Қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер


кредиттен аспауы және EMBA және DBA бағдарламаларына сәйкес  барлық оқу кезеңінде пәндерді оқудың жалпы көлемі 15 академиялық



Pdf көрінісі
бет4/11
Дата27.02.2023
өлшемі260,51 Kb.
#70299
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Қашықтықтан оқытудың қағидалары

кредиттен аспауы және EMBA және DBA бағдарламаларына сәйкес 
барлық оқу кезеңінде пәндерді оқудың жалпы көлемі 15 академиялық 
кредиттен көп болмауы керек. 
2.7. Академиялық ұтқырлық бағдарламасы, қос диплом және студенттермен 
алмасу бағдарламалары бойынша, білім алушарға ҚОТ қолданып оқу 
процесін ұйымдастыру (1.10 тармақтың 3,4.5.6 тармақшасында) әл-
Фараби ҚазҰУ Студенттер кеңсесі шығаратын шетелдік іссапар туралы 
бұйрықтың және қашықтықтан оқытылатын пәндер көрсетілген білім 
алушының жеке оқу жоспары негізінде жүзеге асырылады. Шетелдік 
іссапар туралы бұйрықтың шыққанынан кейін білім алушылар 
жоспарланған қашықтықтан оқитын пәндерден бас тарта алмайды. 
2.8. ҚОТ қолдану кезінде академиялық ұтқырлық бағдарламалары, жоғары 
және жоғары оқудан кейінгі білім беру бағдарламалар бойынша білім 
алушыларға барлық оқу кезеңінде пәндерді оқу барысында жалпы 
көлемі 60 академиялық кредиттен аспауы керек. 
2.9. Қос дипломдық бағдарламалар және алмасу бағдарламалары бойынша 
білім алушыларға ҚОТ бойынша оқуды іске асыру кезінде, жоғары білім 
беру бағдарламалары бойынша білім алушылар үшін, пәндерін оқыту 
кезінде жалпы көлемі 120 академиялық кредиттен аспауы
магистратураның 
білім 
бағдарламаларында 
60 
академиялық 
кредиттен аспауы керек. 
2.10. 1.10 тармақтың 7 тармақшасында көрсетілген білім алушыларға ҚОТ 
бойынша оқу үрдісінің ұйымдастырылуы университеттің Академиялық 
комитетінің және факультеттің Ғылыми кеңесінің шешіміне сәйкес 
шығаратын оқу ісі жөніндегі проректордың өкімі негізінде іске 
асырылады. 
2.11. Сыртқы тыңдаушыларға ҚОТ бойынша оқу үрдісінің ұйымдастырылуы 
(1.10 тармақтың 8 тармақшасында) Оқу үдерісін жоспарлау және қолдау 
көрсету басқармасы шығаратын қосымша оқытуға қабылдау туралы 
бұйрық және білім алушылардың жеке кестесі негізінде жүзеге 
асырылады. 
2.12. 1.10 тармақтың 9 тармақшасында көрсетілген білім алушыларға ҚОТ 
бойынша оқу үрдісінің ұйымдастырылуы, университет ректорының 
бұйрығы мен тиісті уәкілетті мемлекеттік органдардың тапсырысы 
бойынша, Оқу үдерісін жоспарлау және қолдау көрсету басқармасы 
шығаратын, қосымша оқытуға қабылдау туралы бұйрық пен білім 
алушылардың жеке кестесі негізінде жүзеге асырылады. 
2.13. ЖАОК 
форматында 
ҚОТ 
қолдана 
отырып 
сыртқы 


тыңдаушылардың/қарыз сабағын өтеушілердің/«Incomplete» бағасы бар 
білім алушылардың оқуға тіркелуі Оқу үдерісін жоспарлау және қолдау 
көрсету басқармасы шығаратын бұйрық негізінде жүзеге асырылады. 
2.14. ҚОТ қолданатын университеттің білім алушысы: 
1) университеттің 
білім беру порталдарында жүктелген
пәндерінің оқу-әдістемелік кешендерінің (бұдан әрі - ПОӘК) және СБР 
көмегімен оқу курстарын өз бетінше оқиды; 
2) бекітілген кестеге сәйкес on-line және (немесе) off-line 
режимінде қашықтықтан оқыту сабақтарына қатысады; 
3) университеттің академиялық күнтізбесіне сәйкес бақылаудың 
барлық түрлерінен (ағымдық, аралық) өтеді. 
2.15. «Оn-line» режиміндегі оқу сабақтары, цифрлық технологияларды 
(Zoom, Microsoft Teams, Google Classroom ж.т.б. сияқты әртүрлі 
бағдарламалық құралдарды пайдалана отырып, Интернет желісі 
бойынша хабар алмасу арқылы бейне дәрістер, вебинарлар, 
бейнеконференциялар өткізу) қолдана отырып оқу үрдісін нақты уақыт 
режимінде өзара әрекеттесу арқылы жүзеге асады. 
2.16. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да ҚОТ қолданатын білім алушылардың 
оқу жетістіктерін тексеру үшін нақты уақыт режимінде (BigBlueButton 
немесе Skype интерактивті элементтерін пайдаланып) білімді 
бақылаудың келесі түрлері: аралық бақылау 1, Midterm Examination, 
аралық бақылау 2 бойынша бейнеконференциялар өткізу міндеттеледі. 
2.17. «Оff-line» режиміндегі оқу сабақтары, оқытушы мен білім алушының 
бір уақытта байланысатын оқудың өзара әрекеттесу үрдісін 
қарастырады (электрондық пошта, кезекті аралық бақылау және 
(немесе) қорытынды бақылау тапсырумен өтетін оқытушының 
тапсырмасы бойынша білім алуышының жұмысы). 
2.18. ҚОТ қолданатын білім алушылардың ағымдағы бақылау бойынша 
үлгерімі және аралық аттестациясы Университеттің Академиялық 
саясатына, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың білім алушыларының оқу 
жетістіктерін бақылаудың түрлері мен формалары туралы ережеге, 
қорытынды бақылауды өткізу ережесіне (емтихан сессиясы) сәйкес 
жүзеге асырылады. 
2.19. Онлайн режимде білім алушылардың ағымдағы үлгерімін бақылауды 
және аралық аттестацияны өткізу үшін ҚазҰУ-дың ЖББТИ білім 
алушыны анықтауға, білім алушының экраны мен іс-әрекеттерін 
бақылауға, сонымен қатар емтиханның барлығын бейнеге жазуға 
мүмкіндік беретін онлайн прокторинг технологияларын пайдаланумен 
қамтамасыз етеді. 
2.20. Білім алушылардың ағымдағы, қорытынды үлгерімін бақылауды және 
аралық аттестацияны өткізу үшін оқытушы бақылаудың форматын 
таңдай алады, оның нәтижесі студенттің жазбаша жұмысының бір түрі 
болады. Оқытушы орындалған тапсырманы университеттің плагиатқа 
қарсы жүйесі арқылы тексеруге міндетті. Тексеріс есебі студентке қол 
жетімді болуы керек. 


2.21. Онлайн прокторинг жүйесі болмаған жағдайда ҚОТ қолданатын білім 
алушылар Қорытынды бақылауды (емтихан сессиясын) өткізу 
ережелеріне сәйкес дәстүрлі түрде пәндер бойынша қорытынды 
емтихандарды тапсырады. 
2.22. Факультеттің Оқу кеңесі оқуға және қайта есептеуге ұсынған blended 
learning аралас оқу және ЖАОК қоспағанда, жалпы орта білім беру 
бағдарламалары негізінде ҚОТ қолдануға рұқсат етілмейді.
2.23. Академиялық ұтқырлық бағдарламалары бойынша оқитын жалпы орта 
білім беру бағдарламасы негізіндегі білім алушылар үшін шетелдік білім 
беру ұйымында болу мерзімінде ҚОТ қолдана отырып оқуға рұқсат 
беріледі. 
2.24. Білім 
беру саласындағы халықаралық шарттар (келісімдер) 
шеңберіндегі академиялық ұтқырлық бағдарламалары бойынша ҚОТ 
қолдана отырып оқытуды ұйымдастыру және рұқсат ету тәртібін 
бітіруші кафедра университеттің Академиялық комитетімен келісе 
отырып анықтайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет