Ашекеева Ќ


Мемлекет коғамның саяси жүйесінің өзегі ретінде



бет32/59
Дата27.09.2023
өлшемі0,83 Mb.
#111012
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   59
Байланысты:
Саясаттану пәнінен дәріс жинағы 2023

1.Мемлекет коғамның саяси жүйесінің өзегі ретінде.
Мемлекет деген ұғым екі мағынада қолданылады: 1) кең мағынасында үлкен әлеуметтік топтың ұйымын білдіреді де "халық", "қоғам", "ел" деген ұғымдарға сәйкес келеді; 2) тар мағынасында басқару құрылымының, мемлекеттік аппараттын жиынтығын білдіріп, "үкімет", "әкімшілік" деген ұғымдарға сай келеді. Мемлекет - саяси жүйенің басты элементі, оның негізгі ұйымы. Ол - керек кезінде арнаулы күштеу органдарын пайдалана отырып, өз аумағында тұратын адамдардың мүддесін қорғауға тиіс және соған орай олардың арасындағы арақатынастарды құқықтық ережелер арқылы реттейтін қоғамдық механизм.
Мемлекет алғашқы қауымдық қоғамда болған жоқ. Ол құл иеленушілік қоғамда дүниеге келді. Оның пайда болуы және мәні жөнінде әр түрлі көзқарастар бар. Солардың ішінде ең кең тарағандары мыналар: 1. Теологиялық теория. 2. Патриархтық теория. 3. Қоғамдық келісім теориясы. 4. "Зорлық жасау" теориясы. 5. Географиялық теория. 6. Психологиялық теория. 7. Марксистік теория. 8. Күштеу теориясы.
Мемлекеттің пайда болуының негізгі концепциялары: теологиялық белгілері: жария билік, егемендік, жалпылық, территория тұрғындары, мемлекеттік аппарат, салық жинау құқығы. Мемлекет функциясының классификациясы. Әр түрлі елдердегі жүзеге асырудың ерекшеліктері. Либерализм, плюрализм, марксизм, анархизмдік қоғамдағы мемлекет рөлі туралы. Мемлекеттік басқару органдары. Қазіргі заманғы мемлекеттің негізгі функциялары. Саяси институттарға ұйымдар, мекемелер, мемлекет, саяси партиялар, кәсіподақтар, кооперативтік, жастар әйелдер т.с.с. ұйымдар мен бірлестіктер жатады. Бұл ұйымдардың бәрі таптық, топтық, ұлттық, жыныстық, кәсіби, жас мөлшеріне қарай және т.б. пайда болатын көптеген әлеуметтік мақсат- мүдделерді білдіріп қорғау үшін құрылады. Солардың ішіндегі ең негізгісі – мемлекет. Ол қоғамда белгілі бір тәртіпті орнатады, оны басқарады, экономикалык-әлеуметтік құрлымын қорғайды. Ол үшін мемлекеттің арнайы аппараты еріксіз көндіретін күштер, зорлау органдары (әскер, сот, полиция, милиция және т.б.) болады. 1-сұрақты қорыта айтқанда, солардың көмегімен ол адамдардың жүріс – тұрыс іс-әрекетін реттейді. Мемлекет қоғам атынан оның ішкі және сыртқы саясатын атқара алады.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет