ҚАШҚын монодрама Қабырғада кітап сөрелері. Ортада жазу столы. Үстінде қалың кітап жатыр


Дауыс: Сен тек өз басыңдағы жағдайды ғана айтып отырған жоқсың ба? Тағдырына ырза адамдар да көп қой. Қашқын



бет6/9
Дата11.12.2023
өлшемі44,26 Kb.
#137169
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Дауыс:
Сен тек өз басыңдағы жағдайды ғана айтып отырған жоқсың ба? Тағдырына ырза адамдар да көп қой.
Қашқын:
Бар шығар. Көп те шығар. Оны зерттеген, санақ жүргізген кім бар? Кеше ғана мен құдайы көршімді көшеде жолықтырдым. Қызметінен ренжіп келе жатыр екен. «Не болды?» – деп сұрасам, жұмысына көңілі толмай, жоғары жаққа жалған ақпарат беруден бас тартқаны үшін сөгіс арқалап, жұмысынан қашып келеді екен. Жығылғанға жұдырық деп, үйіне келсе мұғалім болып қызмет атқаратын жұбайы сайлау коиссиясының мүшесі екен. Комиссияның қорытындысымен келіспегені үшін сөз естіп, ол да комиссиядан қашып келіпті. Бұл аз десеңіз баласы мектептен қашып келіпті. «Неге?» – десем, «Не негесі бар? Математикадан мұғалімі үй тапсырмасын берген ғой. Тапсырмасын оқысам, «бір қорада бір жылқы, екі сиыр, төрт қой және бес доңыз тұр. Сонда қорада барлығы қанша мал бар?» – деген сауал қойылған ғой. Балам жеті мал бар деп жауап берсе, дұрыс емес дейтін көрінеді. Қазақ о заманда бұ заман доңызды төрт түлікке қоспаған. Мектеп оқулығына соны кіргізген қандай ақымақ? Қайта баламның миы бар екен деп қуанып қалдым дейді.
Қарқылдап күледі
Мен де қашқынмын. Кімнен қашып жүрсің деймісіңдер? Өтіріктен, аярлардан, жемқорлар мен сұрқиялардан, қанды қол қарақшылар мен суайттардан, олақтар мен салақтардан қашып жүрмін.
Алайда мен тіленші емеспін! Қайыршы емеспін. Биліктің астауынан жем жейтін сұқ ит те емеспін. Аяғым аман болса, басым ауған жаққа қашамын. Қарап тұрсам, осы жұрттың елде тұрып жатқаны бар, шетке кеткені бар, тең жартысы қашқын секілді.
Сонда мен кіммін? Қашқындар арасында жүрген қашқынмын. Жалғыз жүріп жол таба алмасам, адассам да үйірімнен бөлінбейтін шығармын. Қайда барсам Қорқыттың көрі дегеннің кері келді.
Көресіңді көрмей көрге тірі кірмейсің. Қорқыт бабамыз да қанша жыл ажалдан қашты. Ажалдың құрығынан кім құтылған? Бәрібір тұтылды.
Кейбір қашқындар да осы Қорқыттың тағдырын қайталап жүргендей әсер етеді.


Мысықтың мияулаған дауысы естіледі.
Қашқын:
Мына қызықты қараңдар! Мысық қашып барады. Шамасы, тышқаннан қашқан болуы керек, өйткені артынан қуған иттің абалаған дауысы естілмейді.
Сіздерге шынымды айтайын!
Соңғы жұмысымда бастығым мені қатты қорлады. Өмірі естімеген сөзімді естідім. «Сенің қолыңнан түк келмейді, ғұмыр бойы осылай байғұс болып өтесің» - деді. Қазақша айтқан уәжіме орысша боқтық айтты. Күйіп кеттім! Сөзіне жауап қайтарып едім, әй-шәй жоқ, қолымен нұқып қалды. Бұдан әріге шыдамадым. Міне, мына қолдарыммен (қолдарын көрсетеді) ұрып жықтым. Бишараның қарсыласуға да шамасы келмеді. Бір соққаннан мұрттай ұшты. Шекесі жол шетіндегі бардерға тиді. Тірі ме, өлі ме, білмедім. Көшеде кетіп бара жатқандар жедел жәрдем шақырды. Полиция шақырды. Мен болсам тұра қаштым. Қолыңмен жасағанды мойынмен көтерген дұрыс шығар. Бірақ, мен қорықтым. Өйткені, дауды оның бастағанын, әуелі оның маған қол жұмсағанын дәлелдей алмайтынымды білемін. Содан әлі қашып жүрмін! Қашқанда да қатты қаштым. Соңымнан қуғыншылар түсті.Қатты зытқаным сонша, басымдағы қалпағым ұшып кетті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет