін. Алайда қажет болған жағдайда күш қолданып, азаматтарды бағындыруға мүмкіндігі бар;

  • билік пен саясаттың монополиясы; саяси оппозиция мен бәсекеге жол

берілмейді. Авторитаризмде белгілі бір дәрежеде партиялар, кәсіподақтар
т.б. ұйымдардың өмір сүруі мүмкін, бірақ олар биліктің бақылауында
болады;

  • қоғамға тұтас бақылаудан бас тарту, саяси емес салаларға, ең алдымен экономикаға араласпау немесе араласуды шектеу;

  • саяси элитаның алмасуы еркін бәсекелі күрес арқылы емес, толықтыру

жолымен жоғарыдан тағайындау арқылы жүреді. Осы белгілерді есепке ала отырып, авторитаризмді саяси оппозицияға жол берілмейтін, бірақ жеке адам мен қоғамның саяси емес салаларда автономиясы сақталынатын бір адам немесе топтың шексіз билігі ретінде анықтауға болады. Авторитарлық саяси жүйеде негізінен іс-әрекеттің саяси формаларына тыйым салынады, ал басқа нәрселерде азаматтар ерікті. Кейде авторитаризмді шектеулі плюралистік басқару әдісі деп анықтайды. Ол экономикалық, әлеуметтік, мәдени, діни плюрализммен үйлесім тапты. Оның қоғамдық дамуға ықпалының әлсіз және күшті жақтары бар. Әлсіз жағы саясаттың мемлекет басшысының немесе жоғарғы басқарушылар тобына тәуелділігі, азаматтарда саяси авантюраны, бассыздықты болдыртпау мүмкіндігінің жоқтығы. Авторитарлық саяси жүйенің жағымды жақтары да бар, ол экстремалды
жағдайларда көрінеді. Авторитарлық биліктің саяси тұрақтылық пен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге, қоғамдық ресурстарды белгілі бір міндеттерді шешуде жұмылдыруға, саяси қарсыластарының қарсылығын басуға үлкен мүмкіндіктері бар. Мұның бәрі оны радикалды қоғамдық реформалар жүргізудің нәтижелі құралы етеді.
Демократиялық саяси жүйе. Демократия құбылысын саясаттанушылар
түрліше түсіндіреді, бұл демократияның мазмұнына нақты тарихи кезеңнің өз ізін қалдыруымен, сонымен бірге демократияның түрлі философиялық, қоғамдық-саяси концепцияларының жасалауымен байланысты. Демократия құбылыс және концепция ретінде әрдайым дамып отырады. Кӛптеген теориялар мен анықтамалар негізінде демократиялық саяси жүйенің мынандай элементтерін (белгілерін) көрсетуге болады:

  • саяси бәсеке, яғни билік үшін күресте бәсекеге түсетін екі немесе бірнеше

саяси партиялардың болуы, үкіметтік қызмет үшін саяси партиялар мен коалициялардың іріктелуі. Саяси партиялардың негізгі мақсаты – сайлауарқылы билікке жету және үкіметтік аппаратқа бақылау жасау. Демократиялық елдегі сайлаудың негізгі мақсаты – кӛпшілік қолдауына сүйенген партиядан немесе саяси партиялар коалициясынан тұратын үкімет
құру. Демократиялық саяси жүйеде кез келген саяси органның бәсекеге түсуіне және саяси қоғамдастықтың кез келген мүшесіне өз қалауын білдіруге мүмкіндік жасалады;

  • халық өкілдігі жүйесі. Қандай қоғам болмасын барлық адам түгелімен саяси шешім қабылдай алмайды, оған білімі, тәжірибесі, уақыты жетпейді, сондықтан олар өз өкілдерін сайлайды. Қазіргі заманғы демократиялық басқарудың шешуші белгісі – үкіметті халықтың қолдауы болып табылады,

бұдан режимнің, оның жетекшілерінің легитимдігі көрінеді. Бұл сайлауда көп дауыс алудан немесе түрлі үкіметтік бағдарламаларды қолдаудан көрінеді. Қайта сайлау – тұрғындардың өз қолдауын білдіруінің және саясаттың негізгі бағыттарын бақылаудың басты құралы.

  • жалпыға бірдей сайлау құқығы. Әрбір азаматтың сайлауға қатысуға құқығы бар, бұл демократия талабы. Сайлау құқығының кеңею процесі тарихта ұзаққа созылып, жанжалды процесс болды.

  • бір адам – бір дауыс принципін сақтай отырып сайлаудың әрдайым, тұрақты түрде жүргізілуі. Демократиялық саяси жүйеде сайлау белгілі бір уақыт ӛткеннен кейін жүргізіліп отыруы тиіс. Сайлаушы жасына жеткен адамдар тұрақты резидент (азамат) бола отырып сайлауға қатысуға құқығы бар. Барлық саяси органдар тікелей немесе жанама түрде азаматтардың

қалауына тәуелді болуы тиіс.

  • мүмкіндіктер теңдігін қамтамасыз ету үшін адамның құқықтары мен бостандықтарына кепілдіктің берілуі. Үміткерлер мен саяси партиялар арасындағы саяси бәсеке, азаматтардың саяси таңдауы конституция немесе

басқа да заңдар бойынша адамның негізгі құқықтары мен бостандықтары
негізінде қамтамасыз етілуі тиіс.
- дамыған азаматтық қоғамның болуы. Қазіргі заманғы даму үрдісі бойынша шынайы демократиялық қоғамда мемлекет барған сайын егеменнен гөрі делдал, арбитр (әділ төреші) ретінде көрінуде. Саясат мемлекетке қызмет етпей, қоғам үшін қызмет етуі тиіс.
- көпшіліктің басқаруы және азшылықтың құқықтарының қорғалуы.
Демократиялық басқару тұрғындар еркінің құралы болуы тиіс. Алайда билік жүргізіп отырған саясатымен түрлі азаматтардың, топтардың, саясатшылардың келіспеуіне кезігуі мүмкін. Демократиялық саяси жүйеде мәселелерді шешуде кӛпшілік басқарады, ал азшылықтың мүдделері ескеріледі. 3-сұрақты қорыта айтқанда, көпшіліктің басқаруы мен азшылықтың құқықтары сайлау кезінде ғана емес, сонымен бірге заң шығарушы, атқарушы, сот билігі саясатында да, саяси шешімдер қабылдауда да құрметтелуі тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет