Қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер


 ҚОТ қолдана отырып оқу үрдісіне қатысушылардың



Pdf көрінісі
бет6/11
Дата27.02.2023
өлшемі260,51 Kb.
#70299
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
4. ҚОТ қолдана отырып оқу үрдісіне қатысушылардың 
функциялары мен міндеттері 
4.1. ҚОТ бойынша оқу үрдісіне ұйымдастырушылық, әдістемелік, 
ақпараттық және техникалық қолдау көрсететін Университеттің 
құрылымдық бөлімшесі Жаңа білім беру технологиялары институты 
(ЖББТИ) болып табылады, оның құрамына кіреді: 
− ҚОТ бойынша оқу үрдісін басқару секторы (әкімшілік-әдістемелік 
қолдау тобы); 
− ҚОТ бойынша ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету секторы 
(техникалық қолдау тобы); 
− ЖАОК орталығы. 


4.2. ҚОТ бойынша оқу үрдісін басқару секторы: 
− ҚОТ бойынша оқу үрдісін жоспарлауды және ұйымдастыруды 
қамтамасыз етеді; 
− ҚОТ қатысты құжаттамалардың рәсімделуін қамтамасыз етеді; 
− оқытушылардың, ҚОТ қолданатын білім беру бағдарламаларының 
үйлестірушілері және тьюторлардың біліктілігін арттырудың 
жоспарлануын қамтамасыз етеді; 
− ҚОТ қолданатын білім алушылардың ағымдағы үлгерімдері туралы 
мәліметтердің ақпараттық деректер базасына енгізілуін қамтамасыз 
етеді. 
4.3. Ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету секторы қашықтықтан 
оқытудың бағдарламалық, ақпараттық және техникалық құралдарын 
әзірлеуді, дамытуды және қолдауды қамтамасыз етеді. 
4.4. ЖАОК 
орталығы moocs.kz және open.kaznu.kz білім беру 
платформаларында онлайн курстарын даярлауға және жүзеге асыруға 
әдістемелік және технологиялық қолдау көрсетеді: 
− жаппай ашық онлайн курстарды әзірлеуге және оларды платформаға 
жүктеуге қатысады; 
− жаппай ашық онлайн курстарды платформаға жүктеуге және оларды 
оқу үрдісіне пайдалану үшін сараптама жүргізуді қамтамасыз етеді; 
− жаппай ашық онлайн курстардың реестрін жүргізеді; 
− инновациялық білім беру технологияларын қолдануға қатысты тиісті 
сертификаттар бере отырып, кәсіпорындардың, ұйымдардың, 
мекемелердің әртүрлі санаттарындағы жұмысшылар мен ғылыми-
педагогикалық кадрлардың және жеке тұлғалардың даярлауын және 
біліктілігін арттыруды қамтамасыз етеді; 
− оқытудың дәстүрлі үлгісін қолдана отырып, білім алушылардың 
негізгі кәсіптік бағдарламаны игеру процесін ұйымдастыруды және 
оқытудың барлық формаларына арналған онлайн-курстар арқылы 
материалды оқып үйренуді қамтамасыз ететін аралас білім беру 
технологиясын қолдану арқылы оқу процесін ұйымдастырады; 
− ҚазҰУ-да ҚОТ қолдана отырып оқытудың сапасын бақылау жүйесін 
қамтамасыз етеді; 
− білім алушылардың ағымдық бақылау және аралық аттестациясын 
ұйымдастырады; 
− ЖАОК-да оқу нәтижелері бойынша тыңдаушыларға сертификаттар 
береді; 
− ҚОТ қолдана отырып оқытуда қолданылатын бағдарламалық 
жасақтаманың жұмысын қамтамасыз етеді;
− ҚОТ қолданатын оқыту жүйесінің пайдаланушыларына бақылау 
және талдау жүргізеді; 
− білім беру жүйесінде ЖАОК қолдану бойынша жергілікті 
нормативті-құқықтық актілерді әзірлейді; 
− Орталық қызметінің бағыттары бойынша ғылыми, әдістемелік және 


оқу әдебиеттерін, анықтамалық материалдарды, оқу құралдарын 
және басқа да жарияланымдарды әзірлейді, басып шығарады және 
таратады (оның ішінде электронды түрде); 
− ҚОТ 
қолданатын 
оқу 
үрдісінде 
кеңес 
береді 
және 
ұйымдастырушылық көмек көрсетеді
− оқу үрдісінде ЖАОК енгізу нәтижелері туралы статистикалық 
есептілікті ұсынады. 
4.5. Қашықтықтан білім беру технологияларын қолдана отырып оқытатын 
пәндерге байланысты педагогикалық жүктеме пайда болған кезде университет 
оқытушысы: 
− қашықтықтан білім беру технологияларын қолдана отырып жұмыс 
істеуді өз факультетінің ҚОТ қолдана отырып жүзеге асырылатын білім 
беру бағдарламаларының үйлестірушісінің көмегімен үйренуге немесе 
ЖББТИ-нан ақпарат алуға; 
− теориялық оқыту басталғанға дейін бір апта бұрын қашықтықтан оқыту 
курстарын әзірлеу талаптарына сәйкес келетін СБР қоса алғанда, ПОӘК 
әзірлеуге; 
− қашықтықтан білім беру жүйесіне логин мен құпия сөз арқылы кіруге; 
− қашықтықтан оқыту жүйесіне ("Универ" жүйесі немесе ҚОЖ Moodle) 
ПОӘК-ні, соның ішінде СБР мен сыртқы электрондық ресурстарға 
(электрондық оқулықтар, мультимедиялық оқыту бағдарламалық 
тренажерлері, 
ақпараттық-анықтамалық 
жүйелер, 
виртуалды 
зертханалық практикумдар, компьютерлік тестілеу жүйелері және т. б.) 
сілтемелер жүктеуге; 
− пәннің силлабусында білім алушылармен өзара іс-қимыл форматы 
туралы ақпаратты көрсетуге (уақыты, түрі (форум, сұхбат, 
видеоконференция) және қашықтықтан жасалынатын қарым-қатынас 
үшін қолданылатын құралы немесе платформасы және т. б.)); 
− апта сайын бекітілген кестеге сәйкес видеоконференциялар мен 
вебинарларды өткізу үшін, жазбаша жұмыстарды тексеру, орындалған 
тапсырмалар үшін балл қою және білім алушыларға кері байланыс беру 
үшін қашықтықтан оқыту жүйесін пайдалануға; 
− дәрістер онлайн режимінде болған жағдайда, университеттің білім беру 
порталдарына («Универ» жүйесі, ҚОЖ Moodle) тиісті сілтемелерді 
орналастыра отырып, үнемі видео-дәрістердің жазбасын қамтамасыз 
етуге; 
− ҚОТ қолдана отырып пән бойынша қорытынды емтихан қабылданған 
жағдайда тиісті бекітілген әдістемелік нұсқаулықтар негізінде емтихан 
материалдарын әзірлеуді және емтихан өткізу рәсімін сақтауды 
қамтамасыз етуге, оның ішінде емтихан барысын міндетті түрде 
бейнетіркеуге міндетті. 


4.6. ҚОТ қолдана отырып білім алушылар дербес компьютерге немесе 512 
кб/с кем емес жылдамдықта интернетке шығатын мобильді құрылғыға, 
вебинарларды өткізуге арналған компьютерлік мультимедиа жабдығына 
(веб-камера, гарнитура) қол жеткізуі қажет. 
4.7. ҚОТ қолдану арқылы білім алушылар міндетті: 
− пәннің бекітілген силлабусына сәйкес сандық білім беру ресурстарының 
көмегімен оқу материалын меңгеруге;
− бекітілген пәннің оқу кестесіне сәйкес берілген сандық білім беру 
ресурстарын қолдана отырып оқу материалын игеруге; 
− орындалған тапсырмаларды бекітілген кестеге сәйкес «Универ» жүйесі 
немесе ҚОЖ Moodle арқылы оқытушыға ұсынуға. 
4.7. Факультетте ҚОТ қолдану арқылы оқу процесін үйлестіру үшін 
университет ректорының бұйрығымен ҚОТ қолдану арқылы білім беру 
бағдарламаларының үйлестірушісі – оқытушы немесе басшылық 
лауазымда жұмыс істемейтін факультет маманы (бұдан әрі – үйлестіруші) 
тағайындалады. 
4.8. Үйлестіруші білім беру үдерісіне қатысатын факультет қызметкерлерінің 
қызметін онлайн оқыту мен ҚОТ қолдана отырып ұйымдастырады: 
− ҚОЖ MOODLE-де - dl.kaznu.kz;
− жаппай ашық онлайн-курстардың онлайн-платформаларында - 
open.kaznu.kz, moocs.kz. 
4.9. ҚОТ қолданатын білім беру бағдарламаларын үйлестірушінің 
міндеттемелері: 
− факультеттің оқу үрдісінде қашықтықтан білім беру технологияларын 
қолдану және онлайн оқытуды дамытудың Жол картасын әзірлеу (бұдан 
әрі-Жол картасы); 
− Жол картасы шеңберінде іс-шаралардың орындалуына мониторинг 
жүргізу; 
− ПОҚ және білім алушыларға жалпы ашық онлайн курстардың онлайн-
платформаларында және ҚОЖ MOODLE-да жұмыс бойынша 
техникалық және әдістемелік қолдау көрсету; 
− факультетте ҚОТ қолданатын білім беру бағдарламасы бойынша 
жұмыстарды басқару; 
− көпшілік ашық онлайн курстардың онлайн-платформасында және ҚОЖ 
MOODLE жұмыс бойынша оқытушылармен және білім алушылармен 
тренингтер, семинарлар, біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастыру 
және өткізу;
− факультетте онлайн білім беруді және ҚОТ дамыту бойынша 
әдістемелік іс-шаралар өткізу;
− жұмыс жоспарына сәйкес ҚОТ қолдана отырып, факультеттің оқу 
қызметін ұйымдастыру;


− ҚОТ қолдану арқылы оқытуды енгізудің сандық және сапалық 
көрсеткіштеріне мониторинг жүргізу, оның ішінде: 
• әзірленген және сараптамадан өткен ПОӘК және СБР санына;
• білім алушылардың академиялық белсенділігіне (ПОӘК-ға, оның 
жеке ресурстарына, элементтеріне және СБР-ға жүгіну жиілігі);
• оқытушылардың ҚОЖ MOODLE-дегі жұмысына (белсенділігіне 
(пәндерді меңгеру кестесіне сәйкес білім алушыларға кеңес 
берулеріне және олардың орындайтын жұмыстарын рецензиялау 
жиілігіне); 
ПОӘК және СБР сапасын, сондай-ақ олардың оқу үрдісінде қолдануға 
дайындығын 
бағалайтын 
оқу-әдістемелік 
комиссияларды 
қалыптастыруға қатысу; 
− факультет басшылығы және ҚазҰУ-дың ЖББТИ үшін бекітілген Жол 
картасына сәйкес онлайн оқыту және ҚОТ қолдана отырып, факультет 
жұмысының тиімділігін арттыру бойынша есеп және ұсыныстар 
дайындау. 
4.10. Жаппай ашық онлайн курстардың онлайн-платформасында жұмыс 
істеуге оқыту процесін сүйемелдеу үшін open.kaznu.kz, moocs.kz онлайн 
курстың тьюторы тағайындалады – жетекші лауазымды қызмет 
атқармайтын оқытушы немесе факультет маманы.
4.11. Онлайн курс тьюторының функциялары:
− ЖАОК орталығы мамандарының басшылығымен жұмыс; 
− онлайн курсты іске қосуға дайындау:
− курс басталмай тұрып, оның силлабусына сәйкес курстың оқытылатын 
барлық кезеңіне тест тапсырмаларын тапсыру мерзімін орнату; 
− курстың басты бетін онлайн курс бойынша өзекті ақпаратпен жаңарту; 
− жаппай ашық онлайн курстардың open.kaznu.kz, moocs.kz онлайн-
платформаларында жұмысқа тіркелу кезінде ақпараттық қолдау 
көрсету; және білім алушыларды онлайн курс базасына енгізу; 
− тіркелген білім алушыларды білім беру топтарына бөлу; 
− онлайн оқытудың барлық мәселелері бойынша онлайн курстардың білім 
алушылары мен оқытушыларына-авторларына кеңес беру (электрондық 
пошта арқылы, телефон арқылы, онлайн режимінде); 
− «Талқылау» қосымша бетінде білім алушылармен интерактивті қарым-
қатынасты жүзеге асыру; 
− «Электрондық пошта» қойындысын пайдалана отырып, кезекті 
модульді іске қосу және онлайн курстың басқа да жаңалықтары туралы 
білім алушыларды үнемі хабардар ету; 
− білім алушылардың үлгеріміне мониторинг жасау және қорытынды 
аттестаттауды өткізу; 


− курс авторымен ынтымақтастықта онлайн курстың мазмұнын 3 жылда 
кемінде бір рет жаңарту; 
− автормен ынтымақтастықта өзектілігін жоғалтқан онлайн курсты жою 
туралы шешім қабылдау. 
4.12. ҚОТ қолдана отырып жүзеге асырылатын пәндер бойынша оқу-
әдістемелік материалдар мен сандық білім беру ресурстарының 
сапасына шығарушы кафедралар жауапты болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет