Қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер


 ҚазҰУ-де ҚОТ қолдану арқылы аралас оқыту формаларының оқу



Pdf көрінісі
бет7/11
Дата27.02.2023
өлшемі260,51 Kb.
#70299
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
5. ҚазҰУ-де ҚОТ қолдану арқылы аралас оқыту формаларының оқу 
процесін ұйымдастыру 
 
5.1. Аралас оқыту (blended learning) форматындағы оқу процесін 
ұйымдастыру оқытушы мен білім алушылардың дәрісханадағы оқу 
қарым-қатынастың дәстүрлі формаларын сақтай отырып, жекелеген 
қашықтықтан оқыту технологияларын қолданып жүзеге асырылады. 
5.2. Аралас оқыту форматындағы теориялық оқыту кезеңінде пәндерді оқыту 
"төңкерілген сынып" технологиясы бойынша жүзеге асырылады: 
оқытушылардың дәрісханаларда беретін дәрістері арқылы және ҚББС 
MOODLE электронды қашықтықтан оқыту жүйесі арқылы (dl.kaznu.kz). 
Бұл жүйеде білім алушы барлық оқу материалдарымен қамтамасыз 
етіледі (дәріс конспектілері, бейне лекциялар, презентациялар), 
тапсырмалар (тесттер, жазбаша тапсырмалар, ұжымдық талқылау). 
5.3. Аралас оқытуды жүзеге асыру кезінде оқу процесіне университеттің 
білім беру платформаларының немесе жақын және алыс шетелдердің 
білім беру платформаларының жаппай ашық онлайн курстарының 
материалдарын енгізуге жол беріледі.
5.4. Аралас оқытуды жүзеге асыру үшін оқу процесінде пайдалануға 
ұсынылатын онлайн-курстардың тізбесі жыл сайын факультеттің 
әдістемелік бюросы төрағасының басшылығымен факультетте 
жасалынады және факультеттердің ғылыми кеңестерімен ағымдағы 
күнтізбелік жылдың 30 мамырынан кешіктірмей бекітіледі. 
5.5. Білім алушының оқытушымен өзіндік жұмысы (СӨЖ, МӨЖ, ДӨЖ) 
бекітілген кестеге сәйкес білім беру бағдарламасының оқу жоспарында 
қарастырылған көлемде ҚОТ қолдана отырып жүргізіледі. 
5.6. Аралас оқыту форматындағы оқу процесін іске асыру кезінде 
оқытушының білім алушылармен дәрісханадағы жұмысының көлемі пән 
бойынша білім алушылардың оқу жүктемесінің жалпы көлемінің 40% - 
нан кем болмауы тиіс. 
5.7. Аралас оқыту форматында іске асырылатын пәндердің оқу-әдістемелік 
кешендері білім алушылардың сандық білім беру ресурстарымен өзіндік 
жұмысын ұйымдастыру бойынша толық нұсқаулықтарды қамтуы тиіс. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет