ҚАШҚын монодрама Қабырғада кітап сөрелері. Ортада жазу столы. Үстінде қалың кітап жатыр



бет7/9
Дата11.12.2023
өлшемі44,26 Kb.
#137169
1   2   3   4   5   6   7   8   9
(Басын қысады) Миымды ойлар әбден ашытты.Пәледен машайық та қашыпты. Аяқ киімімнің де табаны тозып кетті.
Енді қашқанда қайда барамын. Қайда барып байыз табамын?
Қашу туралы ел аузында да қилы-қилы әңгіме бар. Бірімен бірі жауласқан екі батырдың бірі қуып, бірі қашып бара жатса, қуып келе жатқаны. «Тоқта, тоқта! Батыр болсаң – қашпа!» – дейді ғой. Қашқан кісі: «Е, қашпай қорқамын ба?» – деген екен,
Қашу дегенді өз басым Абай атамыз айтқан «Бес нәрседен қашық бол!» деген кеңесі есебінде дұрыс түсінемін. «Өсекөтірікмақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ – Бес дұшпаның, білсеңіз» – дейді ұлы Абай.
Қашатын нәрсе көп. Нәпсіқұмарлық, тоғышарлық, сараңдық, жағымпаздық, сатқындық, айта берсек, толып жатыр. «Аш пәледен қаш пәле!» – деп сол жағымсыз міңез-құлықтан, кесір қылықтан қашатын болсақ, сөз жоқ, келешекте алға басарымыз анық.
Дауыс:
Оған сеніміңіз кәміл ме?
Қашқын:
Әрине!
«Бойы бұлғаң,
Сөзі жылмаң,
Кімді көрсем, мен сонан
Бетті бастым,
Қатты састым,
Тұра қаштым жалма-жан» – дегенде Абай да адамға жат ұятсыз іс-әрекеттен, былық-шылықтан безген ғой.
Дауыс:_Мен_саған_сауал_қояйын._Қусаң_жете_алмайтын,_қашсаң_ұзап_кете_алмайтын_не_Қашқын'>Дауыс:
Мен саған сауал қояйын.
Қусаң жете алмайтын, қашсаң ұзап кете алмайтын не?
Қашқын:
Жете алмайтын – шапқан аттай, атқан оқтай жалған өмір.
Қашсаң құтылмайтын – анық өлім!
Дауыс:
Енді қашанғы қашқын боласың?
Қашқын:
Мен қашқын екенімді мойындаймын. Ажал желкемнен төнгенде оны қасқиып қарсы алуға жігерім жетпеді. Жаным қалса болды деген ой иектеді.
Аман-сау қалғанда да зорлық пен қорлыққа қарсы шығуға дәтім бармады. Бойымды жайлаған үрейді жеңе алмадым.
Кешіріңдер мені!
Қашқан жауға қатын да ие. Артыма қайырылып, қуып келе жатқан қаскөйге қарсы шабуға дәрменім болмады.
Өкініш өзегімді өртейді. Іштегі жалынды сыртқа шығарсам маңайым түп-түгел отқа оранатын тәрізді.
Бірақ, қашқындардың да түр-түрі бар.
Отанынан қашқан қашқын – қара албасты басқыр.
Жаудан қашқан қашқын – опасыз.
Әйелінен қашқан ер азаматтар да бар. Кезінде Лев Толстой да әйелінен қашып кетіп, басқа жерде демі үзілген көрінеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет