ҚАШҚын монодрама Қабырғада кітап сөрелері. Ортада жазу столы. Үстінде қалың кітап жатыр


Оның дауысын алдын ала бейнебаянға жазып алып, экраннан көрсетуге де болады



бет9/9
Дата11.12.2023
өлшемі44,26 Kb.
#137169
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Оның дауысын алдын ала бейнебаянға жазып алып, экраннан көрсетуге де болады.
Қария:
Балам, сен көп қиянат көрген екенсің. Алла жазса, барлығынан да аман-есен құтыласың! Енді қорықпа! Сен қол жұмсадым деген кісі аман-есен көрінеді.
Қолыңды жай, бата берейін!
(қолдарын жаяды)


Ия, Алла!
Қатыгез қастан сақта,
Қытымыр достан сақта!
Қаңғыған оқтан сақта,
Харам астан сақта!
Қазылған ордан сақта,
Құрылған тордан сақта,
Жігерсіз қордан сақта,
Кеудесі зордан сақта!
Қайырымсыз ұлдан сақта,
Мейірімсіз қыздан сақта!
Үйіңе бақыт қонсын,
Жортқанда жолың болсын,
Жолдасың Қыдыр болсын!
Орта толсын!
Айтқаным келсін!
Аллаһу әкпар!
Қашқын:
Әмин!
Жаратқан жар болсын!


Сырттан азан дауысы естіледі.
Қашқын жайнамазға жығылып, Алладан кешу сұрайды.
Құранның «Фатиха» сүресі радио арқылы естіледі.


Бисмиллаһир рахманир рахиим
әлхәмду лилләһи раббил ғаләмин

әррахман ир рахим

мәлики йәумиддин

иййәкә нәъбуду уәиййәкә нәстәъиин

иһдинәс сирәтал мустәқим

сирәтал ләз̃иинә әнъамтә ғаләйһим ғайрил

мәғдууби ғаләйһим уәләд даллин


Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын, Барлық мақтау бүкіл әлемнің раббы Аллаға тән, Аса қамқор, ерекше мейірімді, қиямет күннің иесі! Саған ғана құлшылық қыламыз, әрі Сенен ғана жәрдем тілейміз: Бізді тура жолға сала көр! Нығыметке бөленгендердің жолына! Қаһарыңа ұшырағандардың жолына емес!


(сүре қалауына қарай не тек араб тілінде, не араб және қазақ тілінде оқылса да болады)


Шымылдық

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет