Ашекеева Ќ



бет33/59
Дата27.09.2023
өлшемі0,83 Mb.
#111012
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   59
Байланысты:
Саясаттану пәнінен дәріс жинағы 2023

Азаматтық қоғам ұғымы.

Азаматтық қоғамның пайда болуы жөнінде ғалымдар арасында екі түрлі көзқарас бар. Біреулері оны буржуазиялық қоғамның жемісі дей келіп, нарықтық қатынастармен байланыстырады. Екіншілері ондай қоғам белгілі бір шамада қашан болмасын болған дейді.
Азаматтық қоғам деп мемлекеттік құрылымнан тыс қалыптасатын әлеуметтік экономикалық және мәдени-рухани қоғамдық қатынастардың жиынтығын айтады. Ол жеке тұлғаның емін-еркін дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік жасайды. Азаматтық қоғам материалдық мәдени жоғары дамыған шақта құқықтық мемлекетке айналады.
Азаматтық қоғам деп мемлекеттік құрылымнан тыс қалыптасатын әлеуметтік-экономикалық және мәдени-рухани қоғамдық қатынастар жиынтығын айтады. Ол жеке тұлғаның емін-еркін дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік жасайды.
Азаматтық қоғамның жалпы идеялары, принциптері:
 экономикалық еркіндік, меншіктің түрлі формалары, рыноктық қатынастар;
 адам және азаматтардың табиғи құқықтарын сөзсіз мойындау және қорғау;
 биліктің легитимдігі және демократиялық сипаты;
 азаматтардың барлығының заң алдында және құқығы жағынан теңдігі;
 биліктің бөлінуіне негізделген құқықтық мемлекеттің болуы;
 саяси және идеологиялық плюрализм, жария оппозицияның болуы;
 сөз, баспасөз бостандығы, БАҚ-ның тәуелсіздігі;
 мемлекеттің жеке адамдардың өміріне араласпауы;
 таптық келісім, әріптестік, ұлттық келісім;
нәтижелі әлеуметтік саясат, ол адамдарға дұрыс өмір сүруге жағдай жасайды.
Азаматтық қоғам мемлекеттік-саяси емес, негізінен адамдардың әлеуметтік-экономикалық, жеке өмір сүру әрекеттері, олардың арасындағы қатынастар. Бұл еркін демократиялық құқықтық өркениетті қоғам, онда жеке билік режиміне, басқарудың волюнтаристік әдістеріне, таптық жек- көрушілікке, тоталитаризмге, адамдарға зорлық-зомбылыққа жол жоқ, заң мен мораль, гуманизм мен әділеттілік принциптері құрметтелетін қоғам.
Мемлекеттің реттеушілік рөлінің мөлшері өте аз: құқықтық тәртіпті қорғау, қылмыспен күрес, жеке адамның жан-жақты кедергісіз дамуына, іс-әрекетіне жағдай жасау, яғни мемлекет «жалпы істерді жүргізу» функциясын жүзеге асыруы тиіс.
Азаматтық қоғамда азаматтардың мемлекет алдындағы міндеттері заңға бағыну және салық төлеу болып табылады. Сонымен бірге кейбір жағдайларда азаматтардың басқа да міндеттері пайда болуы мүмкін, бірақ оларда вертикаль емес, горизанталь байланыстар үстем болуы тиіс. Азаматтық қоғам азамат және оның бостандығынан басталады. Азаматтық
қоғам – ашық, демократиялы, антитоталитарлық, өздігінен дамитын қоғам, онда басты мәселе – адам, азамат, тұлға болып табылады. Азаматтық қоғамның фундаменттік құндылықтарына – отбасы, жеке меншік, жеке адам, бостандық, құқық, руханилық, тәртіп, мемлекеттік жатады. Жеке меншік – жеке адамның және бүкіл қоғамның бостандығының алғы шарты болып табылады. Азаматтық қоғамның ерекше белгісі: онда орта таптың болуы. Азаматтық қоғам мемлекеттен тыс әлеуметтік сала болып табылады. Азаматтық қоғамның құрылымына:
 отбасылық – туыстық, этникалық, діни және моральдық қатынастар, сонымен бірге мемлекеттің қатысуынсыз партиялар мен қоғамдық қозғалыстар арасындағы қатынастар жатады;
 әлеуметтік институттар: отбасы, шіркеу, мемлекеттік емес БАҚ-ы, мәдени,
діни, спорттық ассоциациялар, партиялар, жергілікті қоғамдық өзін-өзі басқару органдары, кәсіподақтар, сауда палаталары, кәсіпкерлер одақтары кіреді. Қазақстанда азаматтық қоғамның қалыптасуы өзгеше жағдайда өтіп отыр. Кеңестік кезеңде қоғам өмірі барынша мемлекеттендірілген болатын. Ол жүйе күйрегеннен кейін азаматтық қоғамға өтуге «жоғарыдан» мемлекеттің өзі ұйтқы болып отыр. Халықтың сана-сезімі, жүріс-тұрысы әлі ондай деңгейге көтеріле қойған жоқ. Сондықтан біраз уақытқа дейін, белгілі бір сапалық деңгейге қол жеткізгенше бұл процеске мемлекеттің елеулі ықпалы болмақ. 2-сұрақты қорыта айтқанда, еліміздің 1995 жылғы Конституциясы Қазақстанда әлеуметтік бағдарды нарық экономикасы мен жеке адамның автономиясын тұрақты қалыптастыру үшін оған қажетті құқықтық жағдайлардың негізін қалады. Оған тең дәрежеде танылатын және қорғалатын мемлекеттік меншік пен жеке меншікті, адам және азамат құқықтарының кең ауқымды және біртұтас кешенін; отбасын, ана мен әке және баланы мемлекеттің қорғауын; идеологиялық және саяси әр алуандықты және тағы басқа да жаңа Конституцияда бекітілген қазақстандық азаматтық қоғамды ерікті дамытудың алғы шарттарын жатқызуға болады.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет