Қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер



Pdf көрінісі
бет2/11
Дата27.02.2023
өлшемі260,51 Kb.
#70299
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Қашықтықтан оқытудың қағидалары

(экзекьютив ЭмБиЭй)) – бұл мақсатты аудиторияның ерекшеліктерін 
ескере отырып, топ-менеджерлерді даярлауға бағдарланған МВА 
бағдарламасы; 
4) жаппай ашық онлайн-курс (бұдан әрі – ЖАОК) – электронды 
оқыту технологиялары қолданылатын, жаппай интерактивті қатысуға 
және Интернет арқылы ашық қол жеткізуге болатын оқыту курсы; 
5) МВА бағдарламасы – бизнес саласындағы заманауи білімдер 
мен дағдыларды меңгерген, процестер мен кадрлық активтерді 
басқаруға, компанияның стратегиясын жасауға, стратегиялық және 
оперативті міндеттерді анықтай білуге және ғылыми құралдарды 
қолдана отырып, оларды жүзеге асыруға қабілетті басқарушы кадрлар 
даярлау бағдарламасы; 
6) мультимедиа – пайдаланушыға әртекті деректермен (графика, 
мәтін, дауыс, бейне) жұмыс істеуге мүмкіндік беретін аппараттық және 
бағдарламалық құралдар кешені; 
7) оқу нәтижелері – білім алушының білім беру бағдарламаласын 
меңгергендігін көрсететін тиесілі бағалармен дәлелденген білімі, білігі, 
дағдылары көлемі және қалыптасқан құндылықтары мен қатынастары; 
8) онлайн прокторинг – тұлғаны растау және онлайн-
емтихандарды дәлелдеу жүйесі; 
9) сандық білім беру ресурстары (бұдан әрі – СБР) – 
интерактивті түрде оқытуды қамтамасыз ететін, оқу пәні бойынша 
дидактикалық 
материалдар: 
фотосуреттер, 
бейнефрагменттер, 
статистикалық және динамикалық үлгілер, виртуалды шынайылық пен 
интерактивті модельдеу нысандары, дыбыстық жазбалар мен өзге де 
цифрлық оқу материалдары; 
10) тьютор – студентке нақты пәнді және (немесе) модульді 
игеруге көмектесетін академиялық консультант рөлін атқарушы 
оқытушы; 
11) формальды емес білім беруоқу мерзімі мен нысанын 
ескерместен, оқу нәтижелерін растайтын құжат беретін білім беру 
қызметін жүзеге асыратын ұйымдардың білім беру түрі; 
12) цифрлық контент – цифрлық оқу материалдардын 
ақпараттық (мәтіндер, графикалар, мультимедиалар және өзге де 
маңызды толықтырулар) мазмұны;
13) Университеттің Академиялық комитеті – Университеттің 
білім беру қызметінің құқықтық және ұйымдастырушылық негіздерін 
айқындайтын, алқалы басқарушы және атқарушы басқару органы. 
14) онлайн платформа – онлайн курстарды тегін оқуға мүмкіндік 


беретін, ашық онлайн-білім беру порталы; 
15) сертификат – онлайн-платформасында білім алушы оқу 
нәтижелерінің бағалануын және игерілген академиялық кредиттер 
(сағат) санын растайтын құжат. Онлайн-платформадағы оқу фактісін 
және оның нәтижелерін ресми түрде ресімдейтін және растайтын оқу 
туралы анықтама, расталған сертификат немесе басқа да құжат 
сертификат бола алады. Сертификат тыңдаушыға университеттің атауы, 
білім алушының аты-жөні, курстың атауы және кредиттер көлемі 
көрсетіліп, электронды сертификаттың сілтемесі жазылып,
– Қазақстанның ашық білім беру Ұлттық платформасы (бұдан әрі –
ҚАБҰП) онлайн-платформаның оператордың, егер оқу ҚАБҰП– 
moooc.kz-те өтсе; 
– немесе, егер оқу әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің ЖАОК – 
open.kaznu.kz онлайн платформасында өтсе, ҚазҰУ-нің оқу ісі жөніндегі 
проректорының қолы мен мөрмен расталған еркін формада беріледі. 
16) blended learning, немесе аралас оқыту – білім алушының 
оқытушымен бірге дәрісханада, сонымен қатар өз бетімен онлайн білім 
алуы концепциясы. Оқытудың дәстүрлі әдістемесі мен өзекті 
технологияларды үйлестіруге мүмкіндік береді (мысалы: «төңкерілген 
сынып» технологиясы). 
1.7. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де ҚОТ келесі санаттарға жататын 
білім алушыларды оқытуда қолданылады: 
1) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім 
беру базасындағы қысқартылған білім беру бағдарламалары және MBA 
(ЕМВА) және DBA бағдарламалары бойынша білім алушыларға;
2) ерекше білім беруді қажет ететін тұлғаларға, оның ішінде 
мүгедек балаларға, бала кезінен мүгедектерге, I және II топтағы 
мүгедектерге барлық білім беру деңгейлеріндегі топтарға; 
3) жоғары және (немесе) жоғары білім беруден кейінгі білім 
бағдарламалары бойынша, білім алушылардың алмасу бағдарламалары 
бойынша 
мемлекеттен 
тыс 
жерлерге 
шыққан, 
«Болашақ» 
стипендиаттарынан бөлек білім алушыларға; 
4) ұзақ мерзімді шетелдік іссапардағы (2 айдан астам уақыт) 
жоғары білім берудің білім беру бағдарламалары бойынша білім 
алушыларға; 
5) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары 
бойынша академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша білім 
алушыларға; 
6) шетелдік жоғары оқу орындарымен бірлесе жүзеге асырылатын 
бағдарламалар бойынша білім алушыларға; 
7) жекелеген пәндер бойынша blended learning (аралас оқыту) 
форматында ЖАОК пайдалана отырып, күндізгі бөлімдегі білім 
алушыларға; 
8) қосымша білім беру бағдарламалары бойынша blended learning 
(аралас оқыту) форматында ЖАОК пайдалана отырып, сыртқы 


тыңдаушыларға; 
9) мекемелердегі тиісті техникалық жағдайлары бар минималды 
қауіпсіздік мекемелерінде жазасын өтеп жатқан сотталғандарға 
қатысты. 
1.8. ҚОТ формальды емес, қосымша білім беру, қайта даярлау және 
біліктілікті арттыру, оның ішінде шет тілдерінде біліктілікті арттыруда 
пайдаланылады. 
1.9. Жоғарыда көрсетілген жағдайларда білім алушылар мен пәндердің 
оқытушылары арасындағы өзара қарым-қатынастары, ақпараттық-
коммуникациялық технологияларды қолдану арқылы іске асады. 
1.10. Университеттің Академиялық комитетінің және факультеттің Ғылыми 
кеңесінің шешімі негізінде күндізгі бөлім студенттеріне жекелеген 
пәндерді, оның ішінде ЖБП блогындағы пәндерді жаппай ашық онлайн-
курстар форматында оқытуға болады. Жаппай ашық онлайн курстар 
форматында оқытылатын пәндер бойынша кредиттерді есепке алуды 
шығарушы кафедра жүзеге асырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет