Ашығу кереметі: дәрісіз емделу. Толықтар мен арықтарға


Тұз қан қысымына қалай әсер етеді



Pdf көрінісі
бет3/26
Дата03.03.2017
өлшемі1,54 Mb.
#5918
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26

Тұз қан қысымына қалай әсер етеді 
        
Қан  қысымының  көтерілуіне  не  әсер  етеді?  Дәрігелерге  бірнеше 
себептері белгілі: ширығу, шаршау, кенеттен алған рухани соққы, темекіден, 
автокөлік  газынан,  тамақ  қоспасынан,  инсектицидтерден,  дәрілердің  және 
өнеркәсіптің жанама өнімдерінен улану. 
       
Осылардың  әсерінен  өзіңді  қалай  сақтандыруға  болады?  Әрине,  ең 
дұрысы  осылардан  ауаша  болу.  Жоқ    дегенде  осы  себептердің  біреуінен 
құтылуға болады. Ол натрий хлориді, немсе ас тұзы. Әңгіме, қан қысымының 
басты  себепкері  туралы  болып  отыр.  Осы  мезетке  дейін  біз  «қалыпты» 
адамның қан қысымының көтерілуі жайында айттық. Артық салмақтан азап 
көріп  жүрген  азаматтарымызға  тұздың  әсері  қалай?  Өздеріңізге  мәлім, 
семіздік пен қан қысымының көтерілуі қатар жүреді. Өте толық адамдардың 
қан қысымының жоғарлауы мен тұздың арасында байланыс бар ма? 
 
 
 
 
 
 
 

 
21 
Тұздың жетіспеушілігі жайында аңыз 
       
Тұзы  аз  тағам  қанағаттандырарлықсыз  ба?  Өзімізді  қалыпты  жағдайда 
ұстау  үшін,  тұзға  зәруміз  бе?  Кең  тараған  көзқарас  -  тұз  қажет  дейді. 
Бәріміздің  естуімізше,  жабайы  аңдар  «тұз  жалау»  үшін,  талай  қашықтыққа 
жортады. Мен осы орындарды мұқият зерттедім. Бәріне ортақ қасиет, натрий 
хлоридінің  немесе  ас  тұзының  осы  жерлерде  болмауы.  Ол  жетпесе,  бұл 
жерлердің топырағында натридің не тірі, не өлі қоспасының болмауы. Бірақ, 
осы жерлерде аңдарға қажет көптеген басқа заттар болды. 
 
 
 
 
Неліктен сиырларға тұзды көп береді 
       
Сауын сиыр фермасына ақшасын салған адам, одан барынша пайда, кіріс 
кіргізуге ұмтылады. Сиырлардың тамағына тұз қосса, суды көп ішеді. Сиыр 
суды  неғұрлым  көп  ішсе,  сүтті  соғұрлым  көп  беретіні  бесенеден  белгілі. 
Есесіне, 0,94 литр (кварт) сүтте тұз өте көп мөлшерде (0,5 – 1 г) болады. 
      
Американың  мектептеріне  кіріп  балаларға  қараңызшы.  Толық,  семіз 
балалардың  көптігіне  таң  қаласыз.  Бұлар  тұзы  көп,  дүкеннің  сүті  мен 
тамағын  ішіп,  жейді.  Америка  дүкендеріндегі  консерві  қораптарындағы 
тағамдардың бәрі тұзға қанықтырылған. Сүт, жеміс т.б. тағамдардың бәрінде 
тұз.  Осының  бәрін  жинақтасаңыз,  неге  біздің  қоғамымызда  жүрек  –  қан 
тамыры ауруынан өлетіндердің бірінші орында тұрғанын түсінесіз. Біз – тұз 
бәңгісінің  (наркоманының)  ұлтымыз!  Нан,  сыр  –  ірімшік,  консервленген 
жемістер, тіпті сәбилердің тамағына шейін (!) тұзбен қанықтырылған. 
 
Бізге ыссы күндері тұз таблеткасын пайдалануға кеңес береді 
       
Терлеген кезде бөлініп шыққан тұздың орнын қолма – қол толтыру керек 
деп есептейді. Көптеген зауыттарда, «дені сау» болу үшін тұз таблеткасымен 
қамтамасыз етеді, осы дәрі керек пе? Меніңше – жоқ! 
 
 
 
 
Менің Калифорнияда ажал алқабынан асуым 
      
Ыссыда, тұздың қажетсіздігін дәлелдеу үшін, шілде – тамыз айларында, 
жер  бетіндегі  ең  бір  ыстық,  Калифорниядағы  ажал  алқабына  бардым. 
Бастапқыда, ажал алқабындағы Фэрнес – Крик – Ранчо мен Стоувпайп Уэллс, 
екі  арасы  48  шақырым  аралықты  өту  үшін  колледжден  10  спортшы 
жалдадым. Мен, оларды тұз таблеткасымен, ішетін сумен қамтамасыз еттім. 
Бізді  қорғаштап,  еріп  жүрген  автокөлікті  жанға  керек  тамақтарды  түр  – 
түрімен сықап толтырып алдық нан, тоқаш, ірімшік, шұжық, кептірілген ет, 
консервлер т.б. Қалауы бойынша, тағамның қандай түріне болмасын тұз қоса 
алады. Мен өзіме тұз алған жоқпын, алқаптан өткенше ашықтым. Тәжірибе 
шілде  айының  аяғында  басталды.  Термометр  Цельсия  бойынша  +41  градус 
ыстықты  көрсетіп  тұрды.  Біз  жорыққа  таңғы  тоғыздардың  кезінде  шықтық. 
Күн  көтерілген  сайын  шыжа  түсті,  сәскеге  таман  термометр  +54  градусті 
көрсетті. Құрғақ ыстық бізді балқытып жіберетіндей сезіндік. 
    
Жігіттер тұз дәрілерімен қоса суық суды қомағайлана сіміре берді. Таңғы 
аста,  олар  кептірілген  етті  ірімшікпен  қоса  соғып  алды  және  кола  ішті. 
Тамақтанудан кейін жарты сағат дем алып, жанып тұрған құмнның үстімен 

 
22 
жорығымызды қайта жалғастырдық. Біраздан кейін мықты жігіттерде ерекше 
құбылыс  бола  бастады.  Алғашында  үшеуінің  жүректері  айнып,  өңдері 
бозарып, әлдері кетіп, өздерін жаман  сезіне бастады. Оларды мүшкіл халде 
Фэрнес  –  Крик  –  Ранчоға  аттандырдық.  Қалған  жетеуі  тәжрибені 
жалғастырды.  Олар  бастапқысынша  тұз  дәрілерімен  қоса  суық  суды  сіміре 
берді.Сонан  соң,  кенеттен  бесеуінің  асқазандары  түйіліп,  нашарлап  кетті. 
Бұларды  да  Ранчоға  жібердік.  Оннан  екеу  қалды.  Түстен  кейін  төрт  болды, 
күн  аяусыз  шыжғырып  тұр,  жотамыз  күйіп  барады.  Күн  өтіп,  қалған  екі 
жігітте  бір  мезетте  құлады.  Оларға  дәрігерлік  көмек  көрсетіліп,  Ранчоға 
қайтарылды. 
     
Тек  тұз  пайдаланбаған  ғана  мәреге  жетіп  жорықты  аяқтады.  Бұл  даңқты 
ақсақал  –  қария  Брэгг!  Мен  жолсапарда  жалғыз  қалып,  өзімді  тың,  сергек 
қалпымда сезіндім! Мен тұз жемек түгіл аузыма нәр салған жоқпын, себебі 
ашықтым,  тек  ішкім  келген  кезде  ғана  жылы  су  іштім.  Мен  осы  жорықты 
10,5  сағатта  аяқтадым  және  өзімді  ешқандай  да  жаман  сезінген  жоқпын. 
Шатырға  қонып  шығып,  тамақсыз,  тұзсыз,  келген  жолыммен  Ранчоға  жаяу 
қайттым.  Мені  мұқият  тексерген  дәрігерлер,  менің  жағдайымды  өте  жақсы 
деп  тапты.  Мен  осы  тәжрибемді  Ажал  алқабында,  тұздың  әсерін  тексерем 
деген ғалымдар үшін қайталауға әзірмін. 
 
 
 
 
Тұздың қажетсіздігін дәлелдейтін тағы бір тұжырым 
           
Екінші дүние жүзілік соғыс жылдары, Египеттегі немістердің Роммел 
басқарған  африкалық  корпусы  Эль  –  Адамейнс  түбінде  ауыр  жеңілістерге 
ұшырап,  тіршіліксіз  шөлейтпен  жүздеген  шақырымдарға  шегінді.  Соғыс 
аяқталып,  немістер  жеңілгеннен  кейін,  ағылшындарды таң қалдырған жәйт, 
тұз  таблеткасымен  қамтамасыз  етілмесе  де,  неміс  әскерлерінің 
жағдайларының  жақсы  болуы.  Бұл  оқиға  да  менің  Калифорниядағы 
шыжыған  күнде  Ажал  алқабында  және  басқа  да  ғалымдардың  шөл 
жағдайында тұз таблеткасының қажетсіздігінің тағы бір дәлелі. 
       
Ғылми  мәліметтер  бойынша,  бірнеше  күн  бейімделгеннен  кейін,  адам 
терлегенде  тұз  рәсуа  болмайды.  Мүмкін,  физиологиялық  бейімделудің 
нәтижесінде  натрий  шайылмайды.  Қалыпты  жағдайда  тұзды  аз  мөлшерде 
қосып  тамақтанудың  нәтижесі  көрсеткендей,  ыстық  ауа  райында  тұз 
таблеткасын қолдану қажеттілігі асыра айтқандық. 
 
Әдетің екінші өзің
        
Тұздамағанның өзінде де, табиғи натрий – жемістерде, балықтарда, етте 
т.б.  тағамдарда  жетерлік  мөлшерде  болады.  Осы  табиғи  натрий  ағзаның 
сұранысын  толық  қанағаттандырады.  Бұған  тамақтарына  тұз  қолданбайтын 
көптеген елдердің тарихы дәлел бола алады. Америкалық үндістер тұздың не 
екенін Еуропалықтар келмегенше білмеген. Жаңадан барғанда, Колумб және 
басқа атақты зерттеуші ғалымдар үндістердің денсаулықтарының өте жақсы 
екеніне  таңырқаған.  Олар  тұздың,  арақтың,  табиғи  емес  тамақтардың  дәмін 
татқаннан кейін аза бастаған. 

 
23 
       
Мен  жер  шарының  түкпір  –  түкпіріндегі,  адам  аяғы  баспайтын  13  –тен 
астам  жорықтарға  қатыстым,  сонда  түземдіктердің  тұз  қолданғанын  көрген 
емеспін.  Сондықтан  да  олар  қан  қысымы  ауруымен  аурмайды.  Жас 
ерекшеліктеріне қарамай, бәрінің  қан қысымдары 120/80 ал бұл өте керемет. 
Олар сондай – ақ жүрек, бүйрек ауруларымен аурмайды. 
 
 
 
 
Адамға күіне қанша тұз керек? 
       
Осы жөнінен зерттеулер аз емес. Ғалымдардың пайымдауынша: тәулігіне 
0,5 – 
1 г аралығы. Ағза осы мөлшерде ғана сіңіре алады. Тұзға құмар орташа 
Американдық 15 – 30 есе артық жейді. Бұл қорқынышты көрсеткіштің себебі, 
«дайын»  тағамдардағы  тұздың  мөлшерімен  тығыз  байланысты.  Бұл  нанда, 
еттен жасалған, консервленген т.б. жүздеген тамақ құрамындағы тұзда.  
      
Американың оңтүстік штатында тұратын негірлердің қан қысымдары өте 
жоғары,  себебі  олардың  тамағының  негізі  тұздалған  шошқа  еті.  Мен 
Вирджиниде  туып  өстім,  көптеген  туыстарым  қан  қысымының  жоғары 
болуынан  зардап  шекті.  Олар  инфаркт  пен  бүйрек  ауруларынан  мезгілсіз 
өлді,  себебі  тұздалған  шошқа  еті,  сүрленген  сиыр  етіне  құмар  болды  және 
тамақтарына  тұзды  көп  салды.  30  жасқа  жетпей  ылғи  аурушаң,  буындары 
илікпейтін. Осы халге жеткізген - тамақтарындағы тұздың көптігі. 
 
Ұзақ өмір сүрудің әдісі – оны қысқартпау. 
      
Нью – Йорк штатының Бингхэмптон емханасында тұздың көп мөлшерде 
тамаққа  салынуынан  сәбилердің  көпшілігі  о  дүниелік  болып  кетті.  Көп  тұз 
нәрестені  тез  өлтіреді.  Ағзаға  өлі  зат  –  тұз  емес,  табиғи  натрий  қажет.  Сіз 
табиғи  натриді,  табиғаттың  өзі  дайындаған  сәбізден,  капустадан, 
картошкадан,  қызылшадан  т.б.  ала  аласыз.  Есіңізде  болсын,  минералдарды 
ағза тек тірі түрде ғана сіңіре алады. 
 
 
 
Ашыққан кезде клеткалардан және тәннен тұзды шығару 
      
Менің  ашығуды  дұрыс  өткізу  жөнінен  елу  жылдық  нақтылы  ғылми 
тәжірибем бар. Менің көзім жеткені, төрт күнгі ашығудың өзі, ағзадан тұзды 
тазалайды.  Бұны  кіші  дәретіңізді  тексеру  арқылы  анықтай  аласыз.  Төрт 
тәулік, тек қана тазаланған суды ғана ішіп ашығыңыз. Осы төрт күнде, таза 
судан  басқа  аузыңызға  нәр  салмаңыз,  суды  қанша  ішем  десеңізде  еркіңіз. 
Таңғы алғашқы кіші дәретіңізді жинаңыз. Құтықшалардағы кіші  дәретіңізді 
салқын  жерге,  екі  –  үш  апта  бойы  сақтап,  сонан  соң  жарыққа  апарып 
қараңыз. Сіз шиша түбінен натрий хлоридін және басқа қалдықтарды көресіз. 
Осы  тұздар  шыққан  кезде,  бүйрегіңіз  босап  жұмыс  жасауы  жақсарады! 
Орынсыз шөл мен ауыздың кеберсуі жойылады. Бұлшық етіңіз бен теріңізге 
назар  аударыңыз.  Сіз  жасарып,  сымбаттала  түсесіз,  ісіп  кебуіңіз  жоғалады. 
Ашыққан  кезде,  ең  бірінші  –  толықтық  және  осының  себепкері  тұздан 
құтыласыз.  Сіз  өз  көзіңізге  өзіңіз  сенбейсіз.  Ашыққан  кезде  ағзаңызда 
таңғажайып  өзгерістер  болады.  Жәй  уақытта  тамақ  қортуға  жұмсалатын 
құдіретті  өмірлік  қуат,  ағзаңыздың  түпкір  –  түпкіріндегі  зиянды 
қалдықтарды,  уларды  клеткаларыңыздан,  тәніңізден  тазалауға  ғана 

 
24 
бағытталады.  Әр  клетка  жасарады.  Төрт  тәулік  тұздан  тазаланғаннан  кейін, 
бұлай істеу қиын болса да, тұзды келешекте қолданбауға тырысыңыз. Онсыз 
да, барлық сатып алатын тағамдарыңызда «жасырынған» тұз бар. 
     
Апталық  тазалануға  24  –  36  сағат  ашығу  көмектеседі.  Маған  әсіресе 
«жасырынған»  тұздан  құтылу  қиындау,  себебі  мен  ғылми  тәжірибе, 
лекциялар  оқу  үшін  көп  саяхаттаймын.  Бірақта,  дәмханаларда,  ұшақ  пен 
поездің  ішінде  айтамын:  «Маған  тұзсыз  беріңіз!»  -  деп.  Аптасына  24  –  36 
сағат ашығуым өзіме көмектесетінін сеземін. 
      
Мен,  ешуақытта  тамағыма  тұз  қоспаймын.  Брэгтің  үйінде  тұз  мүлдем 
қолданылмайды!  Біз  тамаққа  у  сарымсақ  пен  шөптерді  қосамыз,  өйткені 
бұлар  табиғи  қоспалар,  тамаққа  дәм  береді.  Тұзсыз  ашығу  кезінде  өзіңізді 
тамаша сезінесіз! 
 
 
 
 
Ашығу – керемет тазалағыш, бірақ аурудың дәрісі емес 
       
Адамдар  хатпен  де,  ауызша  да  сұрайды:  «Ана  –  мұна  ауруларымнан 
ашығу  жаза  ма?».  Ашық  та,  айқын  айтайын  –  мен  емдеумен 
шұғылданбаймын  және  ашығуды  ем  ретінде  қолдан  деп  те  кеңес  бере 
алмаймын.  Мен  табиғаттан  басқа,  ешқандай  дәріге  сенбеймін.  Біздің 
қолымыздан  келетіні,  өмірлік  күшті  сондай  дәрежеде  нығайтып,  ауруды 
емдеу  ағзаның  ішкі  өз  мәселесі  болуы.  Менің  мақсатым,  әлсіздіктеріңді 
жеңетін өмірлік күшті нығайтқанның үстіне нығайта түсу әдісіне үйрету. 
 
 
 
 
Әлсіздік қалай түсіндіріледі 
       
Біз  еселаң,  ақылсыз  әлемде  өмір  сүреміз.  Өркениет  дамудың  адам 
қуатына қоятын талабы зор. Біз туыстарымыз бен достарымыздың арасында 
қалыпты  өмір  сүруді  ұстануымыз  керек.  Парыз  –  қатал  әмірші.  Біз  бұған 
бағынуға  тиіспіз.  Жанұяны  асырау,  авткөлік  жүргізу,  өз  жұмысыңа  жауап 
беру,  үй  шаруасын  істеу,  бала  тәрбиесі,  қоғамдық,  азаматтық  парызың  т.б. 
мыңдаған істер қуат тағы да қуатты керек етеді. Қуат – аса бағалы зат, оны 
қорапқа  салып  сақтап,  сатып  ала  алмайсың.  Көпшілік  қуатты  темекіден, 
ішімдіктен,  кофеден,  пепси  –  коладан,  дәрілерден  іздейді,  бірақ  бұлардың 
бәрі де қателеседі. Қуат – табиғатпен нақтылы бірігіп өмір сүруіңнің сый – 
сияпаты. 
 
 
Біз  жаман  әдеттеріміз  үшін  жазаланамыз,  жақсы  үшін  – 
марапатталамыз 
      
Ағзамыздың ауруы, әлсіреуі жаман әдеттеріміздің жемісі. Жаман әдеттер 
бізді  әлсіретіп,  ағзаны  толық  тазалайтын  қуат  жетіспейді.  Қуаттың  кемуі  – 
ішектің,  бүйректің,  терінің,  өкпенің  немесе  шығару  жүйесінің  жұмыстарын 
әлсіретеді. Осы мүшелердің толық қанды жұмыс істеуі үшін қуат жетіспейді. 
Осы  мезетте  шығарылмаған  әр  түрлі  улар  ағзада  жинала  беріп,  қатерге 
ұшыратады.  Улар  ағзаның  әр  бөлігіне  шоғырланады.  Жүйке  жүйесіне  әсер 
еткенде, сіз аурудан зардап шегесіз. Бұл табиғаттың белгісі, ол сіздің табиғат 
заңына  қарама  қайшы  келгеніңізді  ескертіп  тұр.  Сіз  бұл  келеңсіздіктің 
нақтылы себебін емес, одан басқаның бәрін кінәлайсыз. 

 
25 
 
Адамдар ешуақытта өздерінің келеңзісдіктеріне өздерін кіналамайды 
     
«Жок,  маған  суық  тиді,  мен  шаршадым,  қартайып  бара  жатқаннан  кейін 
өзімді  нашар  сезінемін»  -  дейді.  Өзін  ақтау  үшін  сылтаудан  сылтау  таба 
береді,  ешуақытта  да  өзінің  кіналы  екені  айтылмайды!  Ауруыңызға,  зардап 
шегіп ерте қартаюыңызға, тек қана өзіңіз, тағы да өзіңіз жауаптысыз. Дұрыс 
өмір  сүрмей,  сіз  өзіңізді  өлтіресіз.  Сіздің  өмірлік  күшіңіздің  деңгейі 
төмендеп,  улар  ағзадан  кетпейді,  Олар  шоғырланған  жерлер  аурып,  сізді 
азаптайды. Азап – сіздің өмір сүруіңіздің нәтижесі. Өзіңізден басқа ешкімді 
кіналамаңыз. Сіз ағзаңызды әлсіретіп алдыңыз, әр түрлі жолмен келген улар 
оны  улап  жатыр.  Өіңіздің  өмірлік  күшіңізді  ашығу,  табиғи  өмір  сүрумен 
нығайтыңыз, әлсіздік азаяды, жоғалады. Бейберекет өмір сүру, өзіңізді жаман 
сезінуіңіз, әлсіздігіңіз, шаршауыңыз, мезгілсіз қартаюыңыз т.б. толып жатқан 
ауруларыңыз  -  мүсәпірлікке  апаратын  нақтылы  жол.Осыны  жадыңызға 
жаттап алуыңызды өтінемін.  
     
Табиғат  тағайындаған  жолмен  өмір  сүрсеңіз,  сіз  жасара  бастайсыз! 
«Барлық жақсы да, әділ де табиғат тағайындаған салауатты өмір сүру заңын 
бассыздықпен  бұза  беруге  болады»  -  деп  ойлайды  көпшілік.  Олар  қалай 
шатасады!  Сіз  табиғат  заңдылықтарынан  аттай  алмайсыз,  ол  сізді 
сындырады.  Сіз  ойлауыңыз  мүмкін:  «табиғаттың  заңының  маған  қатысы 
жоқ»  -деп,  бірақта  кейін  дәрігерден  табиғатты  алмастыратын  ғажайып 
күтесіз. 
 
 
 
 
Ғажайып өзіңізде 
      
Адамға  ғажайыпты  армандау  тән  қасиет!  Табиғи  тамақтың,  дене 
шынықтырудың,  ашығудың  нақтылы  мүмкіншіліктерін  білмей,  олар 
ғажайыпты өздері түсінбейтін айдаладан іздейді. 
     
Табиғаттың  ұлы  заңдарымен  жүру  қарапайым.  Аурудан  азап  шеккендер, 
мезгілсіз  қартайғандар,  тез  жазылу  мен  жасарудың  жолын  армандайды. 
Есіңізде болсын – денсаулықты еңбектенсең ғана табасың! Оны сатып алуға 
болмайды.  Ешкім  де  оны  сізге  сатпайды.  Мен  табиғат  заңдылығын 
зерттеймін, бұзбаймын, нәтижесінде денім сау және өте қуаттымын. Табиғи 
тамақтану,  ашығу  арқылы,  өзімді  -  өзім  тазалау  заңдылығы,  дене 
шынықтыру, қартаймайтын өмірге алып келеді. 
 
 
 
 
Сізде жаман әдеттер бар ма? 
      
Сіз  тұзды  және  тұздалған  тамақты  жейсіз  бе?  Кофе  ішесіз  бе?  Темекі 
шегесіз бе? Арақты ішесіз бе? Шақпақ қант т.б. өлі тағамдарды қолданасыз 
ба?  Витамині,  минералы  жоқ  қандай  тағамдар  сізді  улауда?  Ерік  күшіңіз 
мықты ма? Тәніңізді не басқарады?  Жаман әдеттеріңіз? Сіздің қалауыңызды 
санаңыз  басқара  ма?  Есіңізде  болсын  –  ТӘН  АҚЫМАҚ.  Тән  сіз  үшін 
ойламайды.  Тек  сананың  зорлауымен  ғана,  мылқау  тән  жаман  әдеттерден 
арыла алады. Егер де сіз нақылы зор қуатқа, сыңғырлаған денсаулыққа, сирек 
күшке, берік жүйкеге ие болғыңыз келсе, бүгіннен бастап табиғатпен бірігіп 
жұмыс  істеңіз,  табиғатқа  карсы  болмаңыз.  Ашығу  –  табиғаттың  қуат 

 
26 
сақтайтын  қоймасының  кілті.  Ашығу  әр  мүшенің,  әр  клеткасына  әсер  етіп 
өмірлік күшті жандандырады. Осыны сіз үшін ешкім де істемейді! Бұны сіз 
ғана  жасауға  тиіссіз!  Сіз  үшін  басқа  біреу  тамақтанбайды.  Мен  сенімдімін, 
барлық аурулардың 90 пайызы дұрыс және табиғи емес тамақтарды жегеннен 
пайда  болады.  Қандай  болмасын  машинаның  жұмыс  әсері,  қуаттың  сапасы 
мен көлеміне байланысты, осының адам ағзасына да қатысы бар. 
      
Адам  өзінің  мезгілсіз  қартаюын  –  ішкен  тамағынан  басқаның  бәрін 
кіналайды. Сондықтан да, барлық тартып жүрген бейнетінің себебі олар үшін 
құпия  болып  қала  береді.  Адам  өзінің  ағзасының,  ұзақ  жылдар  бойы  артық 
жеген  тамағымен  сұмдық  ласталғанын,  кірленгенін,  өлі  тамақтардан  ашығу 
арқылы тазалануға болатынын білмейді. Осының бәрі жиыла келе, ағзада улы 
заттарды шоғырландырады. 
     
Егер  де  өзінің  денсаулығы  мықты  деп  мақтанған  адамды,  тазаланған 
сумен 5 – 6 күнге ашығуға отырғызсаңыз, онда оның ағзасы сасық иіс бөліп, 
кіші  дәреті  сарғайып  улардан  арыла  бастайды.  Бұл  жай,  оның  ағзасы 
тамақпен  келген  шіріген  қалдықтарға  толы  екенінің  анық  дәлелі.  Осы 
тұрақты  түрде  жиналған  уларда,  адамның  келешектегі  аурулары  бұғып 
жатыр. Табиғат осы улардан құтылғысы келген мезетте «жарылыс» болады, 
ауру  деп  аталатын.  Бұл  жағдайда  адам  тез,  жеңіл  құтылатын  жол  іздейді, 
есіне ең түспейтіні жалғыз ғана – ашығу. 
 
 
 
 
Ашығу – табиғи болмыс (инстинкт) 
     
Ауру сіздің ағзаңыздың улы заттарға толы екенін көрсететін, табиғаттың 
әдісі. Өлілерде ауру болмайды. Сіз тірі болсаңыз ғана шырғалаң басталады. 
Сіз  ашығу  арқылы  денеңізде  жиналған  тағам  қалдықтары  мен  уларды 
шығаруға  табиғатқа  көмектесесіз.  Бұл  әрбір  хайуанға  белгілі.  Ашығу  – 
хайуандардың  емделуінің  жалғыз  ғана  жолы.  Бұл  таза  хайуандарға  тән 
болмыс.  Біз,  адамдар  өркениет  дамудың  нәтижесінде,  аурған  кезде  ашығу 
болмысынан айырылып қалғанбыз. 
 
Қатты аурған кезде тамаққа тәбетіңіздің тартпайтынын байқаған шығарсыз. 
Сіз,  одан  тіпті  жиркенесіз.  Ал  білмейтін  жанашыр  достарыңыз  бен 
туыстарыңыз:  «Күшің  көбейеді  же!»  -  деп  зорлайды.  Осы  мезетте,  сізге 
тамақтың  керегі  жоқ  екенін  санаңыз  хабарлап  жатты.  Ағзаны  тазалауға 
қуатты жұмсау үшін, табиғат осы сәтте сіздің ашығуыңызды қалады. Табиғат 
– 
ананың  сыбырлаған  даусын  естіп,  түсіну  қиын.  Ашыққан  уақытыңызда 
сіздің  сезімдеріңіз  өте  ұшқырланады.  Ашығу  санаңызды  ұшқырлайды, 
табиғаттың нәзік даусына бағдарлайды. Әрбір ашығу сәтінен кейін, басыңыз 
керемет  жақсы  жұмыс  жасай  бастайтынына  кепілдік  беремін,  себебі  бұны 
мен жақсы білемін. 
 
 
 
 
Ұлы адамдар да ашыққан 
       
Мысырда ұлы Александрияда, әлемнің мәдениет орталығы болған кезде, 
шеберлікке  үйрену  үшін  адамдар  40  күн  ашығуға  тиіс  болған.  Мұса,  Иса, 
Мұхаммед пайғамбарлар 40 күннен ашыққан, сондай – ақ Будда мен Ганди 
де! 

 
27 
       
Адамзат тарихындағы, ұлы рухани ұстаздар - ашығумен өздерінің рухани 
күштерін  еселеп  отырған.  Ашығу  оларды  әлсіреткеннің  орнына,  тәні  мен 
жанына ерекше зор қуат берген! 
      
Өзіңіз байқап көріңіз, ашықаннан кейін санаңыз мағлұматтарды қалай тез 
қабылдайтынына  көзіңіз  жетіп,  иланасыз.  Оқыған  кезде  көп  мөлшерде 
игеретініңізге назар аударыңыз. 
 
Кім тамақты көп ішпейді, сол ерінбейді. Даналық дарбазасы ешуақытта 
жабылмайды.  
 
 
 
 
 
 
 
 
БЕНДЖАМИН ФРАНКЛИН 
 
3 – 
ТАРАУ 
 
 
 
Дұшпан біздің ішімізде 
     
Виктор Гюго біздің ішіміздегі уларды «адамның ішінде жатқан жылан» - 
деп  суреттеген.  Бұл  ақындық  теңеу  болғанмен  де  шындыққа  жанасады. 
Адамның  өзінен  өзі  улануы,  ұзақ  ғұмыр  кешудің  қас  жауы.  Ол  біздің 
тәнімізден гөрі жанымызды жейді. Бұл тек қана тәнді ғана емес, сананы да 
улайды. Тіпті қуатың құйылып қалпына келген кезде де, санаң сая таппайды. 
Осындай  кезеңде  адам,  мұңын  мөлшері  былай  деп  шағады:  «Өмірімнің 
базарлы уақыты өтті. Алдымда біразы ғана қалды, оның өзі сор мен бейнет. 
Көптеген  достарым  мен  туыстарым  о  дүниелік  болып  кетті,  ендігі  кезек 
менікі». Осындай ойлар адамның денсаулығына кері әсер етіп, қияли қылып 
жібереді. 
     
Өзінен  өзі  улану  (интоксикация)  аз  зерттелген,  осы  ғасырда  күнделікті 
кездесетіндіктен,  қас  жаудың  нақ  өзіне  айналды.  Мазасыздық,  ашушаңдық, 
көңілсіздік, орынсыз қозу, т.б. келеңсіздіктер қанның бұзылғанының кепілі. 
Бізде  қалыпты  жағдайда  –  қамсыздық,  көтеріңкі  көңіл  күй,  сенімділік, 
сергектік болу керек. Тағдыр кейде тәлкекке салса да, қасқайып қарсы тұрып 
рухани  мойымаймыз,  кейде  тағдыр  қолдаса  да  мұң  шеріміз  тарқамайды. 
Көңіл күйдің бұлай құбылуы, қанның тазалығына байланысты. 
     
Менің денсаулығым өте жақсы қалпымда 120 жыл не одан да ұзақ уақыт 
өмір  сүргім  келеді.  Мен  өмірді  сүйемін!  Әр  өмір  сүрген  күнімді,  мен  өзім 
басқарамын  –  бұл  ғажап!  Мен  өз  өмірімнің  қожайынымын,  әр  өмір  сүрген 
сағатымды бағалаймын! 
 
 
 
 
Сананы надандық бұлты торлауда 
    
Ең жаманы, өзінен өзі улану - өршіп жинала береді. Осыдан құтылу үшін, 
салауатты өмір салтын ұстанып, міндетті түрде ашығу керек.  
     
Ағзаңыз  уланған  кезде,  сіз  себепсіз  уайым  шегіп,  енжарлықтан 
құтылмайсыз. Күндердің күнінде, қайтадан тың, сергек қалпыңызда ұйқыдан 
тұрып,  талай  кедергілерді  бұзып,  жеңіске  жетесіз.  Газет,  журнал,  радио, 
теледидар – бәрі сізге енжарлықтан құтылатын құрал тауып береміз деп жар 
салады.  Қайсы  ғажайыпты  қолдануға  болады?  Есіңізде  болсын  –  ғажайып, 
сиқыр болмайды, тән мен жанды жазатын жеңіл жол жоқ.  
 

 
28 
Сіздің жазаңыз – жаман әдеттер, сіздің ғажап сый – сияпатыңыз, 
салауатты өмір салтыңыз. 
      
Табиғат  ана,  өз  ағзаңызға  жауапкерсіздікпен  қарауға,  кемсітуге  жол 
бермейді.  Өз  денеңізді  өлі,  жансыз  тамақпен  толтырған  сайын,  сіз  қымбат 
өтемін  төлейсіз.  Әрине,  ұмытылу  үшін  қоздырғыш  пайдалануыңыз  мүмкін, 
бірақ бала емессіз ғой, жаман нәрсе жеп қойып, артынан дәрі ішсем жазылып 
кетемін  дейтін.  Өз  асқазаныңызды  жуынды,  қалдық  құятын  апанға 
айландырған  сайын,  өтемі  де  қымбаттай  түседі.  Жүрек  пен  қан  тамырлары 
зардап шегеді.  
     
Әрбір  өзінен  өзі  улану,  өміріңізді  қысқарта  түседі.  Әрбір  өз  өзінен 
уланудың  сілемі  қалады,  сондықтан  да  қорқынышты.  Қаныңызды 
былғамаңыз. Өзіңді өзің уланудан сақтануды үйрен. 
     
Ең алдымен, аптасына бір қабат тазаланған сумен 24 – 36 сағат ашығуды 
әдетке  айландыр.  Ал  қалған  күндері,  уланбаған  табиғи  тамақпен  қоректен. 
Санаңыз  тәніңізді  басқару  керек.  ТӘН  АҚЫМАҚ.  Асқазанды  не  болса 
сонымен  толтырып  алуға  болады,  бірақ  қазір,  осы  үйренген  ілімді 
басшылыққа  алып,  ақылыңмен  -  саналы  түрде  тамақтаныңыз.  Немен 
тамақтансаң да, табиғатпен тығыз болсын! 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет